Онкорновирустар -
құрамында РНҚ бар онкогенді вирустар.
Прогрессия
(лат. progression - алға жылжу)- өсу барысында морфологиялық,
биохимиялық, қызметтік және т.б., өспелік атипизмнің үдеуі-күшеюі.
Протоонкоген
– нәруызды реттеуші ген, қалыпты жағдайда жасушалардың
өсуін
және
дифференциациялану
процесін
реттейді.
Протоонкоген
активацияланғаннан кейін онкогенге айналады
және өспе туындауына ықпал
етеді.
Регенерация
(лат.
regeneratio- қайта туылуы)- зақымдалған немесе жойылған
ағзалардың бөліктерінің, олардың органойдтарының, тіндерінің қалпына келуі.
Репарация
(лат. reparatio- қалпына келу)
-
зақымдалған тіндердің,
жасушалардың, жасуша ішілік құрылымдардың қалпына келуі.
Саркома
(грек. sarcos - ет) - дәнекер тіннен шығатын қатерлі өспе; обырлық
өспелерге тән белгілері:
инфильтрацияланып өсуі, яғни айналасындағы тіндерге
еніп оларды бұзу арқылы өсетін, хирургиялық жолмен алынып тасталғаннан кейін
қайта метастазаланатын қасиеті бар.
Достарыңызбен бөлісу: