Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет34/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Кетонурия - 
зәрде кетонды денелердің болуы. 
Гликоген 
(грек. glykys – тәтті + gignomai - туындатушы) - глюкоза 
қалдықтарынан 
құралған 
жоғары 
молекулалы 
полисахарид. 
Бауырда, 
бұлшықеттерде және басқа ағзаларда кездеседi. 
Гликогенез 
(
грек. glykys – тәтті + genesis – зарождение) - организмде 
гликогеннiң биосинтезi. 
Гликогенолиз (
грек. glykys – тәтті + + gignomai - туындатушы + lysis - 
ыдырау,бұзылу) - гликогеннiң тiндерде глюкозаға дейiнгi ферментативтi ыдырау 
процесi.
Гликолиз 
(грек. glycos - тәтті + lysis -бөлшектену) - глюкозаның оттегiсіз 
сүт қышқылына дейiнгi ферментативтi ыдырау процесi. 
Гликонеогенез 
(грек. glycos - тәтті + neos - жаңа + genesis – туындау) - 
глюкозаның, гликогеннiң сүт қышқылынан, нәруыздардан немесе майлардан 
түзiлу процесi. 
Кори циклы- 
сүт
 
қышқылынан глюкозаның синтезделуі. 
Рэндл циклы
- «глюкозаны үнемдеуші» үшін тіндерде глюкозаның орнына 
май қышқылдарының тотығуы
 
есебінен іске асатын цикл.
Гликогеноздар
- түрлі ағзалар мен тіндерде гликогеннің артық жиналуымен 
сипатталатын тұқым қуатын аурулар тобы.
Панкреалық (абсолютті) инсулиндiк жеткiлiксiздiк- 
инсулиннiң 
биосинтезі мен бөлiнуінің бұзылуынан дамыған инсулин жеткiлiксiздi. 
Панкреалық емес (салыстырмалы) инсулиндiк жеткiлiксiздiк 

Лангенгарс аралшықтарындағы бета жасушалардың инсулинді түзуі және бөлуі 
қалыпты жағдайда, инсулиннің катаболизмiн тездететiн немесе әсерiн тежейтiн 
факторлардың пайда болуымен байланысты дамыған инсулин жеткiлiксiздiгі. 
Синальбумин 
– бұлшықет тіндеріне инсулиннiң антагонистi. Оның 
мөлшерiнiң жоғарлауы панкреалық емес инсулин жеткiлiксiздiгiне әкелуі мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет