ТАҚЫРЫБЫ: «Аллергия»
Аллергия
(лат. allos- өзгеше + ergon – әсер) – антигендiк қасиетi бар
заттарға жалпы және жергiлiктi реакциялармен көрінетін
организмнiң ерекше
жоғарылаған патогендiк сезiмталдығы.
Аллергендер
(от лат. allos- өзгеше + gen – туындататын) –аллергиялық
реакциялар дамуын туындататын заттектер.
Антигендер
(лат. anty- қарсы + gen – туындататын)
–
иммунды
лимфоциттердiң антиденелердi түзуiн шақыратын жоғары молекулалық организм
үшiн бөгде заттектер.
Антитела
– антигендердің әсеріне жауап ретінде түзілетін және
антигендермен әрекеттесетін иммуноглобулиндер.
Аутоантиген
– организмнің кейбір тіндерінің меншікті антигендері және
әртүрлі биологиялық, физико-химиялық факторлардың әсерінен екіншілікті пайда
болатын антигендер.
Сенсибилизация
(лат.
sensibilis – сезімтал) – организмнің немесе оның бөлек
құрылымдарының
сезімталдығының жоғарылауы, қайтадан енгізілген антигенге
жауап беру қабілетінің пайда
болуы
Активті аллергия
–организмге енген аллергенге жауап ретінде аллергияның
қалыптасуы.
Пассивті
аллергия
-
аллергиялық
антиденелер
немесе
сенсибилизацияланған
лимфоциттер
организмдегі
қанға
немесе
қан
компоненттеріне енуінің нәтижесінде пайда болатын аллергиялық серпіліс.
Реагиндер
– жоғары жасушалық аффиндігі бар Е класына жататын
иммуноглобулиндер. Базофилдер мен бұлтты
жасушалардың беткейінде Fc-
рецепторлармен бекіп тұрады (1 реттегі нысана-жасушалар). Реагинге
байланысқан аллерген бұлтты клеткалардың бұзылысын шақырып, қанға көптеген
медиаторлар
мен гистаминді бөледі, нәтижесінде тегіс бұлшықеттік талшықтар
жиырылып, тамырлардың
өткізгіштігі жоғарылайды, қышу сезімі пайда болады...
Достарыңызбен бөлісу: