ТАҚЫРЫБЫ: «Нәруыз алмасуының бұзылыстары»
Азоттық тепе-теңдік (азоттық баланс) - организмнен шығарылатын
азоттық өнімдердің мөлшерi тағаммен түсетiн мөлшерге тең болатын жағдайы.
Оң азоттық баланс - организмде құрамында азоты бар нәруыздардың
ыдырауынан, организмге тағаммен түсетiн азот мөлшерiнің басым болуы.
Теріс азоттық баланс- организмнен шығарылатын азоттық өнiмдердің
тағаммен түсетiн азоттың мөлшерiнен артық болуы.
Алмастырылмайтын (эссенциальді) амин қышқылдар - организмде
өндірілмейтін (түзiлмейтiн), тек тағаммен ғана түсетiн аминқышқылдары
(фенилаланин, валин, триптофан, метионин, лизин, лейцин, треонин, изолейцин).
Дезаминделу - аминқышқылдардың аралық алмасуының этапы.
Аминооксидаза ферменттерінің әсерiнен аминқышқылдары аминтоптарынан
азотты жоғалтады, ал ол аммиак түрiнде шығарылады.
Переаминделу (трансаминделу) - аминқышқылдардың аралық алмасуының
этапы. Трансаминаза ферменттерінің әсерiнен (бос аммиак түзусiз өтетiн)
аминқышқылдан альфа- кетоқышқылға аминтоптарды қайтымды тасымалдау
процесi.
Декарбоксилдену - аминқышқылдардың аралық алмасуының этапы.
Декарбоксилаза ферменттерінің әсерiнен карбоксильдi топтан СО
2
шығарылып,
биогендiк аминнiң түзiлуі.
Алиментарлық нәруыз жеткiлiксiздiгі- организмге тағаммен бiрге
нәруыздардың жеткiлiксiз түсуi, олардың қорытылуы мен сiңiрiлуiнiң бұзылуы.
Гипераминоацидемия (грек. hyper – жоғары, басым + англ. amino acid -
аминқышқылы + греч. haima қан) – қанда аминқышқылдардың мөлшерiнің артуы.
Гиперазотемия (грек. hyper – жоғары, басым + ázōos - тіршіліксіз + haima
кровь) - қанда қалдық азот мөлшерiнiң жоғарлауы.
Өнімдік гиперазотемия - 1) бауырдың ауыр зақымдануларынан
несепнәрдің (мочевина) бауырда түзілмеуі салдарынан қанда қалдық азоттың
жоғарылауы (несепнәрдің мөлшері жоғарыламайды, жиі төмендейді; қанда
аммиактың мөлшері артады; бауырда аминқышқылдарының дезаминделуі
бұзылады; бауырда ыдыраған нәруыздардың бактериялық өнімдерінің
концентрациясы қан құрамында артады); 2) тіндердің ауқымды ыдырауы кезінде
қанда қалдық азот мөлшері жоғарылайды (жарақаттық шок, күйіктер, өспелер).
Достарыңызбен бөлісу: