Жалпы психология



Pdf көрінісі
бет160/214
Дата24.09.2024
өлшемі11,67 Mb.
#145484
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   214
Байланысты:
Жалпы психология

м інез-күлқы на 
жаңаша қарау туралы талпыныстар
289


да баршылық. Еріктің белсенділігіне байланысты оған жаңа, 
қазіргіше анықтама беру туралы айтылады.
Мінез-қүлықты ерікті ретгеу санамен байланысты, мінез- 
құлықтың алғашқы түрткісін күшейтуге немесе бәсеңсітуге 
қабілетті. Осындай түрткінің күшеюі мен бәсеңсуі 
орындалатын өрекеттің түлғалық мәнінің өзгеруі арқылы 
іске асады.
Балаларда еріктің дамуы олардың адамгершілік түрткілер 
саласының дамуымен жөне баюымен тығыз байланысты. 
Адамның белсенділігі, жауапкершілігі, үйымшылдығы, 
тертіптілігі сияқты қасиеттері дөстүрлі түрде өруақытта да 
жеке түлғаның еріктік сапаларына жатады. Сонымен, ерік 
мәселесі қазіргі кезде жаңа, өзекті, практикалық мөнге ие 
болуда, демек, осы мәселенің теориялық негіздеріне деген 
қызығушылықтың күшейіп отырғандығын аңғаруға болады.
Ерік үғымы — психологиядағы ертеде қалыптасқан 
үгамдардың бірі. Соңғы онжылдыктарда ерік үғымының 
болашақ тағдыры туралы мәселе талқылана бастады: Ескерте 
кетуіміз керек, кеңес психологтарының арқасында ерікті 
түсінуде біршама ғылыми-зерттеу жүмыстары жүргізілді. 
Ерік проблемасына қызығушылық жөне оның қүлдырауы 
психологиялық мектептер мен бағыттардың жалпы 
түжырымдамасымен тығыз байланысты. Белгілі бір ерікті 
зертгеу жүмыстарында бірінші орынға субъекгінің белсенділігі 
проблемасы қойылды, екінші бағыттағы зертгеулерде мінез- 
қүлықтың “реактивтік” түжырымдамалары басым болды. 
Міне, осы себептерге байланысты көптеген шет ел 
бихевиористік бағыттарды түсіндіреді. Психологиядағы 
үгымдардың жүйесіне ерік үғымын енгізу неге қажет болды?
Аристотель оны психологияға енгізгендегі мақсаты 
адамньщ мінез-қүлқы қалай іске асатындығын түсіндіру еді.
Декарттың жүйесінде ерік адамньщ кез-келген әрекетін 
тудыру үшін қатысады жөне шын м әнінде қазіргі 
психологияда түрткінің орнын алады. Өткен ғасырдың 20- 
жылдарының аяғына дейін көптеген ғалымдар еріктен 
адамның белсенділігінің бастамасын көрген болатын-ды.
Мінез-қүлық себептілігі мөселесі еріктің еркіндігі үшін 
негізгі мәселе ретінде философтардың, психологтардың және 
физиологтардың еңбектерінде өз дамуын жалғастырды, 
олардың бірлескен күш-жігерімен адам мен жануарлардын 
мінез-қүлқының негізгі детерминизм қағидасы анықталды 
және мінез-қүлықты ерікті тандау мәселесін шешудің ғылыми 
негіздерін үсынды.
290


Әрбір әрекетті екі кезеңге бөлуге бодцы: бірінші — даярлық 
кезеңінде мақсат белгіленеді, мақсатқа жетудің жолдары мен 
тәсілдері анықталады және шешім қабылданады; екінші — 
орывдайтын кезенде алынған шешімді атқару іске асады.
Даярлық кезеңі — бүл ойлау әрекетінің кезеңі, әртүрлі 
мүмкіншіліктерді ойластыру, ой елегінен өткізу. Кез-келген 
ерікті әрекет мақсатгы өрекет ретінде әруақыгга да әрекеггің 
мақсатын қоюдан және түсінуден басталады. Алдымен әрекет 
ету үшін түсіну керек, іс-әрекеттің нәтижесінде адам оған 
қол жеткізуге үмтылады. Бірақ жалғыз ғана мақсатты қою 
жеткіліксіз, әрекеттің пайда болуы үшін, мақсатқа жету үшін 
табанды үмтылу қажет.-Мақсатгың мәнін жете түсіну керек. 
Адам алдына қойған мақсатының үлкен қоғамдық мәнін 
түсінгенде, ол кездесетін қиыншылықтарды женуге кабілВтті 
болып табылады. Негізгісі — мақсаттың түсініктілігін сезіну. 
Алға қойған мақсатты орындауға адамның күш — жігері 
жетпейтін болса, оның еркін әлсіретеді, бастаған істі аяғына 
дейін жеткізбеу әдеті қалыптасады. Бірақ жеңіл-желпі 
орындалатын мақсаттар ерікті дамытпайды, қиындықтармен 
күресу, кедергілерді жеңу ептіліктерін орнықтырмайды. Іс- 
әрекет мақсаттары адамға түсінікті болуы керек, оған жету 
үшін ереше күш-жігер қажет. Тек мақсаттар ғана шын 
мәнінде ерікті мінез-қүлықты анықтайды.
Алға қойған мақсат жақын немесе алые болуы мүмкін. 
Кейбір мақсатгар өте тез орыңцалады, ал кейбіреуін орындауға 
кейде бүкіл ғүмыр қажет. Неліктен адам алдына белгілі бір 
мақсатгы қояды?
Мақсаттың қойылуы себепсіз іске асуы мүмкін емес. 
Адамның алдына қойған мақсатын білумен қатар, адамды 
іс-әрекетке талпындырған, себеп болған, итермелеген әрекетгі 
түрткілерді үғыну қажет. Адам алдына белгілі бір мақсат 
қойғанда басшылыққа алатын талпыныстарды түрткілер деп 
атайды. Ерікті әрекеттердің еріксіз әрекеттерден 
айырмашылығы, ерікті әрекеттер түрткілер бойынша іске 
асады. Оларға ең аддымен қажеттіліктер жатады. Белгілі 
бір мақсатты тандау қажеттіліктің мазмүнына және мәніне 
байланысты.
Мәселен, жоғары сынып оқушысы орта мектепті бітіргенде 
алдына жоғары білім және бір мамандық алу туралы мақсат 
қояды. Әртүрлі мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары 
коп, соның ішінде озінің қабілетіне қарай мамандықты дүрыс 
тандауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет