ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Кешкі және қашықтықтан оқыту» институтты «Жалпы психология» кафедрасы ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП
Орындаған: Бектұрған М
Тобы: ВПК-15-1к
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Кешкі және қашықтықтан оқыту» институтты Бастапқы әскери дайындық мамандығының ІІІ курс студенті Бектұрған Мадиярдың іс-тәжірибе бойынша
Есебі Мен Бектұрған Мадияр 22.01.-03.02.18 ж. аралығында іс-тәжірибемді ОҚО. Түлкібас ауданында орналасқан Ю.Гагарин мектебінде өткіздім. Іс – тәжірибенің алғашқы күнінде жетекшіммен және ағылшын пәні мұғалімімен , маған бекітілген 6 «ақ» сыныбымен таныстым. Менің сынып жетекшім әрі пән мұғалімім Оралова Лаура болды.
Іс – тәжірибенің келесі күнінде іс-тәжірибе өту мекемесімен таныстым.
Бізді мектептің құрылу тарихымен және ұжыммен таныстырды. Сынып жетекшілермен , пән мұғалімдерімен , мектеп басшылығымен әңгімелестік.
Ұйымның қызметін айқындайтын құжаттармен таныстым.Мектептің оқу-тәрбие жұмыстары жүйесін зерделеп, сыныптың және қатысушылардың жас ерекшеліктерін зерттедім. Мектептің жұмыс жоспарына талдау жүргіздім.
Сынып журналын, медициналық картасын , оқушылардың жеке іс-қағаздарын зерттедім. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын бақыладым.
Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмыс жоспарымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекмесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері мен құқықтарымен толықтай танысып шықтым. Тұтас педагогикалық үрдіс тұрғысынан алғанда сынып жетекшісінің оқу жұмыс барысындағы , және сыныптан тыс уақыттағы психологиялық тәжірибесімен, әр оқушымен жеке жұмыс жасауын , ата-аналарымен тығыз байланыста болуын бақыладым.Өзіме тәжірибе жинадым.
Пән бойынша оқу кабинеттерінің оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қаншалықты әсер ететіндігін зерттедім.Пән мұғалімдерінің сабақ өту барысын, тәсілін, әдісін, оқушылармен жеке жұмыс және топтық жұмыс жасай отырып сабақ өтуін зерделедім.
Сыныптың оқу пәндері бойынша сабақ кестесімен таныстым. Пән мұғалімдерінің сыныптан тыс, оқу бағдарламаларымен, күнтізбелік тақырыптық , сабақ жоспары (орта мерзімді, қысқа мерзімді ) жұмыс жоспарымен таныстым.
Пән мұғалімінің сабағына еніп, психологиялық және педагогикалық талдау жасадым. Өз сыныбындағы сыныптан тыс іс-шараларға, түрлі пәндердің сабақтарына сабаққа қатысу барысында оқушыларды бақыладым. Сабаққа педагогикалық және психологиялық талдау жасадым.
Сыныптан тыс тәрбие сағаттарын , сабақтарды ұйымдастыруда сынып жетекшісіне көмектестім. Сабақты ұйымдастыруда пән мұғаліміне көмек бердім. Пән мұғалімінің сабаққа дидактикалық материалдарды дайындауда көмектестім.
Психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргіздім және оның нәтижелерін педагогикалық үрдісті тиімді жүзеге асыру үшін қолдандым, Оқушыға психологиялық -педагогикалық мінездеме, сыныпқа педагогикалық және психологиялық мінездеме жасадым;
Пән мұғалімінің сабағына қатысып, сабақ өту барысын бақыладым, сабақ өту әдістерін , тәсілдерінен өзіме тәжірибе жинақтадым. Өткен тақырыптарына байланысты техникалық құралдарын , дидактикалық материалдар, көрнекі құралдар даярлап және де студенттердің дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және әдістерін ұғынуға ұмтылдым.
Сынып жетекшісінің ағымдағы тәрбие сағатына қатыстым. Сынып жетекшісінің оқушылармен жұмысын жақсы тәртібіне қарай мадақтап, ал теріс қылықтары үшін жазалау әдістерін қолданғанын бақыладым. Тәрбие жұмыс жоспарын даярладым. Сыныпта өткізілген тәрбие жұмысымен танысу және өткізілген іс-шараларға деген қызығушылығын зерделедім. Жеке тапсырма және ғылыми жұмыстарды орындадым. Іс-тәжірибеден өту барысында есеп жасадым, іс-тәжірибені қорытындыладым. Іс-тәжірибенің есебін қорғадым.