Жалпы орта білім беретін мектеп түлектері арасында қашықтан өткізілетін «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!» атты РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 2023 жылдың 26 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті оқу орнының құрылғанына 65 жыл толуына орай қашықтан өтетін «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!» Республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысуға шақырады. Педагогикалық олимпиадаға жалпы орта білім беретін мектептердің бітіруші түлектері қатыса алады.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – Жаңа Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін жаңғыртуда педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын арттыру мақсатында педагог мамандығына талантты түлектерді тарту.
Педагогикалық олимпиаданың міндеттері:
жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды түлектерін анықтау;
педагогикалық мамандыққа жалпы орта білім беретін мектептердің талантты түлектерін тарту;
педагогикалық мамандықты таңдауда мотивация беру, мектеп бітіруші түлектердің сындарлы ойлау және креативті қабілетін дамыту;
педагогикалық кадрларды дайындау сапасын арттыру мақсатында МЕКТЕП-ЖОО ынтымақтастығы негізінде мектеп түлектері арасынан өздеріне лайықты ізбасарларды дайындау.