үстіне бірін қойған кубиктерді көрсете отырып, “Бұл —
үй”, - деп жауап береді.
Мектепке дейінгі кезеңде ойынның, сабақтың үрдісінде,
төрбиенің нөтижесінде балада белгілі түсініктердің көлемі
жинақталады, ойлауы дамиды, жаңа кажеттіліктері пайда
болады, белсенділігі артады, ал осымен байланысты оның
қиялының қызметі жан-жақты және мазмүндырақ бола
түседі.
Мектепке дейшгілерцің қиялы негізінен ойында байқалады
жөне дамиды. Өздерінің ойындарында мектепке дейінгілер
таяқты ат етіп мініп, шабады, бірде үшқыш болып, бірде
жүргізуші, дәрігер, мүғалім болып ойнайды. Бүл жерде
балалардың еліктеушілік әрекеті әлі де ерекше орын алады.
Бірақ бүл ойындарда қиялдың шығармашылық іс-әрекеті
аңғарылады. Бала жағдайды және қоршаған затгардың өңін
өзгертеді: таяқты атқа айырбастайды, отырғышты —
автомобилге, үшаққа, таяқшаларды, ойыншықтарды —
үшқыштарға жөне жүргізушілерге айырбастайды.
Мектепке дейінгі кезеңнің алғашқы жылдарында қиял
үрдістері ерікті іске аса бастайды, демек, алдын ала қойылған
мақсат бойынша. Бүл мақсаттар алғашында баланың өз
тарапынан емес, үлкендердің тарапынан қойылады. Бала
үлкендерден төмендегідей тапсырма алады: “Кубиктерден
үй жаса”, “Мысықты сал”. Мүмкіншілігіне қарай бүл
тапсырмаларды орындайды, болашақта өзінің іс-әрекетінде
бала өзінің алдына белгілі мақсат қоя біледі, оны кейін өзінің
ойын әрекетінде, қүрастыруларында, тапсырмаларында,
суретгерінде іске асырады. Еқці оның қолындағы заттар —
кубиктер, таяқшалар, қарындаштар, қағаздар және т.б. Оның
шығармашьшык қызметіне тек стимул болып қана қоймайды,
осы іс-ерекет үшін материал жөне алынған нәтижелердің
қүралы болып табылады.
Б ірақ мектепке дейінгі кезеңде қиялды ң ерікті
шығармашылық үрдістері ерекше түрақсыздығымен
ерекшеленеді. Бала алға қойған мақсатын іске асыру
барысында жиі өзгертеді. Жас ерекшеліктеріне байланысты
балалардың ойындары күрделене түседі, онда байқалатын
ерікті қиял бірте-бірте түрақты бола бастайды.
Бүл кезенде баланың қиялы үлкендермен тілдік қарым-
қатынаста аңғарьшады және дамиды. Балалар шет елдер
туралы, батырларымыздың соғыстағы ерліктері туралы
әңгімелерді қызыға тындайды. Ерекше
Достарыңызбен бөлісу: