Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет29/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Карбоксигемоглобин 

көміртек тотығының (СО) гемоглобинмен 
байланысуы. 
Карбгемоглобин 
– көміртек қос тотығының (СО
2
) гемоглобинмен 
байланысуы. 
Гипербариялық оксигенация 
– жоғары қысымда оттегімен дем алдыру 
арқылы гипоксиялық жағдайларды емдеу әдісі. 
Гипероксия 
(гр.hypеr – жоғары, басым + лат.oxygenum - оттегі) жасушаның 
оттегіге мұқтаждығы мен оттегіні жасушаға тасымалдау жылдамдығы 
арасындағы 
сәйкессіздіктен 
дамитын 
патологиялық 
процесс.(Оттегінің 
тасымалдануы жоғарылап, мұқтаждықтың төмендеуі салдарынан жасушалық РО

артады). 


ТАҚЫРЫБЫ: «Тұз-су алмасуының бұзылыстары» 
 
Дисгидриялар
(лат. dys- бұзылу + hydros- су)- организмде су балансының 
бұзылуы. 
Гипергидратация
(лат. hyper – жоғары, көп + hydros - су)- организмнің ішкі 
ортасында су мөлшерінің тым артық болуы; оң су балансы тән: организмдегі
судың экскрециясы мен жоғалуынан гөрі организмге келіп түскен судың басым 
болуы. 
Гипогидратация (дегидратация) 
(лат. hypо - төмен, аз + hydros – су) - 
обезвоживание организмнің сусыздануы, теріс су балансы мен сипатталады: 
организмге түскен сумен салыстырғанда, судың шығарылуының көп болуы. 
Эксикоз
(лат. exsicco- құрғату)- сусызданудың ең ауыр түрі.
Изоосмолярлық дегидратация –
организм осмолярлығы плазмаға сәйкес 
сұйықтықты жоғалтқанда дамиды

(судың тапшылығы электролит тапшылығына 


тең) 
Гипоосмолярлық дегидратация –
организм электролиттерді суға қарағанда 
көп жоғалтқанда байқалады
 
(судың тапшылығынан электролиттердің тапшылығы 
басым). 
Гиперосмолярлық дегидратация 
– организм суды электролиттерге 
қарағанда көп жоғалтқанда байқалады (электролиттердің тапшылығына қарағанда 
судың тапшылығы басым). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет