«Жалпы медицина» факультетінің курс студенттеріне арналған фармакология пәнінен модуль бойынша сұрақтар


стероидты емес қабынуға қарсы препарат ( ибупрофен, Диклофенак, индометацин)



бет5/8
Дата09.10.2024
өлшемі32,47 Kb.
#147376
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
фарм жауаптары Патология негізі циклі

стероидты емес қабынуға қарсы препарат ( ибупрофен, Диклофенак, индометацин)
31. Науқас дәрігерге асқазанның жара ауруының асқынуына шағымданып келді. Эпигастрий аймағындағы ауырсыну, жүрек айну, қара нәжіс (мелена), әлсіздік пайда болды. Анамнезінен науқас екі апта бойына қызу және бас ауырумен жүретін салқын тиіп ауруына байланысты препарат қабылдағаны анықталды. Науқас қандай препарат қабылдады...Ацетил салицил қышқылы ( аспирин)
32. Индолсірке қышқылының туындысы, күшті стероидты емес қабынуға қарсы препарат. Ревмакардитті, арнайы емес инфекциялық полиартритті, тромбофлебитті және де басқа қабынумен бірге жүретін ауруларды емдеуге қолданылады. Асқазанның және он екі елі ішектің жара ауруларында, жүктілікте, бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды. Оны қолданғанда бас айналуы мүмкін, осыны науқасқа ескерту керек. Кейде галлюцинация, депрессия сияқты психикалық бұзылыстар байқалады. Бұл жағдайды көлік жүргізушілеріне және станокт а жұмыс істейтін адамдарда препаратты қолдану кезінде ескеру керек. Препаратты анықтаңыз...индометацин
33. Фенилпропион қышқылының туындысы. Қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызу түсіретін әсерлері бар. Қабынуға қарсы әсері бойынша бутадионға жақын. Ревматоидты артриттің буындық және буыннан тыс түрлерін емдеуге қолданады. Препаратты анықтаңыз...ибупрофен
34. ЦОГ-2 таңдамалы тежегіші. Қабынуға қарсы және анальгетикалық әсерлері бар. Қабынуға қарсы әсерінің механизмі гемостазға әсер етпей бос оттектік радикалдардың түзілуін тежеумен байланысты. Остеоартритте, буыннан тыс ревматикалық ауруларда, ауырсыну мен қабыну процесстерінде қолданылады. Препараттың аз мөлшерінде де асқазан-ішек жолдарына айқын теріс әсер етеді. Препаратты анықтаңыз... Нимесулид
35. Фенилсірке қышқылының туындысы. Айқын қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызу түсіретін әсерлері бар, тромбоциттердің агрегациясын тежейді. Препарат ревматоидты артритте, остеоартрозда тиімді. Басқа стероидты емес қабынуға қарсы дәрілермен салыстырғанда науқас жақсы көтереді. Дәрінің көп мөлшерін қабылдағанда бас ауруы, мұрыннан қан кету, микрогематурия, аллергиялық бөртпелер байқалады. Препаратты анықтаңыз...

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет