Жалпы патофизиология


Бикарбонатты буферлік жүйе



Pdf көрінісі
бет32/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Бикарбонатты буферлік жүйе 
- көмір қышқылының тұздарға қатынасын 
анықтайтын ең күшті физико-химиялық буферлік жүйе. Қалыпты жағдайда H
2
CO
3
: NaHCO
3
қатынасы 1:20 құрайды.
Гемоглобиндік буферлік жүйе – 
қалпына келген гемоглобиннің 
оксигемоглобинге қатынасымен анықталатын сиымдылығы ең күшті буферлік 
жүйе. 
Фосфатты буферлік жүйе 
- бір негіздік натрий фосфаттың екі негіздік 
натрий фосфатқа қатынасы. Бұл арақатынас 1:4 тең. 
Ацидоз 
(лат. acidus - қышқыл) - қанда қышқылдардың абсолютті немесе 
салыстырмалы түрде артық болуы. 
Алкалоз 
(лат. alcali – сілті) - қанда негiздердiң абсолютті немесе 
салыстырмалы түрде артық болуы. 


Қышқылдық-негiздiк тепе-теңдiктің теңгерілген бұзылыстары- 
Н
2
СО
3
және NаНСО
3
абсолютты сандарының өзгергенімен, бiрақ олардың қатынасы 
қалыпты жағдайда қалғандықтан, қанның рН-ының өзгермейтiн жағдайы. 
Қышқылдық-негiздiк тепе-теңдiктің теңгерілмеген бұзылыстары 
-
Н
2
СО
3
және NаНСО
3
абсолютты сандарының өзгеруiмен қатар олардың қатынасы 
да өзгерiп, қан рН-ының қалыптан тыс ығысуы. 
Газдық ацидоз
–қанда көмiрқышқыл концентрациясының жоғарлауы және 
оның парциалды қысымының өсуiмен сипатталатын ацидоз. 
Газдық емес ацидоз –
организмде ұшпайтын қышқыл өнiмдердiң 
жиналуымен сипатталатын ацидоз. Метаболизмдік, бөлінулік, экзогендік болып 
бөлінеді. 
Газдық алкалоз
–қанда көмiрқышқыл концентрациясының азаюымен және 
оның парциалды қысымының төмендеуімен сипатталатын ацидоз. 
Газдық емес алкалоз 
- сутек иондарының терiс балансы және негiздердiң 
артық болу салдарынан дамитын алкалоз. Метаболизмдік, бөлінулік, экзогендік 
газдық емес алкалоз болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет