Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-сыныпқа арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің базалық мазмұны келесі тараулардан тұрады



бет3/7
Дата21.09.2024
өлшемі50,52 Kb.
#145141
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 сынып ДЖТ ЖМБ КТЖ-2024 Асанбекова

10-сыныпқа арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің базалық мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) өркениет: даму ерекшеліктері. Өркениет: зерттеудің теориялары мен тәсілдері. "Өркениет" түсінігі. "Өркениет" түсінігін зерттеудегі негізгі тәсілдер. Өркениеттердің жіктелуі. Өркениеттің дәстүрлі (аграрлы) түрі: отырықшы-егіншілік, көшпелі. Өркениет дамуының индустриалдық және постиндустриалдық кезеңдері. Қазіргі заманғы өркениеттің дамуына ақпараттық технологиялардың ықпалы. Әлем өркениеттерінің тарихы. Ежелгі әлем өркениеттері (Ежелгі Египет, Ежелгі Месопотамия, Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістан, Ежелгі Греция, Ежелгі Рим). Ежелгі діни наным-сенімдер (синтоизм, индуизм, иудаизм, зороастризм, манихейлік, даосизм). Ежелгі философиялық ілімдер (Платон, Сократ, Аристотель, Конфуций, Лао Цзы). Африка (бушмендер, нубийлер, Гана, Мали, Сунгай), Америка (майя, инктер, ацтектер) және Австралия мен Океанияның (полинезиялық, Таити аралының тайпалары, гавайлықтар) дәстүрлі өркениеттері. Әлемдік діндер және өркениеттің дамуы (буддизм, христиандық, ислам). Қазіргі заманғы әлемдік діндердің даму тенденциялары. Қазіргі заманғы деструктивті діни ұйымдар мен ағымдар. Өркениеттердің өзара әрекеттесуі. Өркениеттердің сауда-экономика саласындағы өзара әрекеттесулері (Ұлы жібек жолы, халықаралық ұйымдар: Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы(МЭЕҰ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО) және тағы басқалар. Өркениеттердің дипломатиялық саладағы өзара әрекеттесулері. Дипломатия өркениеттердің өзара жақындасу факторы ретінде. Өркениеттердің өзара әрекеттесуінің әскери-саяси аспектісі (жаулаушылық соғыстар, отарлық экспансия, әскери-саяси одақтар, дүниежүзілік соғыстар, қырғи-қабақ соғыс, жергілікті қақтығыстар, этносаралық қақтығыстар). Мәдениеттер диалогі (мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен өзара ықпалдары);
2) этникалық және әлеуметтік процестер. Антропогенез және этногенез. Адамның пайда болуы туралы теориялар (діни, ғарыштық, эволюциялық). "Этнос", "этногенез", "ұлт" ұғымдары. Этностардың пайда болуына байланысты теориялар. Әлемнің этникалық картасы: өткен заман және қазіргі уақытта (ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы мен ыдырауы, "ұлттық сана", этностардың ассимиляциясы, шағын этностардың проблемалары). Әлем тарихындағы этносаралық қатынастар. Ұлтаралық қатынастар: мәселелер және қарама-қайшылықтар. Ұлтаралық қақтығыстардың себептері мен салдарлары (ұлтшылдық, шовинизм, нәсілдік кемсітушілік, нацизм). Этностардың бейбіт өзара әрекеттесуінің тәсілдері (халықаралық интеграция, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропа Одағы (ЕО), Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы(ТҮРКСОЙ), Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО), Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ), Қазақстан халқы Ассамблеясы және тағы басқалар). Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары. Социогез туралы теориялардың әртүрлілігі (формациялық тәсіл, өркениеттік тәсіл және тағы басқалар). Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары (қоғам ұйымдасуының қандық-туыстық, көршілік-аумақтық, макроэтникалық қағидалары). Қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясы;
3) мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан. Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер. "Мемлекет", "билік", "басқару институты" ұғымдары. Мемлекеттің пайда болу теориялары (Аристотель, Платон, Конфуций, Ф. Аквинский, Н. Макиавелли, Дж. Локк, Т. Гоббс, Т. Джефферсон, Ф. Энгельс және тағы басқалар). Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін (монархия, республика, теократиялық мемлекеттер). Саяси режимдердің типтері (тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық). Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери - саяси оқиғалар. Антикалық дәуірдегі әлемдік империяларының қалыптасуы (Парсы империясы, Александр Македонский империясы, Рим империясы). Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары Батыс Рим империясының ыдырауы мен антикалық кезеңінен орта ғасырларға көшу процесінің бір факторы ретінде. Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары (Араб халифаты мен кресшілер мемлекеттерінің құрылуы мен ыдырауы). Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының әсері (Моңғол империясы, Алтын Орда, Әмір Темір империясы, Мәскеу мемлекеті, Құбылай мемлекеті, Ильханат). Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері (капиталистік дамудың жеделдетілуі, Еуропада либералдық әлеуметтік идеялардың таратылуы). Дүниежүзілік соғыстар және халықаралық қатынастар жүйесі: Версаль - Вашингтон, Ялта - Потсдам жүйелері. Революциялар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде. Буржуазиялық революциялар индустриалды қоғам қалыптасуының катализаторы ретінде (XVII ғасырдағы Ағылшын буржуазиялық революциясы, XVIII ғасырдағы Француз буржуазиялық революцияы, АҚШ-ғы тәуелсіздік үшін соғыс, Еуропадағы 1848 жылғы "ұлттар көктемі"). Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды тәсілі ретінде (1917 жылғы Қазан Социалистік революциясы, Қытайдағы 1946-1949 жылдардағы Азаматтық соғыс, 1959 жылғы Куба революциясы). Социалистік революциялар нәтижесіндегі қоғамдық құрылымының өзгеруі. Қазіргі заманның революциялары: себептері мен салдарлары (Шығыс Еуропадағы 1989-1990 жылдардағы "барқыт революциясы", Таяу Шығыстағы 2010-2011 жылдардағы "Араб көктемі", бұрынғы Кеңес Одағы елдеріндегі "түрлі-түсті революциялар"). Қоғам проблемаларын революциялық жолмен шешудің салдарлары;
4) мәдениеттің дамуы. Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары. Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалуға бағытталған ЮНЕСКО-ның қызметі. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасының тізімі. Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы (Эрмитаж, Лувр, Британ мұражайы, Метрополитен, Жапония Ұлттық мұражайы, Египет мұражайы, Уффици галереясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы және тағы басқалар). Әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтау барысындағы мұражайлардың рөлі. Өнер – қоғам дамуының көрінісі. Тарихи процестер аясындағы өнердің бағыттары мен стильдері (абстракционизм, модернизм, постмодернизм, авангардизм, футуризм, кубизм, сюрреализм, экспрессионизм, гиперреализм, хайтек стилі және тағы басқалар). Өнердің бағыттары мен стильдерінің дамуына қоғамдық процестердің тигізетін әсері. Қазіргі кездегі өнердің даму тенденциялары. Бұқаралық мәдениет және оның қазіргі қоғамға тигізетін әсері (кино, радио, теледидар, интернет, спорт, музыка, қазіргі заманғы әдебиет, қазіргі заманғы бейнелеу өнері). Қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары. Жалпыадамзаттық моральдық құндылықтардың қалыптасуы (діни және философиялық идеялар, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, фольклор, дәстүрлі музыка мен әдебиет, отбасылық құндылықтар). Тарихи оқиғалар аясындағы құндылықтардың өзгеруі (ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы, дүниежүзілік соғыстар, қырғи-қабақ соғыстың аяқталуы). Қоғамның адамгершілік құндылықтарды қайта бағалауына ықпал еткен ХХ ғасырдың тарихи оқиғалары. Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі (прагматизм, рационализм, шектен тыс дарашылдық, нигилизм, конформизм, әлеуметтік апатия, тұтынушылық психология, діни фанатизм, неофашизм, бейресми жастар ұйымдары);




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет