«Жалпы психология» кафедрасы психолого-педагогикалық іс-тәжірибе бойынша есеп орындаған


Сынып ұжымына психологиялық –педагогикалық мінездеме



бет3/3
Дата21.02.2023
өлшемі51,5 Kb.
#69820
1   2   3
Байланысты:
Òîáû âïê-15-1ê Ì.?óåçîâ àòûíäà?û Î?ìó-äû?

Сынып ұжымына психологиялық –педагогикалық мінездеме
Мен іс-тәжірибеден өту үшін бекітілген 10 «А» сыныбында 20 оқушы бар. Оның 12-і ұл балалар болса, 8-і қыз балалар. Оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.Оқушылардың үлгерімі жақсы деңгейде деп айта аламын. Үйірмелерге қатысу жағынан қыздарға қарағанда ұлдар басым. Олар баскетбол, футбол, воллейбол спорт үйірмелеріне қатысады.Сыныпта берілген оқу материалдарын оңай меңгеретін , зейіні жақсы дамыған оқушылар көп. Сынып жетекшісінің қоятын талаптары ең алдымен тәртіп, әр оқушы өзіне берілген жұмысты уакытында орындауы тиіс. Әр апта ашық есік күніне ата-аналар жиналып, оқушылардың оқу-тәртіп үлгерімін қадағалап отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар да бар.
Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады.Ресми емес көшбасшы немесе ұжымнан тыс қалған оқушылар бұл сыныпта жоқ, барлығы бір ауыздан әрекет етеді.Ата-аналар жиналысында ең алдымен оқушылардың оқу үлгерімі мен тәрбиесі қаралады, сонымен қатар білім беру бағдарламасындағы жаңа өзгерістермен ата-аналарды хабардар етіп отырады. Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады.
Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің талаптарын лезде әрі ұқыпты орындауға тырысады. Бос уақыттарында түрлі үйімелерге қатысады. Кез – келген жұмыстарды сүйіспеншілікпен орындайды, өзіне жүктелген жұмысты әрқашан өз уақытында орындайды. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып әкімі мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет