Темпераменттің түрлеріне тоқталып, әрқайсысына
психологиялық сипатгама беретін болсақ:
Сангвиникалық темперамент өкілдері қозғалғыш, сергек,
қызыққыш келеді. Сангвинниктер негізінен көңілді тип.
Эмоциялық көңіл-күйі түрақсыз, өзгеріп отырады, сезімге
тез беріледі. Олардың сезімдері күшті, терең емес. Шапшаң
ашуланып, тез арада күйіп-пісіп қалады. Ашуы тез басылады,
кек сақтамайды, тез үмытып кетеді, сәтсіздіктерді тез жеңе
біледі, үжымда беделді. Үжым мүшелерімен жақсы қарым-
қатынаста болады, адамдармен тез арада тіл таба біледі.
Сангвиникалық типтегі адамдар тез пайда болатын күшті,
бірақ түрақсыз эмоциялық қозуымен ерешеленеді.
Сангвиниктердің көңіл-күйі тез өзгеріп оырады. Бүл типтегі
балалар қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Ондай балалар
әртүрлі іске тез кіріседі, бірақ әр нәрсенің басын бастап,
аяқсыз қалдырады, істі аяғына дейін жеткізе алмайды, тез
арада суып қалады, олар бір бағыттағы үзақ, табандылықты
қажет ететін іс-әрекетке бейім емес. Олардың ренжуі де,
жылауы да тез, күлуі оңай. Сезімі тез өзгеріп отырады.
Холерикалық темперамент өкілдері тез пайда болатын
күшті және түрақты эмоциялық қозуымен ерекшеленеді.
Холериктердің сезімі бет-пішінінен, дене қимылынан,
сойлеген еозінен анық байқалады. Холериктер күйіп-пісу,
тез қозғалгыштық, еруақытта да іс-ерекетке бейім келеді.
Оларда психикалық үрдістер тез, жылдам жүріп жатады.
Холериктер іс-өрекетке жылдам, қызыға, қүлшына кіріседі.
Бүл типтегі балалар оте белсенді. Холерикалық типтегі
қозу тежелуден басым келеді. Олар жігерлі, қызу қанды,
кейде артық кетіп қалады, кейде ашуға, сезімге тез беріледі.
Үжымда эмоциялық үстамсыздық аңғартады және осының
негізінде үжымда кейбір жайсыз ахуал қалыптасады.
Холериктердің жағымды жақтары — белсенділігі, іскерлігі,
іс-әрекетке тез енетіндігі. Ж ағы м сы з түстары —
үстамсыздығы, дорекілігі, үш қалақты ғы, ашуға тез
берілгіштігі. Бүл типтегі балалар белсенді. Олар іске тез
кіріседі және оны аяғына дейін жеткізеді. Олардың біреуге
ренжіп қалуы да тез. Ашуланған адамына кекті үзак сақтайды,
копке дейін үмытпайды.
Флегматикалық темперамент жай пайда болатын, әлсіз
және қысқа мерзімді эмоциялық қозумен ерекшеленеді.
Флегматиктің сезімі сырттай элсіз
Достарыңызбен бөлісу: