Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы


Сынып жетекшілер Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №18



Pdf көрінісі
бет13/76
Дата29.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#103694
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76
Байланысты:
каз

Сынып жетекшілер Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №18 
бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережесін 
негізге алады. 
3) сыныптан тыс іс-әрекеттер шеңберінде:
− білім алушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында пән 
мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің бірлескен жобаларын жүзеге асыру және 
қосымша білім алуға жағдай жасау ұсынылады;
− білім беру ұйымына аты берілген тұлғалар туралы білім алушылардың 
тереңірек білуіне бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
− білім беру ұйымы орналасқан өлкенің танымал тұлғаларымен, еңбек 
ардагерлерімен және мектепті аяқтап табысты еңбек етіп жатқан түлектерімен 
кездесу ұйымдастыру ұсынылады.
Білім алушылардың мектептен, сыныптан тыс уақытта бос уақыттарын 
дұрыс ұйымдастыру үшін мектепте қосымша білім алумен яғни, дене 
шынықтыру және спорттық; көркемдік-эстетикалық, туристік-өлкетану, 
экологиялық-биологиялық және техникалық бағыттардағы үйірмелер және 
пәндік факультативтік сабақтармен қамтамасыз ету ұсынылады.
Білім беру ұйымдарында білім алушыларды білімге ынталандыру мен 
денсаулықты сақтауға, ұлттық өнер мен мұраны қастерлеуге және қоршаған 
ортаға қамқорлық жасауға баулитын «Тоғыз айға 9 іс-шара» ұсынылады.
Аталған іс-шаралар барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта 
басталады. Қатысушылар санын және қатысушылардың киімдерін әрбір білім 
беру ұйымы дербес анықтайды. Іс-шараны ұйымдастыру барысында 
қатысушылардың жас және жеке дара ерекшеліктері ескерілуі қажет.
Қыркүйек айында «Сергіту сәті» шарасын өткізу ұсынылады. Негізгі 
мақсат – білім алушыларға салауатты өмір салтын дәріптеу, спортқа тарту.
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 25 қазанда атап өтілетін 
Республика күніне орайлас «Әнұран орындау» шарасы ұсынылады.
Ұлттық ойындар мен өнерді дәріптеу мақсатында қараша айында «Асық 
ойыны», наурызда «Домбырашылар», сәуірде «Тоғызқұмалақ, шахмат ойнау»
шараларын өткізу ұсынылады.
Білім алушыларды білімге, оқуға құштарлығын оятып, кітап оқуды 
дәріптеу мақсатында желтоқсан айында «Шығарма жазу», қаңтарда «Қазақ 
есебі», ақпанда «Оқуға құштар мектеп» және мамыр айында қоршаған ортаны 
аялауға баулу үшін «Жасыл мекен» шарасын өткізу ұсынылады.
«Тоғыз айға 9 іс-шара» білім беру ұйымдарының тәрбие ісіндегі жаңа 
бастамалардың туындауына себепші болады.


20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет