рН - қанның активті реакциясының көрсеткіші, яғни сутек (Н
+
) иондарының
молярлық концентрациясының терiс ондық логарифмi.
рСО 2 - қандағы көмiрқышқыл газының парциалдық қысымы. Тыныс алу
жүйесінің қызметтік жағдайын көрсетеді, әсіресе патологиясы мен метаболизмдік
ығысулар кезінде өзгеретін компенсаторлық реакциялардың нәтижесін
анықтауға болады (қалыпты жағдайдайда 35—45 мм с.б.).
АB - қанның шынайы бикарбонаттары = қан тамырлар арнасындағы нақты
жағдайдағы (НСО
3
) көмір қышқыл иондарының концентрациясы.
SB - стандартты бикарбонат = стандартты жағдайда өлшенген бикарбонатты
иондардың (НСО
3
), концентрациясы. Метаболизмдік өзгерiстердi көрсетедi
(қалыпты жағдайдағы мөлшерi 21,6 дан 26,9 ммоль/л-ге дейiн).
BB - қанның буферлiк негiздерi = оттекпен толық қаныққан қандағы буферлiк
иондардың (бикарбонаттар, белоктар, гемоглобин) жалпы концентрациясы
(қалыпты жағдайдағы мөлшерi 43,7-ден 53,5 ммоль/л-ге дейiн)
BE - буферлік негіздердің артық болуы немесе жеткіліксіздігі (қалыпты
жағдайдағы мөлшері + 2,5 ммоль/л).
Зәрдің титрационды қышқылдығы (ТҚ) - несептегі қышқыл өнімдерді
бейтараптауға қажетті, NaOH ерітіндісіндегі 0,1мл N саны. (қалыпты жағдайда
сілтінің 10-30 мл).
Аструп әдісі - қанның СО -мен әр түрлi деңгейде қаныққан жағдайында
қанның рН-ын электрометрлiк олшеуден кейiн номограммалар немесе компьютер
арқылы кейбiр көрсеткiштердi /АВ, SB, ВВ, ВЕ/ есептеу.
Буферлік жүйе – қышқыл (донор Н
+
) мен негіздерді (акцептор Н
+
) құрайтын
химиялық жиынтық, рН-қалыпты жағдайдағы осылардың қатынасы тұрақты
көрсеткіш болып саналады.
Нәруыздық буферлік жүйе - нәруыздардың екіжақты( амфотерлік ) қасиеті
бар; яғни қышқылдық ортада сілті ретінде ал, сілтілік ортада қышқыл ретінде әсер
етеді.