Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы



Pdf көрінісі
бет10/76
Дата29.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#103694
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
Байланысты:
каз

PISA-2025
Халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізу шеңберінде алдағы 
PISA2025 негізгі бағыты жаратылыстану-ғылыми сауаттылық болып 
айқындалды. Сұрақтар жаратылыстану сауаттылығын бағалаудың жаңартылған 
шеңберіне негізделетін болады.


16 
Бағалау шеңбері жаратылыстану білімі нәтижесінде қалыптасатын 
құзыреттерді, білім алушыларға осы құзыреттерді қалыптастыру үшін қажетті 
білім түрлерін және білім алушылар нақты өмірде жаратылыстану ғылымдары 
саласындағы проблемалар мен мәселелерге қатысты мәнмәтін түрлерін 
анықтауға мүмкіндік береді.
2025 жылы PISA зерттеулері «жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» 
бағытының нәтижелерін анықтауға бағытталады, ол үшін оқытуда 
жаратылыстану-ғылыми білім беру салаларына көп көңіл бөлу керек. 
Анықтамаға сәйкес, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты көтеру үшін білім 
алушынының ғылым, тұрақты даму және технология туралы сыни көзқараспен 
бағалай отырып, өзіндік ой түю қабілеттерін, танымын, пікір айта білу 
дағдыларын дамыту қажет. Ол үшін:
1) табиғи және технологиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан 
түсіндіре
білу;
2) ғылыми зерттеулер жобаларын әзірлеу және бағалау, сондай-ақ 
ғылыми деректер мен дәлелдемелерді сыни тұрғыдан түсіндіре білу;
3) жаһандық, жергілікті немесе жеке сипаттағы мәселелерді зерттей білу, 
ғылыми ақпаратты бағалай білу, шешімдер қабылдау және ақпараттандырылған 
іс-әрекеттер жасау үшін пайдалану.
ICILS-2018
ICILS-2018 компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты халықаралық 
зерттеу нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарына:
• 
цифрлық теңсіздікті жою мақсатында
мектептің «цифрлық 
резиленттілігін» арттыру, яғни қаладағы және ауылдағы мектептерде АКТ-ға тең 
және кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
• 
компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың жоғары деңгейін (3 
және 4-деңгей) қамтамасыз ететін, «коммуникативтік мақсаттарда пайдалану 
үшін тиісті ақпаратты таңдау, берілген контексте ақпараттың пайдалылығын 
бағалау және оның мазмұны мен шығу тегі бойынша сенімділігін бағалау 
қабілетін» талап ететін пәнаралық оқытуды дамыту ұсынылады.
Сандық дағдылар - бұл белгілі бір пәндік саламен байланысты емес 
дағдылар жиынтығы.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет