ТАҚЫРЫБЫ: «Көмірсу алмасуының бұзылыстары»
Қантты диабет (diabetes mellitus)- - зат алмасу бұзылыстарымен (әсiресе
комiрсулардың) қатар жүретiн инсулиннiң абсолютті
немесе салыстырмалы
жеткiлiксiздiгiнен дамитын ауру.
Инсулин (лат. insula - аралшық) - ұйқы безінің Лангенгарс
аралшықтарындағы бета жасушаларда түзілетін табиғи пептидті гармон. Зат
алмасуға көптеген септігін тигізеді. Инсулин
негізінен қандағы глюкоза
мөлшерінің төмендеуіне әсер етеді.
Контринсулярлы гормондар - инсулиннiң
гормондық антагонистерi
(соматотропты гормон, адренокортикотропты гормон,
глюкокортикоидтар,
адреналин, норадреналин,
тироксин, трийодтиронин, глюкагон).
Олардың
артығымен бөлiнуi гипергликемия дамуына ықпал етеді.
Гликемия (грек. glykys - тәтті + haima - қан) - қандағы глюкоза мөлшерi
(қалыпты мөлшері 3,3-5,5 ммоль/л).
Гипергликемия (грек. hyper - жоғары, басым + glykys - тәтті + haima - қан) –
қандағы глюкоза мөлшерінің 5,5 ммоль/л –ден жоғары болуы.
Гиперкетонемия - қанда кетонды денелердің жоғарылауы(ацетосірке
қышқылы, бета-оксимай қышқылы және ацетон), (қалыпты мөлшері 0,5-2,5 мг%).
Глюкозурия (грек. glykys-тәтті + uron – несеп, зәр)
- екiншiлiктi зәрде
глюкозаның болуы.
Кетонурия - зәрде кетонды денелердің болуы.
Гликоген (грек. glykys – тәтті + gignomai - туындатушы) - глюкоза
қалдықтарынан
құралған
жоғары
молекулалы
полисахарид.
Бауырда,
бұлшықеттерде және басқа ағзаларда кездеседi.
Гликогенез (грек. glykys – тәтті + genesis – зарождение)
- организмде
гликогеннiң биосинтезi.
Гликогенолиз (грек. glykys – тәтті + + gignomai - туындатушы + lysis -
ыдырау,бұзылу) - гликогеннiң тiндерде глюкозаға дейiнгi ферментативтi ыдырау
процесi.
Достарыңызбен бөлісу: