димедрол 23. Көктемгі кезеңде аллергиялық риитпен ауыратын 30 жастағы ер адам, мамандығы көлік жүргізушісі дәрігерге қаралуға келді. Дәрігер науқасқа шамалы седативті әсері бар және әсер ету ұзақтығы 24 сағат антигистаминдік препарат тағайындады. Науқасқа қандай препарат тағайындалды...Лоратидин 24. Аллергиялық дерматитпен ауыратын әйел апта бойы аллергияға қарсы препарат қабылдады. Осыдан кейін науқаста ұйқышылдық дамыды. Препаратты көрсетіңіз... Димедрол 25. Аллергиялық дерматитпен ауыратын әйелге ОЖЖ-не тежегіш әсері жоқ антигистаминдік препараттардың ІІ-ші ұрпағынан препарат тағайындалды. Препаратты көрсетіңіз... Диазолин 26. Ұйқысыздықпен ауыратын 35 жастағы науқастағы аллергиялық сипаттағы бөртпелер мен қышыманы емдеуге антигистаминдік және ұйықтататн әсерлері бар препарат тағайындалды. Препаратты анықтаңыз... Димедрол 27. І-ші ұрпақтағы Н1-гистамин рецепторының тежегіші. Есекжем, шөптік қызба, вазомоторлық мұрыннан су ағу, қышымалы дерматит, аллергиялық конъюктивитте қолданылады. Тыныс демікпесінде тиімсіз. Седативті және ұйықтататын әсерлеріне қарай көлік жүргізушілерге, жылдам психикалық және қозғалыс реакцияларын қажет ететін мамандық иелеріне тағайындауға болмайды. Ганглиоблокаторлық әсер етеді, осыған орай артериялық қысымды төмендетеді. Препаратты анықтаңыз... Димедрол 28. Мес клеткаларының тұрақтандыратын дәрі. Тыныс демікпесінің алдын алуға және кешенді емдеуге қолданылатын арнайы препарат. Қалта ингаляторы спинхайлер көмегімен ингаляция жасауға капсуладағы ұнтақ түрінде тағайындайды. Препаратты анықтаңыз...Кромалин натрий 29. Адреномиметик. Анафилактикалық шокта, тыныс демікпесінің ұстамасын жоюға, дәрілерді қолданғанда болатын аллергиялық реакцияларда қолданылады. Гипертензияда, қант диабетінде, айқын атеросклерозда қолдануға болмайды. Препаратты анықтаңыз... Адреналин 30. Инфекциялық полиартритпен ауыратын науқас ұзақ уақыт қабынуға қарсы дәрі қабылдады. Біршама уақыттан кейін науқаста бетінің ісінуі байқалып,дәрігерге қаралды. Несепте белок пен эритроциттер анықталды. Науқас қандай препарат қабылдады...