Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет13/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Байланысты:
терминдік сөздік ПФ-1 2

 
Шок 
(ағылш.shock- соққы) – организмнің өмір сүруге маңызды қызметтерінің 
қатты әлсіреуімен сипатталатын ауыр патологиялық процесс.
 
Коллапс
(лат. collabor-құлау, төмен түсу) – артериялық қысымның төмендеуімен, 
айналымдығы қанның көлемі азаюымен сипатталатын жіті тамырлық 
жеткіліксіздік. 
 
Кома 
(гр. koma-терең ұйқы) – адам өміріне қажетті қызметтердің реттелуі 
бұзылуымен, сыртқы қоздырғыштарға рефлекстердің жоқ болуымен, орталық 
жүйке жүйесінде патологиялық тежелудің анық көрінуімен байланысты естен 
терең тануымен сипатталатын күй.
 
 
 
 
 
 


ТАҚЫРЫБЫ: «Патологиядағы тұқым қуалаушылықтың маңызы» 
Тұқым қуалайтын аппарат – 
ұрықтандырғаннан кейiн ұрпаққа толық өтетiн, 
көптеген гендерден тұратын хромосалар жиынтығы.
 
Хромосомалар 
(гр. chroma- түс+soma- дене)
 

 
құрамына ДНҚ кiретiн және 
тұқым қуалайтын мәлiметтi тасушы жасуша ядросының құрылымдық элементi. 
Ген 
(гр. genos- туындатушы, тегi) – ата-ана қасиеттерiн және айрықшылығын 
ұрпақтан ұрпаққа тарататын хромосоманың арнайы бөлшегi. 
Аллель 
(гр. allelon-өзара) – бiр белгiнi анықтайтын, гомологиялық (жұптық) 
хромосомалардың бiрдей бөлiктерiнде орналаскан жұп гендердiң бiреуi. 
Геном 
(гр. genos- туындатушы, тегi)
 
– хромосомалардың гаплоидты 
құрамындағы гендердiң жинағы. 
Генотип
( гр. genos- туындатушы, тегi+typos-үлгi)
 

 
жеке организмге тән 
гендердiң жинағы.

Генофонд
- организмнiң бiр түрi популяциясындағы гендердiң жинағы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет