Жалпы психология


“псюхе”- жан, психика және  “логос”-



Pdf көрінісі
бет4/214
Дата24.09.2024
өлшемі11,67 Mb.
#145484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   214
Байланысты:
Жалпы психология

псюхе”-
жан, психика және 
“логос”-
ғылым, ілім. Олай болатын болса, психология - адамның 
жан дүниесін зерттейтін ғылым.
Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді 
(оның көмегімен адамдар қоршаган ортаны танып біледі): 
түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен 
ерік-қайратын және жеке түлғаның дара ерекшеліктерін 
зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, 
қажеттілік, қызыгуы. Психология гылымы сонымен қатар 
адамның іс-әрекетінің ерекшелікгерін зерттеқщ/(дағдылары, 
әдетгері, еңбек және шығармашылық қызмёті, кез-келген 
іс-өрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).
Психиканың омір сүруі органикалық өмірдің жоғарғы 
түрлерімен байланысты, психиканың пайда болуы тек ғана 
жануарлар мен адамдарға тән. Бір ерекше айта кету керек, 
бақылаулар мен ғылыми зерттеулер көрсеткендей, адам 
психикасына Караганда жануарлар психикасы ерекше 
қарапайым келеді.
Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық 
айырмашылыгы бар. Адам психиканың ең жогарғы түрі — 
сананың болуымен ерекшеленеді. Адам саналы қүбылыс 
больш табылады. Сана адамның мақсатгы еңбек қызметінде, 
іс-әрекеті мен мінез-қүлқында аңғарылады. Адам белгілі бір 
іс-әрекетті орындамастан бүрын, оны ой елегінен откізеді, 
алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін 
жоспарлайды.
Психикалық омірдің қүбылыстары жан-жақты, бірақ олар 
бір-бірінен томаға түйы қ өмір сүрмейді, бір-бірім ен 
байланысты.
^Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі — 
барлық психикалық қүбылыстарды зерттеу және түсіндіру 
болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу 
және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды 
ашып көрсеіу. Психикалық өмірдің зандылықтары білу, оны 
оқыту жене тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін кажете 
Тек қ ан а психикалы қ үрдістер м ен қүбы лы старды ң 
зандылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір 
шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, 
оқыту және торбие үрдісін дүрыс үйымдастыруға болады.
6


Сонымен,'психология — психика жэне оньщ қалыптасу жэне 
даму заңдылықтары туралы ғылым. Психология ертеде 
қалыптасқан ғылымдардьщ қатарына жатады: ол 2500 жыдцан 
астам бүрын ертедегі Грецияда пайда болган.
Ертедегі гректің данышпан ғалымы Аристотель өзінің 
“Ж ан туралы” атты еңбегінде алғаш рет психикалы қ 
қүбылыстарға бір жүйелі талдау жасайды. Аристотелді 
психологияның негізін салушы деп атауға болады. Екінші 
ж ағы нан, п сихологиялы қ қүбы лы старды ж әне оны ң 
зандылықтарын ғылыми эксперименталдік түрде зерттеу 
шын мәнінде XIX ғ. ортасынан бастап, қалыптаса бастады-j 
Тісихикалы қ қүбылыстарды 3 үлкен топқа жіктеуге 
болады:
Психикалық үрдістер - бүл объективтік шындықты 
субъективтік бейнелеудің өртүрлі формасы. Психикалық 
үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды^ 
Психикалық үрдістердің комегімен қоршаған ортаны тану 
іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті 
меңгереді. Томендегідей психикалық үрдістердің негізгі 
түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, 
ойдау, сезім жэне эмоция, ерік.
Психикалық қасиеттер - бүл адамдардың бір-бірінен 
а й ы р м а ш ы л ы ғы н б іл д ір е тін ж ек е т ү л ғ а н ы ң д ар а 
психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге 
темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.^
Психикалық жағдайлар (қалып) психикалық іс-әрекеттің 
, уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс-әрекетгің жемісті 
орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің 
негізгі саласы болып табылады^Мәселен, белсенділік немесе 
енжарлық, шаршау, стресс т.б. психикалық жағдайлар. 
Б ар л ы қ п си х и к ал ы қ қү б ы лы стар б ір -б ір ім ен озара 
байланысты. С оны м ен, п си хи калы қ қүбы лы старды ң 
жіктелуін томендегіше кесте түрінде беруге болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет