Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы


Пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары сыныптарда) құзыреттерді



Pdf көрінісі
бет35/76
Дата29.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#103694
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76
Байланысты:
каз

Пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары сыныптарда) құзыреттерді 
дамыту бойынша ұсынымдар
Пәндерді оқытуда зерттеу, шығармашылық жұмыстар және пікір алмасуға 
назар аудару маңызды.
Білім алушылардың мета-пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыруда 
зерттеу әдісі өте тиімді болып табылады. Проблемалық, іздеу, зерттеу әдістерінің 
элементтерін қолдану оқу процесін нәтижелі етеді. Білім алушылардың зерттеу 
дағдыларын дамыту белгілі бір мақсаттарға: білім алушылардың оқуға деген 
қызығушылығын арттыруға, оларды жоғары нәтижелерге қол жеткізуге 
ынталандыруға қол жеткізуге көмектеседі.
Әрбір тоқсанда ұсынылған зерттеу жұмыстары жобалық-зерттеу 
сипатындағы жұмыстар ретінде ұйымдастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмысын 
жүргізудің мақсаты: теориялық материалды зерттеу тақырыптарының жеке 
аспектілері бойынша жүйелеу, терең талдау жасау және жалпылау.
Осы сабақтар барысында білім алушылар жеке, жұпта немесе топтарда 
тақырыптық бөлімнің тоқсанда зерттелген аспектілердің бірі бойынша 


51 
кішізерттеу жүргізеді. Зерттеу тақырыбын оқушылар тоқсан бойы таңдай алады. 
Әр тоқсан соңында білім алушылар өз зерттеулерін аяқтап, әр түрлі формада 
сынып алдында таныстырады. Бұл баяндамалар, презентациялар, рефераттар, 
шағын жобалар, мақалалар, эссе және т.б. болуы мүмкін. Зерттеу жұмысы 
бойынша формативті бағалау қарастырылған. Сонымен, 10-11-сыныптарда 
оқитын білім алушылар өздерінің зерттеу, креативті және сыни ойлау 
дағдыларын, қарымқатынас, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік 
дағдыларын жетілдіру үшін көп мүмкіндіктерге ие. Осы материалдарды әзірлеу 
кезінде әрбір тоқсанның соңында берілетін зерттеу жұмысы бұл жобалық жұмыс 
емес. Ол теориялық-практикалық зерттеу, онда білім алушылар келесі зерттеу
дағдыларын көрсетуі тиіс:
- зерттеу мәселесін (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау;
- зерттеу жүргізу жоспарын (оның кезеңдері)құру;
- зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, болжам жасау,
- зерттеу әдістерін таңдау және пайдалану;
- алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, зерттеу тақырыбы 
бойынша теориялық (сандық және сапалық) материалды (әдебиетке сілтеме, 
электрондық дерек көздері) таңдау және жүйелеу;
- ақпаратты бір түрден екінші түрге түрлендіру: сөздік – кестелік, 
кестелік-сызбалық немесе графикалық және т. б.;
- зерттеудің басында ұсынылған болжамды растайтын немесе жоққа 
шығаратын қорытынды жасау.
- жүргізілген зерттеу жұмыстарын жетілдіру жолдарын немесе алынған 
теориялық қорытындыларды практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет