Қорытынды
Қорыта келгенде, мен 22.01.2018-03.02.2018ж. уақыт аралығында психолого-педагогикалық іс-тәжірибеде болдым. Бұл іс-тәжірибе Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебіне күнделікті барып жүрдім. Іс-тәжірибенің алғашқы күні мектептің жалпы мектеп жүйесімен, ұйымды айқындайтын құжаттармен таныстым. Тұтас педагогикалық үрдіс тұрғысынан қарағанда, сынып жетекшінің оқу жұмыс барысындағы және сыныптан тыс уақыттағы психикалық тәжірибесімен таныстым.Сынып жетекшісінің апта сайын өтетін тәрбиелік жұмыс жоспарымен, маған берілген сынып ұжымымен таныстым.Оқушылардың бір-біріне ұйымшылдығын, бірлесіп жұмыс жасайтынын, ұйымдасушылық қабілеттерін байқадым. Сонымен қатар, бастапқы әскери дайындық сабақтарына қатысып, ағайдың сабақ өту әдістерін және оқушылардың қызығушылығын арттыру тәсілдерін үйрендім. Сабақ түсінікті болу үшін көптеген көрнекіліктер қолданып, жаттығу залдарына барып оқушыларды шынықтырды. Ағай өз ісіне жауапкершілікпен қарайды.
Сыныпта оқитын оқушыларды жан-жақты зерттеп, оларға мінездеме жасадым. Оқушылар қызығушылығы жоғары, белсенді, сабақ үлгерімдері жақсы, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болады. Бірлесе ұйымдасып, түрлі шараларға қатысады.
Мектеп ұжымы өз істеріне белсенді, қазіргі заманның талабына сай, жаңа бағытта қоғамға ілесе жұмыс атқарып жатыр. Оқушылардың саналы да, сапалы білім алуларына, білімді де, білгір азамат пен азаматша етіп тәрбиелеуге бар еңбектерін аямай, ат салысады.
Психикалық зерттеу жұмыстарын жүргізудің, оның нәтижелерін педагогикалық үрдісте тиімді жүзеге асыру үшін қолдандым.
Сабақты психологиялық-педагогикалық талдау
Сабақтың мазмұны оқушыларға лайықты етіліп, нақты жинақталған. Алдыңғы сабақта қол жеткізген соңғы нәтижені және тақырыпты оқытудың психологиялық міндеттері ескерілген.Оқушыларды дамытуға мүмкіндік беретін жекелеген психо- педагогикалық құралдар мен әдістемелік әдістер нақты жинақталған.
Сабақтың мазмұны мен құрылымы дамыта оқыту қағидасына сәйкес келеді. Оқущылардың ойлау әрекеттері мен ес процессіне лайықты және дайын білімді сол күйінде игеру (оқытушы сөзінен, оқу құралынан, әдістемелік нұсқаулықтан) және өз бетінше іздену процесі жоспарланған. Мұғалім өзін-өзі бақылауын есепке алып, сабақтың ұйымдастыруын жүзеге асырады. Қатысушылардың қиялы мен ойлау әрекетін ұйымдастыруда, жаңа бейнелер, ұғымдар мен жаңа көзқарасының дамуын қалыптастыруда психологиялық заңдылықтарға негізделген. Оқушылардың белсенділігі мен өз бетінше ойлау әрекетін қамтамасыз ететін жұмыстың формасы мен әдістері жоспарланған. Ойлау қабілеттерін (жазбаша, салыстырмалы, жіктеуші және түсіндіруші, бағалаушы, мәселелік) және талқылау, қорытындылау қабілеттерін дамытуға жетекшілік жасалынған. Оқушыларға түрлі шығармашылық жұмыстарды пайдалану жұмыстың мақсатын түсіндіру, оны орындау шарттарын анықтау, материялдарды таңдау және жүйелеуге үйрету, сонымен қатар нәтижелерді өңдеу жұмыстары да жасалынған. Дағдыларды қалыптастыруға түрлі жаттығу арқылы қол жеткізеді. Оқушылардың білім алуға деген ынтасы, олардың өзін-өзі ұйымдастыруы мен ақыл-ой деңгейінің даму көрсеткіші жоғары.Сабақты ұйымдастыруда қатысушылардың жас және жеке ерекшеліктері ескеріген, сабақты дейгейлеп ұйымдастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |