Гиперпротеинемия
(грек. hyper – жоғары, басым + prōtos - бірінші
+ haima -
қан) - қанда нәруыздардың жалпы мөлшерінің жоғарылауы (85 г/л көп).
Абсолютті гиперпротеинемия қанда глобулиндердің синтезделуі артқанда
байқалады (миеломды ауруда, аутоиммундық ауруларда).
Салыстырмалы
гиперпротеинемия қан қоюланғанда байқалады (сусыздану кезінде).
Диспротеинемия
(грек. dys – бүліну, бұзылу + prōtos - бірінші
+ haima - қан)
- қанда нәруыздардың жалпы мөлшері қалыпты, ал
олардың бөлек
фракцияларының арасындағы қатынастың бұзылуы. Қалыпты жағдайда
альбуминдік-глобулиндік коэффициент 1,5 – 2,5 тең.
Парапротеиндер
(грек.
para - жанында, алшақ + prōtos - бірінші) – қанда
ақаулық (патологиялық) нәруыздардың – парапротеиндердің пайда болуы. Бұл
сапасы өзгерген гамма-глобулиндер. Антидене түзетiн
жасушалардың бөлек
клондарының өнiмдерi болып саналады
Криоглобулиндер
(грек. kryos -суық, аяз)
- суықта преципитацияланатын,
қоймалжың зат тәрізді болып қалатын, иммуноглобулиндiк
ерекшелiктерi бар
патологиялық нәруыздар.
Дефектпротеинемия
- отсутствие в
крови того или иного плазменного
белка. Обычно наследственная патология, при которой в крови отсутствует одна
из белковых фракций (например, агаммаглобулинемия – болезнь Брутона.
Ақаулық протеинемия-
қанда плазмалық нәруыздардың болмауы. Қанда бір
нәруызды фракцияның жоқтығы тұқым қуалайтын патология болып табылады. (
мыса-лы, агаммаглобулинемия- Брутон ауруы; афибриногенемия).