«Жалпы медицина» мектебінің 1 курс студенттеріне арналған ситуациялық есептер Гистотехника



бет2/10
Дата26.11.2023
өлшемі60,05 Kb.
#128553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Эмбриология

  1. Сперматозоидтың көлденең кесіндісінің электронды микросуреті берілген. Біреуінде митохондриялармен қоршалған біліктік жіпшелер, екіншісінде тек центриоль көрінеді. Сперматозоидтің қандай бөлігінен кесінді жасалған? + сперматозоидтың құйрық бөлімінің 1-аралық бөлігі2 орталық,9 жұп шеткі микротүтікшелері 2-байланыстырушы бөлігі


  2. Препаратта цитоплазмасының перифериялық бөлігінде протеолитикалық ферменттері бар түйіршіктері бар овоцит көрінеді. Түйіршіктердің ұрықтану процесіндегі маңызы.+кортикальды түйіршіктер.Олар аналық жыныс жасушасын полиспермиядан қорғайтын кортикальды реакцияға қатысады


  3. Әйелдің репродуктивтік жолын жуып тазарту кезінде, көпіршік тәрізді, қабырғасы жалпақ жасушалардан құралған ұрық қоса шайылып түскен. Оның полюстерінің бірінде түйіншекке ұқсаған дөңгелек жасушалар тобы бекінген және ол ұрықтың орталықтан ауытқып (эксцентрично) орналасқан қуысымен шекаралас жатыр. Ұрықтың даму сатысы мен жүктілік мерзімін анықтаңыздар.+5-6тәулік бөлшектену сатысы(764 страница)


  4. Адам ұрығының дамуының ерте - бластоциста кезеңінде эмриобласт екі жинақы топқа бөлінді. Ұрықтың ары қарай дамуы неге алып келеді?+имплантация


  5. Адам ұрығының имплантациясы басталғаны белгілі болды. Ұрық дамудың қандай сатысында және жүктіліктің қалыпты жағдайында ұрықтың даму мерзімі қанша?+ұрықтанудан кейінгі 5-6 тәулік,ұзындығы 0,1-0,2миллиметр


  6. Босану үйінде екі егіз балалардың туылуы тіркелген. Бір жағдайда екі ұл бала, екінші жағдайда екі қыз бала туылды. Бірінші және екінші жағдайда егіздердің пайда болу мүмкіндіктерін талдаңыздар. Екі бала да бір жұмыртқалы екіздер.Бірінші жағдайда бір жұмыртқалы егіз ұл бала ,екінші жағдайда бір жұмыртқалы егіз қаз балалар туылды. ХХ және ХҮ


  7. Жатырдың кілегейлі қабығынан кесінді алған кезде ұрықтың бар екені анықталды. Ұрықтың пішіні екі қабатты дискі тәрізді оның үстіңгі және астыңғы жағына бекінген көпіршіктері көрінеді, көпіршіктердің қабырғасы жасушалардан құралған. Дайындалған препараттан ұрықтың даму сатысын және жүктіліктің мерзімін анықтап, алғашқы ұрықтан тыс мүшелердің бастамасын атап көрсетіңіз.+бөлшектену,2 қабаты “ашық”түсті және “күңгірт” түсті бластомерлер. “ашық” түсті бластомер майда,олар ұрыстың ортасында орналасқан “күңгірт” бластомерлерді Бір қабат қоршайды.Сыртқы “ашық” бластомерді трофобласт дейді,бұлар ана мен ұрықты байланыстырып,қоректендіреді.Ал ішкі “күңгірт ” бластомерден,эмбриобласттан ұрықтың денесімен ұрықтан тыс мүшелер(амнион,сарыуыз,аллантоис) дамиды.2 тәулікте


  8. Адам үрығының дамуының екінші аптасының басында эпибласт жасушаларының арасында саңылау тәрізді кеңістіктер қалыптасады, олар кейіннен бір-бірімен қосылып тұтас қуысқа айналады. Ұрықтың дамуының осы кезеңінда қалыптасатын ұрықтан тыс мүшенің бастамасы қалай аталады?+сарыуыз қапшығы.


  9. Эмбриональдік дамуының 15-ші тәулігінде ұрықтың каудальді бөлігіндегі ұрықтан тыс энтодермадан өсінді шығып амнион аяқшасына енеді. Бұл қай ұрықтан тыс мүшенің бастамасы болып табылады?+аллантоис


  10. Ұрықтың 2-ші аптадағы даму кезеңінде ұрықтан тыс мезодерма бластоцита ішін толтырып, трофобластқа қарай бағытталады. Ал трофобласт: цитотрофобласт және симпластотрофобласт деген екі қабаттан құралған. Бұл бастама қай ұрықтан тыс мүшенің қалыптасатын бастамасы болып саналады?+хорион


  11. Препаратта ұрықтан тыс мүше көрінеді. Плацентамен ұрықты байланыстыратын, құрамында 2 артериясы, 1 венасы, сары уыз қабы мен аллантоистың қалдығы мен вартонов кілегейлі тіні бар. Бұл қай ұрықтан тыс мүше?+кіндік бау


  12. Плацентадан дайындалған 2 препараттан мыналарды көруге болады: біріншісінде хориальді бүрлер жатыр бездерінің эпителийімен байланысқан, ал екіншісінде хорион бүрлері жатыр бездерінің астындағы дәнекер тінімен жанасқаны байқалады. Осы препараттардағы плацентаның түрлерін анықтаңыз. +1-плацентаның нәресте бөлігі 2- аналық бөлігі


  13. Аналық жыныс безінің препаратында дөңгелек пішінді, жылтыр қабықпен және сәулелі тәж қабығымен қапталған жасуша көрінеді. Аналық жыныс жасушасының типін анықтаңыз. Аталған құрылымдарды түзуге қандай жасушалар қатысады? сүтқоректілердің аналық жыныс жасушасы


  14. Зиготаның да, моруланың да, бластоцистаның да өздігінен қозғалу қабілеті болмайды. Оған қарамастан бластоциста, қалыпты жағдайда жатыр қуысына жетеді, бірақ ол жатыр түтігінде қалып, сол жерде имплантацияға ұшырауы мүмкін (жатырдан тыс жүктілік). Ұрықтың жатыр түтігінің бойымен жылжуын қамтамасыз ететін механизмдерге және жатырдан тыс (түтіктік) жүктіліктің пайда болу себептеріне түсініктеме беріңіз.


  15. Эксперименталды жолмен ұрықта нефрогонадотом зақымдалған. Бұл болашақта қандай мүшелердің дамуының бұзылуына алып келеді? бүйрек ауруына






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет