«Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттеріне «Биологиялық химия» пәні бойынша емтихан сұрақтары 2022-2023 оқу жылы



Дата04.02.2023
өлшемі230,5 Kb.
#65120
Байланысты:
ОМ БХ ЭКЗ 2022-2023 каз перечень вопросов


«Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттеріне «Биологиялық химия» пәні бойынша емтихан сұрақтары
2022-2023 оқу жылы
1. Жасушаның және біртұтас организмнің тыныс алуы мына күрделі ақуыздар қатысында жүреді:
2. Күрделі ақуыздың ақуыз емес компоненті:
3. Ақуыздардың нативтік конформациясының өзгермей сақталуын қамтамасыз ететін арнайы ақуыздарды көрсетіңдер:
4. Гомеостаздың бұзылыстары кезінде жасушаішілік ақуыздардың құрылымы мен қызметінің өзгермей сақталуын қамтамасыз ететін құрылымдар:
5. Ақуыз молекуласында полярлы зарядталмаған радикалды аминқышқылдар арасында пайда болатын байланыстарды көрсетіңдер:
6. Күрделі ақуыздың ең кіші суббірлігі болып табылады:
7. Тұқым қуалау аппаратында ақуыздардың мына құрылымы туралы ақпарат жазылған:
8. Ақуыз ерітіндісін сілтілендіргенде анион топтарының иондану дәрежесі:
9. Ақуыз ерітіндісін қышқылдандырғанда катион топтарының иондану дәрежесі:
10. Ферменттің белсенді орталығымен әрекеттесетін лиганд:
11. Ферменттің белсенді орталығына дұрыс анықтаманы беріңіз:
12. Оксидоредуктазалар класына жатады:
13. Протеазалар мына класқа жатады:
14. Протеолиздік ферменттердің субстраты болып табылады:
15. Егер ортаның рН-ы ақуыздың изоэлектрлік нүктесіне сәйкес келсе, онда ақуыз молекулалары былайша сипатталады:
16. Субстраттың ферменттің белсенді орталығымен байланысы мына принцип бойынша жүзеге асырылады:
17. Атомдардың немесе атомдар топтарының молекулаішілік тасымалдану реакцияларын катализдейтін фермент:
18. Миокард инфарктін бастан өткерген науқастың қанында ЛДГ (лактатдегидрогеназаның) мына изоформалары жоғарылайды:
19. Ферменттің ақуыздық бөлігімен берік байланысқан ақуыз емес құрылымдық бөлігінің атауы:
20. Пепсиннің белсенді емес түрінің оның молекулалық массасының төмендеуі арқылы белсенді түрге айналу үдерісін атаңдар:
21. Ферменттің ақуыздық бөлігінің атауы:
22. Кофермент және ферментативтік белсенділігі бар ферменттің атауы:
23. Пируваткарбоксилаза ферменті мына класқа жатады:
24. Жүрек ауруларының диагностикасында қолданылатын фермент:
25. Киназалар мына реакцияны катализдейді:
26. FAD-қа тәуелді оксиредуктазаар құрамына кіретін витамин:
27. Бәсекеге қабілетті ингибитор табиғатының фермент үшін мына қосылыстың құрылымдық аналогы болуында:
28. Көбінесе диагностикалық мақсатта ферменттердің белсенділігін анықтау үшін қолданылатын биологиялық сұйықтық:
29. NAD+ коферменті қатысатын реакция түрін атаңыз:
30. Катализге тікелей қатысуды қамтамасыз ететін ферменттің бөлігін табыңыз:
31. Субстраттардың биологиялық тотығу ферменттеріне мыналар жатады:
32. Ферменттің субстратпен әрекеттесетін бөлігінің атауы:
33. Бәсекелес емес ингбиторлар фермент молекуласымен мынадай байланыс түзу нәтижесінде ферменттік белсенділікті төмендетеді:
34. Энзимодиагностикада бауыр паренхимасы зақымданған науқаста анықталатын фермент деңгейі:
35. Ферментке тән қасиет:
36. Ферменттің аллостериялық орталығы бұл:
37. Фермент ингибиторлары болып табылатын заттар:
38. В2 витамині мына коферменттің құрамдас бөлігі болып табылады:
39. С витамині қатысатын биохимиялық үдерістер:
40. Тиамин витаминінің коферменттік формасын көрсетіңдер:
41. В1 витаминінің жетіспеушілігінен туындайды:
42. Құрылысының негізі изоаллоксазин сақинасынан тұратын витаминді көрсетіңдер:
43. Пиримидиндік сақинасында электрондар мен протондарды қабылдауға және беруге қабілетті, коферменттік қызмет атқаратын витаминді көрсетіңдер:
44. Майда еритін витаминдерге жатады:
45. РР витаминінің туындысы мына ферменттердің кофакторы:
46. Рибофлавин витаминінің туындысы қатысатын биохимиялық үдерістерді атаңдар:
47. В6 витаминінің коферментін көрсетіңдер:
48. Құрылысының негізі пиридин сақинасы болып табылатын витаминді атаңдар:
49. Изоаллоксазин сақинасында электрондар мен протондарды қабылдауға және беруге қабілетті, коферменттік қызмет атқаратын витаминді көрсетіңдер:
50. Аминотрансферазалар құрамына кіретін витаминнің белсенді түрін атаңдар:
51. Родопсин құрамына кіретін витаминді атаңдар:
52. Витаминдердің туындылары атқаратын қызмет:
53. Витаминдердің ағзада кофактор ретінде қызметін атаңдар:
54. РР витаминінің туындысы қатысатын биохимиялық үдерістерді көрсетіңдер:
55. Жетіспеушілігі қырқұлақ ауруына әкелетін витаминді атаңдар:
56. Дегидрогеназалар құрамына кіретін витаминнің белсенді түрін атаңдар:
57. Карбоксилазалар құрамына кіретін витаминді атаңдар:
58. Қанықпаған жоғары майлы қышқылдар кешенінің атауы ... витамині:
59. Д витамині түзілетін зат:
60. Ағзада биотин витаминінің туындысы қатысатын химиялық реакциялар:
61. Химиялық құрылысы бойынша А витамині мына қосылыс болып табылады:
62. Суда еритін витаминдерге жатады:
63. Декарбоксилазалар ферментінің құрамына кіретін витаминнің белсенді түрін атаңдар:
64. Ағзада фолий қышқылының жетіспеушілігінен туындайды:
65. Тиамин витаминінің тууындысы қатысатын биохимиялық үдерістерді көрсетіңдер:
66. Темірдің тотықсыздануына қатысатын және оның ішекте сіңірілуін жақсартатын витаминді атаңдар:
67. Құрылым негізі пиримидин және тиазол сақиналарынан тұратын витаминді көрсетіңдер:
68. Д витамині ағзада мына иондар мөлшерін реттейді:
69. Антиоксиданттық әсері бар витаминді атаңдар:
70. Айқын білінетін қанау негізінде мына дәруменнің жетіспеушілігі жатыр:
71. Катаболизмнің жалпы жолына түсетін субстрат:
72. Катаболизм дегеніміз:
73. Анаболизм дегеніміз:
74. Науқас дене температурасының төмендеуіне, дене салмағының артуына, әлсіздікке, ұйқышылдыққа шағымданады. Қан плазмасында тироксин мөлшері азайған. Дене температурасын реттеудегі тироксиннің биологиялық әсерін атаңдар:
75. Моносахаридтер катаболизмі жеке жолының өнімін көрсетіңіз:
76. Катаболизмнің жалпы жолына жататын сатыларды көрсетіңіз:
77. Төменде көрсетілген үдерістердің қайсысы катаболизмнің жалпы жолдарына жатады:
78. Ақуыздар, липидтер, көмірсулар алмасуының ортақ аралық метаболитін көрсетіңіз:
79. Субстраттық фосфорлану – бұл мына реакция:
80. Төменде көрсетілген заттардың қайсысы макроэргтерге жататындары:
81. Энергияға ең бай макроэргиялық қосылысты көрсетіңіз:
82. Тыныс алу тізбегінде электрондардың біріншілік акцепторы:
83. Электрондардың оттекке тасымалдануын жүзеге асыратын ферменттер:
84. Тыныс алу тізбегі ферменттерінің белсенді орталығына кіретін атомдар:
85. ЭТТ-де NАDН-дегидрогеназаның простетикалық тобы:
86. NADH-дегидрогеназадан электрондарды қабылдайтын кешен:
87. Құрамында b және с1 цитохромдары бар тыныс алу тізбегінің ферментін атаңыз:
88. ЭТТ-нің барлық компоненттері орналасқан орны:
89. Күрделі ақуыздардың жіктелуі бойынша цитохромдар жатқызылатын қосылыстар:
90. Электрондарды біріншілік донорлардан ЭТТ-не тасымалдауға қатысатын ферментті көрсетіңіз:
91. Тыныс алу тізбегінің ақуыз болып табылмайтын тасымалдаушысы:
92. Электрондарды убихинонға FeS орталықтары арқылы тасымалдайтын фермент:
93. Тыныс алу тізбегінің соңғы өнімі:
94. Тыныс алу тізбегінің бірінші кешені ферментінің әсер ету механизмін атаңдар:
95. Электрондар тасымалдау тізбегінде цитохромоксидазаның ерекшелігі оның құрамында мына компоненттің болуына байланысты:
96. Құрамында а және а3 цитохромдары бар тыныс алу тізбегінің ферментін атаңдар:
97. Активті орталығына темір және мыс атомдары кіретін ферментті көрсетіңдер:
98. Тыныс алу тізбегінде электрондардың соңғы акцепторы:
99. Тыныс алу тізбегі үдерістерінің дұрыс реті:
100. Цианидпен уланғанда өлімнің себебін атаңыз:
101. Иіс газымен улану кезінде белсенділігі күрт төмендейтін тыныс алу тізбегінің ферментін атаңыз:
102. Тыныс алу тізбегінде бірінші ферменттік кешеннен убихинонға электрондарды тасымалдау ингибиторы:
103. Цитохромоксидаза ингибиторы:
104. NADH- дегидрогеназа ингибиторлары:
105. Митохондрияда тотыға фосфорланудың жүретін орны:
106. Тыныс алу мен тотыға фосфорланудың қатар жүруі былайша аталады:
107. Тотыға фосфорлану Р/О коэффиценті дегеніміз:
108. ЭТТ-не протондар мен электрондар NADH-тан келіп түскенде Р/О коэффицентінің мәні:
109. ЭТТ-не протондар мен электрондар FАDН2 -ден келіп түскенде Р/О коэффицентінің мәні:
110. ЭТТ-де NADH-тан протондар мен электрондардың оттекке тасымалдануы кезінде қанша АТФ түзіледі:
111. ЭТТ-де FАDН2-ден протондар мен электрондардың оттекке тасымалдануы кезінде қанша АТФ түзіледі:
112. Тотыға фосфорлану процесінде АТФ синтездейтін фермент:
113. Ұлпалық тыныс алу мен тотыға фосфорлану ажыратылуы кезінде орын алатын үдерісті атаңдар:
114. Ұлпалық тыныс алу және тотыға фосфорланудың ажыратқыштарына жатпайтын қосылысты
115. ЭТТ ажыратқыштарды оқшаулаған соң жүретін үдерісті көрсетіңдер:
116. Электрохимиялық потенциал жойылып, АТФ синтезінің тоқтауына әкелетін процессті көрсетіңдер:
117. Тыныс алу мен фосфорланудың ажырауы кезінде орын алады:
118. АДФ концентрациясының артуы мына үдеріске әсер етеді:
119. Кребс циклының ферменттерін көрсетіңдер:
120. Берілген фрагмент: S → NAD+ → FMN(FAD) жатқызылады:
121. Микросомалық тотығу үшін сутек атомдарының донорын көрсетіңдер:
122. Егде жастағы адамда сүт ішкеннен кейін диспепсиялық бұзылулар (жүрек айну, құсу, диарея) байқалды. Ашытылған сүт өнімдерін қабылдағаннан кейін жоғарыда аталған құбылыстар орын алған жоқ. Осы патологияны тудыратын ақауы бар ферментті көрсетіңдер:
123. Пируваттың тотыға декарбоксилденуі:
124. Сукцинатдегидрогеназа кофакторы құрамындағы витамин:
125. Катаболизмнің жалпы жолының өнімі болып табылады:
126. Ұзақ уақыт майлы тағам жемеген, бірақ көмірсулар мен ақуыздарды жеткілікті мөлшерде қабылдаған адамда дерматит, жараның нашар жазылуы, көру қабілетінің нашарлауы, гонадотропты функцияның төмендеуі анықталды. Терапиялық дозада балық майын тағайындағаннан кейін аталған белгілер жойылды. Бұл қандай витамин жетіспеушілігімен байланысты болуы мүмкін:
127. Кребс циклында декарбоксилденеді:
128. Цитратты цикл белсенділігін арттыратын затты көрсетіңдер:
129. Пируваттың 1 молекуласы СО2 және Н2О-ға толық тотыққан кезде АТФ түзілетін молекуласының мөлшерін көрсетіңдер:
130. Пируваттың тотыға декарбоксилденуі қай коферменттердің қатысында жүреді:
131. Янтарь қышқылының (сукцинаттың) фумар қышқылына (фумаратқа) айналу реакциясына қатысатын коферментті көрсетіңдер:
132. ТКҚ циклінде гидратациялау реакциясы қай түрленуде көрсетілген:
133. Кребс цикліндегі субстраттық фосфорлану реакциясы қай реакциясының есебінен түзіледі:
134. Кребс циклінің анаплеротикалық реакцияларының қызметі:
135. Кребс циклі реакцияларында метаболиттердің түзілуіне сәйкес дұрыс ретін таңдаңдар:
136. ТКҚЦ –де тотықсызданатын дегидрогеназалар санын көрсетіңдер:
137. ТКҚЦ-да ацетил КоА 1 молекуласының тотығуы кезінде субстратты фосфорлану реакциясының есебінен синтезделетін АТФ молекуласының санын көрсетіңдер:
138. Метаболизмнің барлық түрлерінің (ақуыздар, липидтер, көмірсулар) аралық орталық өнімін анықтаңдар:
139. Трикарбон қышқылдарының циклінде ацетил КоА толық тотығуымен синтезделетін АТФ молекулаларының саны анықтаңдар:
140. Трикарбон қышқылдарының циклы-энергияға бай молекулалардың (көмірсулар, аминқышқылдар, майлы қышқылдар) тотығуының соңғы жалпы жолы. Ацетил-КоА ТКҚЦ бірінші реакциясына қандай қышқылмен кіретінін көрсетіңіз:
141. Жүрек аурулары кезінде тотығу процестерінің күшеюіне байланысты энергиямен қамтамасыз етуді жақсарту үшін кокарбоксилаза (тиаминпирофосфат) қолданылады. Тиаминпирофосфатпен белсендірілген метаболиттік процесті көрсетіңіз:
142. Энергетикалық алмасудың бірінші кезеңі болып табылады:
143. Трикарбон қышқылы циклында жүретін үдерісті көрсетіңдер:
144. Янтарь қышқылын тотықтыратын фермент:
145. Трикарбон қышқылы циклында тотықсызданған дегидрогеназалар тотығатын жол:
146. АТФ синтезі түзіле жүретін үдеріс:
147. Катаболизмнің жалпы жолына жататын үдерісті көрсетіңдер:
148. Анаболиттік үдерісті көрсетіңдер:
149. Катаболизмнің жеке жолына жататын үдерісті көрсетіңдер:
150. Малик ферментпен катализденетін реакцияны атаңдар:
151. Асқазан-ішек жолында көмірсуларды қорыту кезінде глюкоза-фруктоза (альфа, бета-1,2 гликозидтік байланыс) мономерлер арасындағы байланысты ыдырататын фермент:
152. Асқазан-ішек жолында көмірсуларды қорыту кезінде галактоза-глюкоза (бета-1,4 гликозидтік байланыс) мономерлер арасындағы байланысты ыдыратын фермент:
153. Асқазан-ішек жолында көмірсуларды қорыту кезінде глюкоза-глюкоза- глюкоза -...(альфа -1,4-гликозидтік байланыс) мономерлер арасындағы байланысты ыдырататын фермент:
154. Жасушалары сахараза-изомальтаза кешенін синтездейтін ұлпаны көрсетіңдер:
155. Лактаза синтезделетін жасушаны көрсетіңдер:
156. Ересектерде сүт ішкеннен кейін құсу мен диареяның даму себебі мына ферменттің жетіспеушілігінен болады:
157. Сахароза гидролизі кезінде түзілетін өнімдер:
158. Ұйқы безінің альфа-амилазасының крахмалға әсер етуінен түзілетін дисахарид:
159. Аш ішекте мальтоза гидролизденуіне қатысатын фермент:
160. Глюкоза ішектің шырышты қабатының жасушаларына мына механизм бойынша сіңіріледі:
161. Қан ағымынан глюкозаның ұлпа жасушаларына сіңірілуі мына механизм арқылы жүреді:
162. Глюкозаның қаннан бұлшықет және адипоцит жасушаларына тасымалдануы былайша жүреді:
163. Май ұлпаларының жасушаларына глюкозаның тасымалдануын күшейтетін гормон:
164. Сілекей амилазасы үшін рН оптимумын көрсетіңдер:
165. Глюкозаның инсулинге тәуелді тасымалдаушысын көрсетіңдер:
166. Аэробты гликолизде жүретін үдеріс:
167. Анаэробты гликолизде бір глюкоза молекуласынан түзілетін қосылыс:
168. Гликолиздің екінші сатысында мына жүретін үдерісті көрсетіңдер:
169. Субстраттық фосфорлану үшін қажетті субстрат:
170. Гликолиздің екінші сатысында жүретін үдеріс:
171. Глюкозаның гликолиттік тотығу реакциялары жүретін жері:
172. 3-фосфоглицераттың 1,3-бисфосфоглицераттан түзілу реакциясында АТФ синтезі мына үдеріс арқылы жүзеге асады:
173. Пируваттың фосфоенолпируваттан түзілу реакциясында АТФ синтезі мына үдеріс арқылы жүзеге асады:
174. АТФ анаэробты гликолизде тек мына үдеріс арқылы түзіледі:
175. Ми жасушалары тұтынатын энергия көзін өндіретін үдеріс:
176. Эритроциттерде АТФ синтезі мына жол арқылы мүмкін болады:
177. Глюкозаның пируватқа дейін аэробты тотығуының энергия мөлшері тең болады:
178. Пируваттың тотыға декарбоксилдену сатысында синтезделетін АТФ саны:
179. Катаболизмнің жалпы жолында пируваттың 1 молекуласына шаққанда тотығудың энергиялық тиімділігі мынадай:
180. Ұлпалардың оттекпен шектеулі қамтамасыз етілуі жағдайында орын алатын үдеріс:
181. Анаэробты гликолизде 1 моль глюкозаға шаққанда түзілетін АТФ саны:
182. Қан плазмасы рН мәнінің төмендеу себептерінің бірі ......... белсенділігінің жеткіліксіздігінен болады:
183. Аэробты гликолизде АТФ түзілуі мына үдеріс жүзеге асқанда жүреді:
184. Бірқатар патологиялық күйлерде ұлпалардың оттекпен қанығуы бұзылады, бұл кезде дамуы мүмкін жағдай:
185. Гликолиз жылдамдығының реттелуі мына қатынаспен анықталады:
186. Гликолиздің белсенділігін реттейтін қосылыс:
187. Фосфофруктокиназа ингибиторы болып табылады:
188. Көптеген ұлпаларда гексокиназа ингибиторы болып табылады:
189. Бұлшықет жұмысының алғашқы минуттарында глюкозаның тотығу жолы былайша жүреді:
190. Ұзақ дене еңбегі кезінде бұлшықеттерде АТФ синтезі мына үдеріс есебінен жүреді:
191. Гликолиз жылдамдығының реттелуі мына қосылыстың жинақталуымен анықталады:
192. Жасушаның энергетикалық статусы мына қатынаспен сипатталады:
193. Гликолизде субстраттық фосфорлану реакциясы үшін субстрат болып табылатын қосылыс:
194. Гликолиздің екінші сатысының реакциялары мына энергиялық өнімнің түзілуімен байланысты болып табылады:
195. Эритроциттерде пентозофосфаттық жолдың негізгі қызметін атаңдар:
196. Пентозофосфаттық жолдың маңызы – мына қосылыстардың көзі болып табылуында:
197. Пентозофосфаттық жолда NADPН2 мына ферменттер әсерінен түзіледі:
198. Бір мезгілде рибоза мен NADPН2 түзілуін қамтамасыз ететін үдерісті атаңдар:
199. NADPН2 коферменті тотықсыздану реакцияларында мына заттар синтезі үшін сутек доноры болып табылады:
200. Глюкозаның пентозофосфаттық өзгеру жолының тотыға жүретін сатысында түзілетін өнімді атаңдар:
201. Глюкозаның пентозофосфаттық өзгеру жолының тотықпай жүретін сатысында түзілетін өнімді атаңдар:
202. Пентозофосфаттық циклде түзілетін пентозалар мына заттар синтезі үшін қолданылады:
203. Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа коферментін көрсетіңдер:
204. 6-фосфоглюконатдегидрогеназа коферментін көрсетіңдер:
205. Глюкозаның пентозофосфаттық өзгеру жолының нуклеин қышқылдары синтезі үшін қажет өнімін атаңдар:
206. Пентозофосфаттық циклдың глюкоза синтезі үшін қажет өнімін атаңдар:
207. NADP тотықсыздануы мына реакция қатысында жүреді:
208. Глюкозаның пентозофосфаттық өзгеру жолының тотыға жүретін сатысында рибулозо-5-
209. Пентозофосфаттық өзгеру жолының реттеуші ферментін атаңдар:
210. Пентозофосфаттық цикл үшін субстрат болып табылатын затты көрсетіңдер:
211. Седогептулозо-7-фосфат пен глицеральдегид-3-фосфаттан эритрозо-4-фосфат пен фруктозо-6-фосфаттың түзілу реакциясы:
212. Рибулозо-5-фосфаттың рибозо-5-фосфатқа өзгеруін катализдейтін фермент:
213. Ксилулозо-5-фосфат пен рибозо-5- фосфаттан седогептулозо-7-фосфат пен глицеральдегид-3-фосфат түзілу реакциясы:
214. Глюконеогенездің біріншілік субстраттарын атаңдар:
215. Бұлшықет нәруыздары ыдырауы нәтижесінде түзілетін глюконеогенез субстраты:
216. Глюконеогенездің биотинге тәуелді ферменті:
217. Оксалоацетат→фосфоенолпируват реакциянсын катализдейтін фермент:
218. Қарқынды бұлшықет жұмысында бұлшықетте жинақталатын метаболитті көрсетіңдер (бұлшықет гипоксиясы):
219. Қарқынды бұлшықет жұмысы кезінде анаэробты гликолиз нәтижесінде қан айналымы жеткіліксіздігі есебінен бұлшықеттерде сүт қышқылы жиналады. Лактаттың кейін түсетін метаболиттік жолын атаңдар:
220. Глюконеогенездің қайтымсыз реакциясын көрсетіңдер:
221. Глюконеогенездің арнайы ферменттік реакциясы мына өзгеріс болып табылады:
222. Глюконеогенездің қарқындылығын арттыратын гормон:
223. Глюконеогенез процесінің дұрыс тұжырымын таңдаңдар:
224. Глюкозолактат циклы мен глюконеогенезді байланыстыратын үдерістер:
225. Глюконеогенез жолында оксалоацетат мына субстратқа айналады:
226. Фосфофруктокиназаның аллостериялық активаторы:
227. Фруктозо-1,6 бисфосфатазаның аллостериялық ингибиторы:
228. Пируваткиназаның белсенді күйге ауысуы мына гормон және фермент арқылы өтеді:
229. Пируваткарбоксилазаның аллостериялық активаторы:
230. Миоцит цитоплазмасында глюкоза тотығуының көпшілік метаболиттері еріген күйде кездеседі. Оның ішінде лактатқа айнала алатынын көрсетіңдер:
231. Глицеролкиназа катализденетін реакцияны көрсетіңдер:
232. Фруктозо-2,6-бисфосфат түзілуі үшін қажет энергия түрі:
233. Глюконеогенездің митохондриялық кезеңінің субстратын атаңдар:
234. Глюконеогенез жолында малатқа айналатын субстрат:
235. Гликоген синтезін күшейтетін гормон:
236. Гликогенсинтаза және гликогенфосфорилазаның модификациялану әдісін атаңдар:
237. Гликогеннен глюкозо-1-фосфаттың түзілуіне қатысатын ферментті таңдаңыз:
238. Бұлшықет гликогені қандағы глюкозаның деңгейін сақтауға қатыспайды, өйткені бұлшықетте мына фермент болмайды:
239. Гликоген мобилизациясы глюкагонмен мына жол арқылы күшейтіледі:
240. Гликоген алмасуының реттеуші ферменттері болып табылады:
241. Бауырдағы гликоген мобилизациясының биологиялық маңызын көрсетіңдер:
242. Гликогенсинтазаның белсендірілуіне қатысатын фермент:
243. Бауырда гликоген ыдрауының соңғы өнімін көрсетіңдер:
244. Бауырдың мүшеталғамды ферментін көрсетіңдер:
245. Бауырда гликоген мобилизациясын күшейтетін гормон:
246. Глюкозо-6-фосфат → Глюкозо-1-фосфат реакциясына қатысатын фермент:
247. альфа-1,6-гликозидті байланыстың түзілуін катализдейтін ферментті атаңдар:
248. Гликогенфосфорилазаны белсенділендіретін гормон:
249. Гликоген синтезінде УДФ-глюкозаның түзілуін катализдейтін ферментті көрсетіңдер:
250. Бұлшықеттердегі гликоген ыдырауының соңғы өнімін көрсетіңдер:
251. Гликогеннің ағзадағы биологиялық маңызы:
252. Гликоген молекуласының тізбекті бөлігіндегі байланыстарды көрсетіңдер:
253. Гликоген синтезіне қатысатын ферменттер:
254. Фруктозурия (өте сирек кездеседі) мына ферменттің жетіспеушілігінен болады:
255. Фруктокиназа ферментінің генетикалық ақауының салдары:
256. Галактозо-1-фосфатуридилтрансфераза (ГАЛТ) жетіспеушілігінің себебінен пайда болады:
257. Туа біткен фруктозаны көтереалмаушылық мына фермент белсенділігінің жеткіліксіздігіне байланысты:
258. Қан сарысуындағы глюкозаның қалыпты деңгейі:
259. Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшерден артық жоғарылауы:
260. Гипергликемияны тудыратын гормонды таңдаңдар:
261. Гипогликемияны тудыратын гормонды таңдаңдар:
262. Қандай гормонның жеткіліксіз секрециясы диабеттік гипергликемияның дамуына әкелуі мүмкін:
263. Глюкозаға толеранттылық сынағы арқылы анықталатын бұзылыс:
264. Лактоза қорытылуының бұзылуына әкелетін ақауы бар ферментті көрсетіңдер:
265. Сәби балада сүтті тағаммен қоректендіргеннен кейін метеоризм, диарея, ішектің ауруы байқалады. Түзілуі жеткіліксіз ферментті көрсетіңдер:
266. Бұл фермент синтезінің бұзылуы жаңа туған нәрестеде диарея, құсу, кейін көзіне ақ түсуге (катаракта) әкеледі, осы ферментті атаңдар:
267. Ұзақ уақыт ашыққанда гипогликемияға ең сезімтал мүшені көрсетіңдер:
268. Инсулин деңгейінің төмендеуінен, жасушаларға глюкозаның келіп түсуінің бұзылуынан болатын гипергликемияда жасушаларда белсенді жүретін үдеріс:
269. Гликогенозда туа біткен жетіспеушілігі гипогликемияға әкелетінферментті көрсетіңдер:
270. «Глюкозо-6-фосфатазаның жоқ болуымен», гипогликемия және гепатомегалиямен сипатталатын гендердің нүктелік мутациясы патологиясының түрін анықтаңдар:
271. Науқас баланың «Ақыл-есі дамуының тежелуі, бауырының үлкеюі және көру қабілетінің бұзылуымен» сипатталатын, дәрігер бұл белгілерді бала организмінде галактоза-1-фосфатуридил трансферазасының жетіспеушілігімен байланыстырады, патологиясының түрін анықтаңдар:
272. Қосымша тамақтандыруға ауысқаннан кейін нәрестеде диспепсия, диарея, метеоризм пайда болды. Бұл патологияның биохимиялық негізі мына фермент ақауынан болып отыр:
273. Ақауы Гирке ауруына (гликогеноздар түрінің бірі) себеп болатын ферментті көрсетіңдер:
274. Науқас баланың бауыры ұлғайған және бауыр биопсиясында гликогеннің едәуір артық екендігі анықталған, қанда глюкоза концентрациясы қалыпты мөлшерден төмен. Науқастың қанында глюкоза концентрациясының төмендеуі себебін анықтаңдар:
275. Ас қорыту кезінде қанда глюкоза концентрациясын төмендететін гормонды көрсетіңдер:
276. Мальтаза ферментінің субстратын көрсетіңдер:
277. Глюкозадан глюкозо-6-фосфаттың түзілуін катализдейтін ферментті табыңдар:
278. Фруктозо-1,6- бисфосфатты екі фосфотриозаға ыдырауын катализдейтін фермент:
279. Аланин бауырда қолданылатын үдеріс:
280. Бауырда глюкозо-6-фосфаттың түзілуін қамтамасыз ететін фермент:
281. Альдолаза ақауының себебінен дамиды:
282. Асқазан-ішек жолында көмірсуларды ыдырататын фермент класы:
283. Қанда қант деңгейін қалыпты ұстайтын бауыр ферменті:
284. Гликоген метаболизмінің бұзылуымен байланысты бірқатар тұқым қуалайтын аурулар:
285. Фруктоза-6-фосфаттың түзілуі мына фермент тапшылығымен тежеледі:
286. Галактоземия себебінен дамуы мүмкін патология:
287. Инсулин секрециясының стимуляторы:
288. Майлар гидролизінің өнімдері аш ішек қабырғалары арқылы мына түрде өтеді:
289. Аралас мицелла компоненттерін көрсетіңіз:
290. Майларды ыдырататын липазаны көрсетіңіз:
291. Майлар қорытылуының алдындағы саты:
292. Нәрестелерде сүт майлары мына ферментпен қорытылады:
293. Фосфолипаза мына ферментпен белсенділенеді:
294. Энтероциттерде майлар ресинтезі мына фермент әсерінен жүреді:
295. Липидтердің қанмен және лимфамен тасымалдануы былайша жүзеге асырылады:
296. Жетілмеген хиломикрондар синтезделетін жасуша:
297. Аралас мицелла компоненттерін көрсетіңдер:
298. Асқазан-ішек жолында майлардың панкреатиттік липазамен гидролизінің өнімін көрсетіңдер:
299. Панкреатин сөлінің липазасы үшін рН оптимал мәнін көрсетіңдер:
300. Панкреатин сөлінің липазасы үшін рН оптимал мәнін негізінен өт пен осы сөлдің мына компоненті қамтамасыз етеді. Панкреатин сөлінің компонентін анықтаңдар:
301. Пальмитин қышқылы үшін бета-тотығуда барлық айналым санын көрсетіңдер:
302. Стеарин қышқылы үшін бета-тотығуда барлық айналым санын көрсетіңдер:
303. Жоғары майлы қышқылдар ішек қабырғалары арқылы мына түрде өтеді:
304. Триацилглицероллипаза ферменті мына гормондармен белсенділенеді:
305. Панкреатин липазасының субстраты болып табылады:
306. Гормон сезімтал ТАГ- липаза субстраты:
307. Аш ішек сілемейлі қабығының жасушаларында ТАГ ресинтезіне қатысатын заттар:
308. Панкреатин липазасының әсері үшін қажет жағдайларды көрсетіңдер:
309. Майлар ресинтезінен кейін жүретін үдерісті көрсетіңдер:
310. Панкреатин липазасы майларда анағұрлым жылдам мына жағдайлардағы күрделі эфирлік байланыстарды ыдыратады:
311. Өттің ішек қуысына жеткіліксіз келіп түсуінен мына жылдамдық төмендейді:
312. Жүйке жүйесінің жасушалары мембаналарының негізгі құрылымдық компоненттері:
313. Өт қышқылдары мен стероидты гормондар түзілетін зат:
314. Эйкозаноидтар синтезі үшін субстрат болып табылады:
315. Эссенциалды майлы қышқылдарға жататын майлы қышқылдарды табыңдар:
316. Табиғаты липид тағамның ауыстырылмайтын факторларын атаңдар:
317. Хиломикрондар құрамындағы майларды гидролиздейтін ферментті атаңдар:
318. Пальмитин қышқылының толық бета-тотығуы кезінде түзілетін АТФ саны:
319. Апопротеиндермен қамтамасыз етуші болып табылады:
320. Жасушалардан холестериннің артық мөлшерінің шығарылуын жүзеге асырады:
321. Қанда ТТЛП-ді түзетін липопротеин :
322. Қанда хиломикрондар мен ТӨТЛП мөлшерінің жоғарылау себебі мына ферменттің
323. Майлы қышқылдар синтезі үшін субстрат:
324. Ацетил-КоА- карбоксилаза мына зат синтезінің реттеуші ферменті:
325. Майлардың жұмсалуы негізінен мына гормондар әсерінен күшейеді:
326. Инсулин әсерінен майлы қышқылдардың бета-тотығуы:
327. Кетонды денелер синтезі үшін субстрат:
328. Кетонды денелер синтезін реттейтін фермент:
329. Ашыққанда, қант диабетінде, ұзақ уақыт дене жұмысын атқарғанда, майлы, бірақ көмірсу мөлшері төмен тағаммен қоректенгенде мына заттардың синтезі жоғарылайды:
330. Ашыққанда, ұзақ уақыт дене жұмысын атқарғанда глюкагон және адреналин гормондарының әсерінен мына үдеріс қарқыны жоғарылайды:
331. Ұзақ ашығу кезінде жүйке жүйесі үшін энергиия көзі болып табылады:
332. Майлы қышқылдардың бета-тотығуын тежейтін қосылыс:
333. бета-гидроксибутират, ацетоацетат, ацетон мына қосылыстарға жатады:
334. Майлы қышқылдардың бета-тотығу жылдамдығының үдетілу жағдайында мына үдеріс орын алады:
335. Кетонды денелер синтезі үшін қолданылады:
336. Майлы қышқылдар мен ТАГ бауырда және май ұлпаларында синтезі абсорбциялық кезеңде мына гормонмен белсенділенеді:
337. Абсорбциялық кезеңде, негізінен май ұлпаларында, майлы қышқылдар мына заттың синтезі үшін қолданылады:
338. Организмде майлар синтезін күшейтеді:
339. Тағам майларының ішектен ұлпаларға тасымалдануын жүзеге асырады:
340. Майлы қышқылдар қалдығының карнитинмен митохондрияның ішкі мембранасы арқылы тасымалдануын катализдейтін фермент:
341. Адам организмінде барлық стероидтардың синтезі үшін субстрат:
342. Өт қышқылдарының синтезі бауырда мына заттан жүреді:
343. Постабсорбциялық кезеңде қанда хиломикрондар мен ТӨТЛП мөлшерінің жоғары деңгейде сақталуы мына қосылыстың генетикалық ақауына байланысты:
344. Гипертриацилглицеролемия және гиперхиломикронемия мына қосылыстың генетикалық ақауынан болатын салдар:
345. Құрамында 50% дан жоғары холестерин және оның эфирі бар липопротеиндерді атаңдар:
346. Барлық липидтерді тасымалдайтын кешендердің ішінде атерогенді болып табылатыны:
347. Бауырда синтезделетін липидтерді тасымалдайт липопротеиндерді атаңдар:
348. Стеарин қышқылының толық бета-тотығуында түзілетін АТФ санын анықтаңдар:
349. Майлы қышқылдар синтезінің бірінші реакциясы өнімін көрсетіңдер:
350. Майлы қышқылдар синтезін реттеуші фермент ацетил-КоА-карбоксилаза белсенділенетін жағдайды көрсетіңдер:
351. Ашыққанда, ұзақ қарқынды дене еңбегімен шұғылданғанда, қант диабетінде мына биохимиялық үдеріс күшейеді:
352. Кетонды денелер синтезінің реттелуі мына фермент арқылы жүзеге асырылады:
353. Бауырда синтезделетін триацилглицеридтер мына кешендермен тасымалданады:
354. ТАГ жасушаішілік гидролизінің өнімдерін атаңдар:
355. Организмде синтезделетін майлы қышқылдарды көрсетіңдер:
356. Майлы қышқылдар синтезінің жылдамдығы мына ферменттің белсенділігімен анықталады:
357. Холестерол биосинтезін реттейтін ферментті атаңдар:
358. Гидрокси-метилглутарил-КоА–редуктаза коферментін атаңдар:
359. Өт қышқылдарының ағзадағы қызметін көрсетіңдер:
360. Холестерин мен кетондық денелер биосинтезіндегі аралық метаболит:
361. Пентозофосфаттық циклдың тежелуі холестерин мен майлы қышқылдар синтезінің тежелуіне әкеледі. Олардың синтезі үшін қажет пентозофосфаттық цикл метаболитін атаңдар:
362. Бауырда холестерин синтезін реттейтін аллостериялық ферментті атаңдар:
363. Бауырда холестерин синтезі кері байланыс принципі бойынша реттеледі. Реттеуші фермент ГМГ-КоА-редуктазаның ингибиторын көрсетіңіз.
364. Ішекте өт қышқылдары болмаған кезде бұзылатын үдерісті көрсетіңіз:
365. Холестерин эфирінің түзілуін катализдейтін ферментті атаңыз:
366. Ацетил-КоА-дан холестерин биосинтезінің негізгі реакциясын көрсетіңіз:
367. Құрамында ең жоғары холестерин концентрациясы бар липопротеиндердің түрін анықтаңыз:
368. Холестерин эфирлерінің түзілуіне қатысатын ферментті көрсетіңіз:
369. Тұқымқуалаушылық гиперхолестеринемия және атеросклероз даму қаупінің жоғарылау себебін қанда мөлшері жоғарылаған затты атап, көрсетіңіз:
370. Тағаммен холестеринді шамадан тыс қабылдау мыналарға әкеледі:
371. Тағамдық майлардың қалыпты қорытылуы және олардың гидролиз өнімдері аш ішекте сіңірілуі үшін қажет затты атаңдар:
372. Атеросклероздың даму факторларының каупі:
373. Оң азоттық баланс мына жағдайда байқалады:
374. Теріс азоттық баланс мына жағдайда байқалады
375. Тұз қышқылының биологиялық маңызы:
376. Мына заттың әсерінен пепсиннің белсенді түрі түзіледі:
377. Пептидтің С-шетіндегі аминқышқылдың пептидтік байланысын гидролиздейтін ферментті көрсетіңдер:
378. Панкреатиттік протеазалар үшін рН оптимал мәні:
379. Аминопептидазалар ферменттердің мына класына жатады:
380. Ұйқы безі сөлінің құрамына кіретін профермент:
381. Экзопептидазаларды табыңыдар:
382. Аминқышқылдардың ішектің сілемейлі қабат жасушаларының мембранасы арқылы тасымалдануы былайша жүреді:
383. Эластаза активаторы болып табылатын ферментті таңдаңыз:
384. Пепсиноген мына жолмен белсенділенеді:
385. Ішекте пептидазалар (химотрипсиноген, прокарбоксипептидаза А және В, проэластаза) белсенділенуі үшін мына жағдай қажет болып табылады:
386. Қалыпты жағдайда асқазан сөлінде болмайды:
387. Бауырда ақуыздардың шіру өнімдерінің зарарсыздандырылуы мына ферменттің көмегімен жүзеге асады:
388. Бауырда ксенобиотиктер зарарсыздандырылуының екінші фазасына қатысатын қосылыстарды көрсетіңдер:
389. Индол мына заттан түзіледі:
390. Трансаминдену реакциясын катализдейтін ферментті көрсетіңіз:
391. Трансаминденуге ұшырамайтын аминқышқылдарды көрсетіңіз:
392. Аминотрансферазаның коферменті болып мына дәрумен туындысы қолданылады:
393. Бауыр мен жүректің зақымдану дәрежесін анықтау үшін қан сарысуындағы мына ферменттердің белсенділігі қолданылады:
394. Глутаматтың тотыға дезаминденуін катализдейтін фермент:
395. Аминқышқылдардың трансаминдену жылдамдығының төмендеуі мына витаминнің жетіспеушілігінде байқалады:
396. Биогенді аминдердің түзілуі мына фермент қатысында өтеді:
397. Нейромедиатор қызметін атқаратын биогенді аминдерді атаңыз:
398. Жүйке ұлпасында сериннен синтезделеді:
399. Триптофаннан түзілетін өткізгіш жолдардың нейромедиаторы:
400. Триптофанның декарбоксилдену өнімін көрсетіңіз:
401. Дофаминнің синтезін катализдейтін ферментті көрсетіңіз:
402. ГАМҚ құрамы көбірек ұлпаны көрсетіңіз:
403. Гистаминнің ағзадағы қызметін көрсетіңіз:
404. Дофаминнің инактивациялану жолын көрсетіңдер:
405. Бір көміртек атомынан тұратын топтардың аралық тасымалдаушысын көрсетіңдер:
406. Порфириндерді түзетін аминқышқыл:
407. Метионинаденозилтрансфераза ферменті әсерінен АТФ пен метиониннен синтезделетін метиониннің белсенді формасы:
408. Цистеин синтезінде күкірт атомының доноры болып табылады:
409. Креатин синтезінде қолданылатын аминқышқылдарды көрсетіңдер:
410. Фенилаланин метаболизмінде фенилаланингидроксилаза дефектінің салдары:
411. Тетрагидробиоптерин коферменті жеткіліксіздігінде мына аминқышқылдар метаболизмі бұзылады:
412. Меланоциттерде тирозиннің ДОФА өзгеруін катализдейтін тирозиназа ферментінің тұқым қуалайтын дефектінде мына заттың синтезі бұзылады:
413. Гомогентизин қышқылының диоксигеназы ферментінің дефекті мынаған әкеледі:
414. Метил тобын басқа қосылыстарға тасымалдауға қабілетті қосылысты көрсетіңдер:
415. Пуриндік негіздерді түзетін аминқышқыл:
416. Аминқышқылдар катаболизмінің жеке жолында метил тобының негізгі донорын таңдаңдар:
417. S-аденозилметионин құрылымында метил тобы мына қосылыстарды зарарсыздандыруға қолданылады:
418. Катехоламиндер синтезінің жылдамдығын анықтайтын реттеуші фермент:
419. Альбинизм мына зат синтезінің бұзылу салдары болып табылады:
420. Алкаптонурия мына фермент ақауының салдары болып табылады:
421. Формил тобын басқа қосылыстарға береді:
422. Мына аминқышқылдың метил тобы трансметилдену реакцияларында қолданылады:
423. Катехоламиндер (дофамин, норадреналин, адреналин) мына заттан синтезделеді:
424. Тирозингидроксилаза немесе ДОФА-декарбоксилаза белсенділігінің төмендеуінің салдары болып табылады:
425. Аммиак зарарсыздандырылып, бүйрек арқылы мына өнім түрінде шығарылады:
426. Ағзаның барлық ұлпаларында жүретін аммиак зарарсыздандыруылуының әмбебап механизмі нәтижесінде синтезделетін затты табыңдар:
427. Глутамин синтезінің реакциясын катализдейтін ферментті табыңдар:
428. Қышқылдық-сілтілік тепе теңдіктің тұрақтылығын сақтау үшін бүйректе глутамин гидролизінің NH3 түзіле жүретін реакциясын катализдейтін ферментті көрсетіңдер:
429. І типті гипераммониемияның даму себебі мына фермент жеткіліксіздігінен болып табылады:
430. Қанда аммиактың негізгі тасымалдану формасын көрсетіңдер:
431. Бауырда аммиактың зарарсыздандырылуы мына зат синтезі арқылы жүреді:
432. Орнитин циклінің митохондриялық кезеңінің соңғы өнімін көрсетіңдер:
433. Тұқым қуалайтын ауру цитруллинемияның даму себебін атаңдар:
434. Аргининсукцинатлиаза ферментінің ақауынан несепте мына зат мөлшері жоғарылайды:
435. Тұқым қуалайтын гипераммониемия кезінде қанда мына зат концентрациясы төмендейді:
436. Орнитин және трикарбон қышқылы циклдарының ортақ қосылысын көрсетіңдер:
437. Гипофизге тасымалданатын гипоталамус гормондарын атаңдар:
438. Бүйректе судың қайта сіңірілуін күшейту арқылы осмостық қысымды реттеуге қатысатын гормонды көрсетіңдер:
439. Қанда кальцийдің жоғарылауын және фосфаттың азаюын тудыратын гормонды атаңдар:
440. Гормондардың жасушаішілік әсерін жүзеге асыратын екіншілік аралық зат болып табылатын
441. Гормондық сигналды жасушаішілік рецепторлар арқылы жеткізетін гормондарды атаңдар:
442. Катехоламиндер белсенділігін жоятын ферменттерді көрсетіңдер:
443. Катехоламиндердің (норадреналин және дофамин) синтезіне қатысатын ферменттерді көрсетіңдер:
444. Ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың алмасуын реттейтін гормондарды таңдаңдар:
445. Перифериялық эндокриндік бездердің қызметін реттейтін гормондарды анықтаңдар:
446. Екіншілік мессенджер цАМФ-ты белсенді емес АМФ -қа дейін ыдырататын ферментті
447. Диацилглицеролдың қызметін көрсетіңдер:
448. Инозитол-3-фосфаттың қызметін анықтаңдар:
449. Ұйқы безінің экзокринді қызметін атаңдар:
450. Лангерганстың альфа-жасушасы секрециялайтын гормонды көрсетіңдер:
451. Лангерганстың бетта-жасушалары секрециялайтын гормонды атаңдар:
452. Инсулин тізбектерінің арасында түзілетін байланысты көрсетіңдер:
453. Инсулиннің гексамерлік құрылымы қандай ионмен тұрақтанатынын көрсетіңдер:
454. Проинсулиннің белсенді гормонға айналу реакциясын көрсетіңдер:
455. Бауырдағы инсулиннің ыдырауы қандай ферменттің әсерінен өтетінін көрсетіңдер:
456. Инсулин бөлінуінің негізгі реттеушісін атаңдар:
457. Лангерганстың бетта-жасушаларының глюкозаны жұмсауы өтетін ГЛЮТ түрін көрсетіңдер:
458. Инсулинге тәуелді ГЛЮТ атаңдар:
459. Бұлшықетте инсулинмен белсендендірілетін ферментті атаңдар:
460. Глюкагонның негізгі нысана-жасушасын көрсетіңдер:
461. Қан қантын төмендететін гормонды көрсетіңдер:
462. Ұйқы безінің Д жасушасымен синтезделетін гормонды көрсетіңдер:
463. Ақуыздың алғы заты препроинсулиннен инсулинді синтездеу жолын анықтаңдар:
464. Инсулин гормоны мына органдар рецепторларына ынтықтығы жоғары:
465. Супероксиддисмутаза ферменті әсерінен оттектің супероксид анионына айналатын қосылысты көрсетіңдер:
466. Гипергликемияны туындататын гормонды атаңдар:
467. Нәтижесінде қанның детоксикация қызметін жүзеге асыратын үдерісті атаңдар:
468. Қан сарысуының онкотикалық қысымының мәнін анықтайтын затты атаңдар:
469. Қанның онкотикалық қысымын тудыратын ақуыздарды атаңдар:
470. Организмде темірге мұқтаждық жоғарылағанда ең бірінші жұмсалатын қосылысты атаңдар:
471. Қанда концентрациясы жоғарылағанда гиперпротеинемия дамитын ақуыздарды атаңдар:
472. Қанда концентрациясы төмендегенде гипопротеинемия дамитын ақуыздарды атаңдар:
473. Қанның азотсыз органикалық компоненттерін атаңдар:
474. Қанның азотты органикалық компоненттерін атаңдар:
475. Ацидоз кезінде байқалатын өзгерістерді көрсетіңдер:
476. Алкалозға тән өзгерістерді көрсетіңдер:
477. Көмірқышқыл газын байланыстырған кезде ұлпаларда түзілетін қосылысты атаңдар:
478. Құрамында екі валентті темір орнына үш валентті темір бар затты атаңдар:
479. Адам организмінде метгемоглобинді гемоглобинге тотықсыздандыра алатын ферментті атаңдар:
480. Эритроциттердің антиоксиданттық қорғанышы үшін қажет NADH·H+ түзілетін үдерісті атаңдар:
481. Құрамына қанның қалдық азоты кіретін заттарды анықтаңдар:
482. Қанда фосфолипидтер, триглицеридтер, холестерин және холестерин эфирлерінің тасымалдану формаларын атаңдар:
483. Эритроциттер энергия өндіру үшін материал ретінде қолданатын затты атаңдар:
484. Эритроциттерде метаболизм үшін энергия көзі болып табылатын үдерісті көрсетіңдер:
485. Эритроциттерде анаэробты гликолиздің басқа жасушалармен салыстырғанда маңызды ерекшелігі өзінің болуымен байланысты ферментті атаңдар:
486. Гемоглобиннің метгемоглобиннен эритроциттердің метгемоглобинредуктазалық жүйесімен тотықсыздандырылуы үшін қажет затты атаңдар:
487. Каталаза және глутатионпероксидаза ферментінің әсерінен сутектің асқын тотығын ыдыратуға қажет сутек донорын атаңдар:
488. Глюкозаны эритроциттерге жеңілдетілген диффузия арқылы тасымалдаушы ақуыздарды көрсетіңдер:
489. Бауыр патологиясында қанда белсенділігі жоғарылайтын ферментті көрсетіңдер:
490. Жүрек патологиясында қанда белсенділігі жоғарылайтын ферментті көрсетіңдер:
491. Дұрыс тұжырымды таңдаңдар: ацидоз дегеніміз – бұл...:
492. Дұрыс тұжырымды таңда: алкалоз дегеніміз – бұл...:
493. Эритроциттерде глюкоза тотығатын жол:
494. Эритроциттерде оттектің гемоглобинмен байланысуының аллостериялық реттеушісі болып табылады:
495. Альбумин қызметін көрсетіңдер:
496. Гемоглобин ыдырауының соңғы өнімі:
497. Қан плазмасының коллоидты-осмостық (онкотикалық) қысымы негізінен мына заттармен қамтамасыз етіледі:
498. Тура билирубинге тән қасиеттерді атаңдар:
499. Гемнің ыдырау нәтижесінде түзілген өт пигментін көрсетіңдер:
500. Гемнің билирубин түзе ыдырауы жүретін органды атаңдар:
501. Тек бауырда синтезделетін қосылыстырды көрсетіңдер:
502. Билирубиннің аш және тоқ ішекте өзгеру өнімін көрсетіңдер:
503. Гем синтезінің аралық өнімін атаңдар:
504. Гем синтезіне қатысатын бастапқы затты көрсетіңдер:
505. Паренхиматозалық сарғаюдың себебін көрсетіңдер:
506. Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінің салдарын көрсетіңдер:
507. Билирубин ыдырауының соңғы өнімін атаңдар:
508. Билирубинді сандық анықтау әдісінің негізінде жатқан реакцияда билирубинмен әрекеттесетін затты көрсетіңдер:
509. Қан сарысуында жалпы билирубиннің қалыпты мөлшері:
510. Паренхиматозалық сары ауруда байқалады:
511. Механикалық сарғаюда байқалады:
512. Бауырда зарарсыздандырылуы үшін билирубинді коньюгациялайтын қосылысты көрсетіңдер:
513. Уақытша жеткіліксіздігі жаңа туған нәрестелердің сары ауруы - терісі мен сілемейлі қабатының сарғаюына себеп болатын ферментті көрсетіңдер:
514. Фосфолипидтер синтезінде метил тобының донорын көрсетіңдер:
515. Жасушааралық матрикстің негізгі құрылымдық ақуыздарын көрсетіңдер:
516. Коллагеннің полипептидтік тізбегіндегі аминқышқылдардың орналасу ретін көрсетіңдер:
517. Коллаген синтезіне қатысатын пролилгидроксилазаның витамин-коферментін көрсетіңдер:
518. Коллаген синтезінде пролин мен лизиннің гидроксилдену реакцияларында кофермент ретінде қажет витаминді таңдаңдар:
519. Эластиннің екі бағытта созылуын қамтамасыз ететін метаболитті анықтаңдар:
520. Эластин молекуласында көлденең тігістер түзуге қатысатын метаболиттерді таңдаңдар:
521. Дәнекер ұлпасында суды байланыстыру мен ұлпалардың өткізгіштігін реттеушіні
анықтаңдар:
522. Күйікті емдеуде қолданылатын дәнекер ұлпасының ферментін атаңдар:
523. Тыртықтың негізін құрайтын дәнекер ұлпасының компонентін таңдаңдар:
524. Миокард ишемиясына мынадай биохимиялық өзгерістер тән:
1) тотыға фосфорланудың төмендеуі;
2) анаэробты тотығудың жоғарылауы;
3) аэробты тотығудың күшеюі;
4) тотыға фосфорланудың жоғарылауы
525. Физикалық жүктеме кезінде бұлшықет ұлпасында гликогеннің ыдырауын күшейтетін
526. Үдемелі бұлшықет дистрофиясы болжанғанда зәрде осы заттың болуы диагнозды растайтын затты көрсетіңдер:
527. Миокардтың лактатдегидрогеназа ферментін көрсетіңдер:
528. Жұмыс жасап тұрған бұлшықет пен бауырды өзара байланыстыратын метаболиттік жолды таңдаңдар:
529. Бұлшықет ұлпасын энергиямен қамтамасыз етуге қатыспайтын үдерістерді көрсетіңдер:
530. Бұлшықет ұлпасы зақымданғанда науқастың зәрінде жоғарылайтын биохимиялық көрсеткішті көрсетіңдер:
531. Жүрек бұлшықеті үшін негізгі энергия көзін көрсетіңдер:
532. Физикалық жүктеменің бастапқы кезеңінде жұмыс жасап тұрған бұлшықеттерді энергиямен қамтамасыз ететін энергия көзін көрсетіңдер:
533. Науқас қанын зерттегенде ЛДГ1, ЛДГ2, АсАТ, креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылағаны анықталды. Патологиялық үдерістің қай органда даму ықтималдығы жоғары болып тұрғанын болжам жасаңдар:
534. Миофибриллялық миозин (жиырылғыш) ақуызының қызметін көрсетіңдер:
535. Бұлшықеттің тыныштық күйде жиырылуын энергиямен қамтамасыз ететін энергия көзін көрсетіңдер:
536. АТФ-азалық белсенді лігі бар миофибриллярлық ақуызды көрсетіңдер:
537. Бұлшықеттің максимал дене жүктемесі кезінде қарқынды жиырылуын энергиямен қамтамасыз ететін энергия көзін көрсетіңдер:
538. Тыныштық күйдегі бұлшықеттің жасушаларындағы ферменттер белсенділігі туралы болжам жасаңдар, АТФ/АДФ дұрыс қатынасын көрсетіңдер:
539. Белсенді бұлшықет жұмысы басталған кезде бұлшықет ұлпасында болатын өзгерістерді көрсетіңдер:
540. Бұлшықетте креатинфосфаттың биохимиялық қызметін көрсетіңдер:
541. Бұлшықет жиырылу үдерісінің энергиямен қамтамасыз етілу механизмдерін таңдаңдар:
542. Бұлшықетте аденилаткиназалық (миокиназалық) реакцияға қатысушылардың жұмсалуы туралы дұрыс тұжырымдаманы таңдаңдар: 2АДФ ↔ АТФ + АМФ
543. Бұлшықетте АТФ жетіспегенде ең бірінші болып іске қосылатын жедел әрекет жүйесінің механизмін көрсетіңдер:
544. Жұмыс жасап тұрған бұлшықеттерде АТФ тез регенерациясын қамтамасыз ететін үдерісті атаңдар, ол мына зат тасымалдануы арқылы жүреді:
545. Жұмыс жасап тұрған бұлшықеттерде креатинфосфаттың энергиялық қорының қандай уақыт аралығында жұмсалып болатын уақытын көрсетіңдер:
546. Науқас баланың тәбеті нашарлап, жүрек айнуы байқалады. Сүтті ішкен соң құсу, кейде іші өтеді. Өсуінің тежелуі, салмағыны төмендеуі, катаракта дамуы, ақыл-ой дамуының баяулауы байқалады. Бұл патологияның себебі қандай ферменттің жетіспеушілігінен туындауы мүмкін:
547. Қарқынды қан айналыммен қамтамасыз етілген, митохондрияларға бай, тотыға фосфорлану ферменттері белсенді «баяу» (қызыл) қаңқа бұлшықеттерінде АТФ синтезі үшін энергия көзін таңдаңдар:
548. Көлденең жолақты бұлшықеттің жиырылуын басқаратын ионды көрсетіңдер:
549. Бұлшықет ұлпасында АДФ қайтадан фосфорлануына қатысатын макроэргиялық қосылысты көрсетіңдер:
550. Миоглобині жоқ «жедел» (ақ) қаңқа бұлшықеттерінде АТФ синтезі үшін ең негізгі метаболиттік жолды атаңдар:
551. Зәрдің патологиялық компонентін атаңдар:
552. Бүйрек түтікшелеріндегі судың қайта сіңуін белсендендіретін гормонды таңдаңдар:
553. Креатин синтезінің бастапқы кезеңінің ферментін көрсетіңдер:
554. Біріншілік несептен бүйрек түтікшесі жасушасына реабсорбциясы альдостерон арқылы жоғарылайтын ионды көрсетіңдер:
555. Фенолкетонурия себебіне әкелетін ақауы бар ферментті көрсетіңдер:
556. Қандағы глюкозаның деңгейі 9 ммоль/л құрайды. Глюкозурия байқалады. Патология түрін анықтаңдар:
557. Бұлшықет ұлпасының жиырылу қызметін жүзеге асыратын ақуызды атаңдар:
558. Соңғы өнімі зәр қышқылы болып табылатын метаболизм жолын көрсетіңдер:
559. Бүйректе кальцидиолдан көміртектің бірінші атомы гидроксилденуі арқылы түзілетін гормонды атаңдар:
560. Альдостерон гормонының түзілуі мен секрециясын реттейтін иондарды көрсетіңдер:
561. Альдостерон түзетін затты атаңдар:
562. Кальцидиолдан (бүйректе) кальцитриолдың түзілуін катализдейтін ферментті көрсетіңдер:
563. Қан мен зәрде аргининосукцинат мөлшерінің жоғарылауы мына метаболизм жолының бұзылу салдары болып табылады:
564. Са2+ алмасуының басты реттеуші гормонын атаңдар:
565. Су-тұз алмасуының реттелеуіне қатысатан гормонды атаңдар:
566. Ангиотензиногеннің декапептид ангиотензин-I-ге айналу үдерісінің механизмін көрсетіңдер:
567. Бүйректің пируваткарбоксилазасы ферментінің класын атаңдар:
568. Бүйректе түзілетін креатин синтезінің аралық метаболитін көрсетіңдер:
569. Альдостерон синтезін белсендендіретін гормонды атаңдар:
570. Осмостық қысымның жоғарылауына жауап ретінде синтезі мен секрециясы күшейетін гормонды көрсетіңдер:
571. Жүйке ұлпасы қызметінде креатинкиназаның негізгі рөлін таңдаңдар:
572. Бас миының нейрондарында амидке айналу арқылы аммиактың шығарылуына қатысатын аминқышқылды көрсетіңдер:
573. Ашығу кезінде жүйке жасушаларында тотығу үшін қосымша субстрат ретінде қолданыла алатын зат:
574. Бас миында жүретін биохимиялық үдерістер үшін негізгі энергия көзін көрсетіңдер:
575. Адамның жүйке ұлпасында болмайтын липидтерді көрсетіңдер:
576. Жүйке ұлпасын энергиямен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын көмірсуды көрсетіңдер:
577. Гамма-аминмай қышқылын инактивациялайтын реакцияның типін таңдаңдар:
578. Құрамында сиал қышқылы бар жүйке жасушалары мембраналарының құрамына кіретін гликосфинголипидтер тобын көрсетіңдер:
579. Орталық жүйке жүйесінің тежегіш медиаторларын көрсетіңдер:
580. Жүйке ұлпасында аммиактың зарарсыздандырылу жолдарын анықтаңдар:
581. Жүйке ұлпасы липидтерінің қызметін таңдаңдар:
582. Жүйке жасушасында ацетилхолинді синтездеуге және ыдыратуға қатысатын ферменттерді атаңдар:
583. Жүйке жасушаларында алмасу бұзылыстары шизофрения, депрессия, Паркинсон ауруының дамуына әкелетін биогенді аминді анықтаңдар:
584. Психоэмоционалдық күйдің (мазасыздық, агрессия, физиологиялық ұйқы циклдерін бақылау) реттелуіне қатысатын 5-гидрокситриптофанның туындысы болып табылатын биогенді аминді көрсетіңдер:
585. Науқаста басының айналуы, бас ауруы, ентігу, жүрек соғуының жиілеуі, аяқ-қолдарының сырқырауы байқалады, қан анализінде пішіні ұзарған, орақ тәрізді эритроциттер анықталды. Осы патологияның дамуына әкелетін (Хайнц денешіктерінің түзілуі) ақауы бар ферментті көрсетіңдер:
586. Гемолитикалық анемияның себептерінің бірі – орақ тәрізді жасушалық анемия. Бұл патологияны тудырған молекулалық өзгерістер қандай зат алмасу жолында болатынын көрсетіңдер:
587. Коэнзим Q10 бар крем тері жасушаларының тыныс алуын жақсартады. Убихинон қандай процестерге қатысатынын түсіндіріңіз? Ұлпалық тыныс алудың қандай кешендері Q коферментіне протондар мен электрондарды береді:
588. Ұсақ буындарының ауруына шағымданатын науқастың қан плазмасында зәр қышқылы концентрациясының жоғарылағыны анықталды. Бұл өзгерістер қандай патологиямен байланысты. Қандай қосылыстар зәр қышқылын түзетінін атаңдар:
589. Үдемелі психикалық дамуы тежелген 3 жасар қыз баланы тексергенде зәрде фенилпируваттың жоғарылауы анықталды. Қанда фенилаланин мөлшері жоғарылаған. Зәрде фенилпируваттың пайда болу себебін түсіндіріңдер:
590. Алкоголизммен ауыратын науқастарда орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы жиі байқалады - есте сақтау қабілетінің төмендеуі, психоз, аталған құбылыстар ағзада витаминдердің жетіспеушілігімен де байланыстырылады. Бұл витаминдердің туындылары катаболизмнің жалпы жолдары ферменттерінің коферменттері болып табылады. Жетіспеушілігі көрсетілген патологиялық жағдайларға әкелетін витаминдерді және олардың коферменттерін көрсетіңдер:
591. В1, В2 және РР витаминдердің жетіспеушілігінде орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы байқалады - есте сақтау қабілетінің төмендеуі, психоз. Жетіспеушілігі көрсетілген патологиялық жағдайларға әкелетін витаминдердің коферменттері қандай метаболиттік жолдарға қатысатынын көрсетіңдер:
592. Науқас жалпы әлсіздікке, көру қабілетінің төмендеуіне, тәбетінің жоғарылауына (полифагия), шөлдеу (полидипсия), жиі зәр шығаруға (полиурия) шағымданады. Аш қарынға қандағы глюкозаның концентрациясы 10 ммоль / л құрайды. Бұл құбылыстар қандай патологияға тән екенін көрсетіңдер:
593. Бактериялық инфекцияны емдеу үшін ұзақ мерзім сульфаниламидтік препарат қабылдаған науқаста қан талдауы мегалобласттық анемияның көріністерін анықтады. Бұл қандай витамин жетіспеушілігімен байланысты болуы мүмкін. Осы витаминнің белсенді түрін атаңдар:
594. Бактериялық инфекцияны емдеу үшін сульфаниламидтік препарат қабылдаған емделушілерде бұл витаминді бір мезгілде қабылдау осы антибиотикке төзімді қоздырғыштар штаммдарының пайда болуына әкелуі мүмкін. Айқын антисульфаниламидтік әсерге ие витаминді атаңдар:
595. Гемоглобиннің β-тізбегінде 6-орында бір амин қышқылының екіншісімен ауыстырылуына әкелетін мутация ауыр тұқым қуалайтын ауруды - орақ жасушалы анемияны тудырады, бұл жағдайда қарқынды дене еңбегімен айналысу қиындайды. Бұл аурумен ауыратын адамдардың қызыл қан жасушалары орақ тәрізді. Осы аминқышқылдарды көрсетіңдер:
596. Ақуыздардың арнайы қызметтерінің жойылу себептерінің бірі ақуыз құрылымының бұзылуы болып табылады. Ақуыз молекуласының құрылымдық ұйымдастырылуының қандай деңгейлері өзгеретінін түсіндіріңдер және бұл процесс қалай аталады:
597. 43 жастағы науқастың дене қызуы 380С дейін көтерілгеннен кейін 2 күннен кейін тері мен шырышты қабаттарының сарғаюы, зәрдің қоңыраюы, нәжістің түссізденуі пайда болды. Қанда тура конъюгацияланған және тура емес конъюгацияланбаған билирубин деңгейі жоғарылаған. Науқаста сары аурудың қандай түрі барын анықтаңдар:
598. Клиникалық тәжірибеде барбитураттар ұйықтататын дәрі ретінде қолданылады. Барбитураттардың ЭТТ-ге әсер етуінің биохимиялық механизмін түсіндіріңіз.
599. Науқас ауыр физикалық жұмыс кезінде бұлшықетінің ауырсынуынан зардап шегеді, бірақ басқа жағдайда өзін сау сезінеді. Бұлшықет ұлпасының биопсиясы бұл науқастың бұлшықетінде гликоген концентрациясының қалыпты жағдайдан әлдеқайда жоғары екендігін анықтады. Бұлшықетте гликогеннің жиналу себебін түсіндіріңіз. Науқаста гликоген алмасуының қандай процесс бұзылғанын атаңдар:
600. Гемоглобин мен метгемоглобиннің агрегациясының нәтижесінде Хайнц денешіктерінің пайда болу себебін көрсетіңдер:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет