Негативистік көзқарастағы адамда еріктің дербестігі
болмайды. Ондай адамдар басқаның кеңесіне дүрыс болса
да қүлақ аспайды. Барлығын жоққа шығаруға тырысып
бағады, тіпті өз көзқарасы мен сенімдеріне де қарама-қарсы
болады.
Негативизмге қарама-қарсы, сонымен қатар еріктің
жағымсыз сапаларының бірі сенгіштік.
Сенгіш адам басқаның ықпалына жеңіл, тез берілгіш
келеді. Басқаның берген ақыл-кеңесіне қате бола түрса да
көнгіш, сыни көзбен қарамайтын еріктің жағымсыз сапасын
айтады.
Табандылық - алға қойған мақсатты орындау жолында
кездескен кедергілер мен қиыншылдықтарды жеңе отырып,
үсынған шешімдерді аяғына дейін жеткізу, күш жігерді
жүмсау. Үлы Отан соғысында бүкіл кеңес халқы мен
армиямыз ерекше ерлік пен табаңцылықтың үлгісін керсете
білді. Табанды адам алғашқы кездескен сәтсіздіктерге
мойынсынбай, керісінше, одан да жігерлене түседі, бастаған
ісін аяғына дейін жеткізеді.
Табаңдылықтан еріктің жағымсыз сапасын қыңырлықты
айыра білуіміз керек. Қыңыр адам озінің көзқарасының қате
екенін біле түра, өз козқарасынан таймайды, өз пікірінде
қалуға тырысады. Бүл әлсіз еріктің нәтижесі больш табылады.
Мақсатка үмтылушылық — алға қойған мақсатьш қайткен
күнде де орындап шығудан, бастаған істі нәтижелі етіп
тындырудан көрінетін еріктің сапасы. Бүл үстанған бағытына,
бет алысына, танымы мен сеніміне, қалтқысыз сене білетін
адамдарда жиі кездеседі. Мақсатқа үмтылушылық — алған
беттен қайтпайтын күшті ерік-жігері бар кісінің сапасы.
Адамның мақсатқа үмтылушылық куаты, уміт-арманы, алға
қарай ілгерілеу талабы неғүрлым тартымды, әрі биік болса,
оның қабілет, талабы да жоғары болады.
Тоқтамға келу — адамның өз бетімен жауапты шешімдер
қабылдау және іс-әрекетте оларды жүзеге асыруға
қабілеттілігі. Әрекет белгілі бір шамада тәуекелге барумен
жөне бірнеше баламадан біреуін тандау қажеттілігімен
байланысты к^рдел\ жатдайда ерекше айк,ын көрінеда.
Достарыңызбен бөлісу: