Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет9/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
терминдік сөздік ПФ-1 2

Патогенездік ем 
– ауру патогенезіндегі себеп-салдарлық қатынастардың 
тізбектерін жоюға бағытталған шаралар кешені.
Конституция 
(лат. constitutio-құрылым, дене құрылымы) – тұқым қуалайтын 
және жүре пайда болған қасиеттердiң негiзiнде құралған және организмнiң 
реактивтiлiк жағдайын қалыптастыратын қызметтiк және морфологиялық 
ерекшелiктердiң жиынтығы. 
Диатездер 
(гр. diathesis-бейiмдiлiк) – кәдiмгi қоздырғыштарға сәйкес емес 
реакциялармен жауап беруiмен, кейбiр ауруларға бейiмдiлiгiмен сипатталатын 
конституция ауытқуы. 
Адаптация 
(лат. adaptatio- бейiмделу) – эволюцияда қалыптасқан тiрi 
организмнiң өзгермелi өмiр сүру ортасына бейiмделуi. 
Деадаптация 
(лат. de-жою, adaptatio- бейiмделу) – организмнiң бұрын иеленген 
өмiр сүру ортасына бейiмделу қасиеттерiн жоғалту. 
Дизадаптация 
(гр. dys-бұзылу, adaptatio- бейiмделу) – сыртқы немесе iшкi орта 
факторларына организм бейiмделуiнiң бұзылуы. 
Реактивтiлiк 
(гр. reactia- қарсы шығу) – сыртқы ортаның әртүрлi әсерлерiне 
тiршiлiк әрекетiн өзгерту арқылы организмнiң жауап беру қасиетi. 
Гиперергия 
(гр. hyper- көп,жоғары+ergon-әсер, қызмет) – организм 
реактивтiлiгiнiң жоғары болуы. 
Гипоергия 
(гр. hypo- аз, төмен+ergon- әсер, қызмет) – организм реактивтiлiгiнiң 
төмен болуы. 
Нормергия 
(гр. norma- норма,қалыпты жағдай+ ergon- әсер, қызмет) –
 
организм 
реактивтiлiгiнiң қалыпты болуы. 
Дизергия 
(лат. dys-бұзылу) – организм реактивтiлiгiнiң бұрмалануы. 
Резистенттілік 
– патогендiк факторлар әсерiне организмнiң тұрақтылығы. 


ТАҚЫРЫБЫ: «Жасушаның жалпы патологиясы. Организмнің 
зақымдануға жалпы реакциялары» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет