Шырыштар- Mucilagines –тұтқыр жабысқақ сұйықтық,майдаланған құрамында шырышты заттары бар дәрілік шикізаттың сула тұгдыру немесе еріту әлісінен алынады.Күйгенде, ісінулерде қолданылады.Шырыштарға рецепт жазғанда Rp.: соң дәрілік зат аты ілік септігінде жазылады және мл-мен жалпы мөлшері көрсетіледі.Шырыштар мен қатар қышқылдарды,сілтілерді,спирттік ерітінділерді тағайындауға болмайды,себебі олар шырыштың консистенциясын өзгертіп жібереді.
Инъекцияға әр түрлі дәрілік қалыптар қолданылады:тері асты енгізуге-сулы ерітінділер,бұлшықетке- сулы,майлы,суспензиялар,тамырға-сулы ерітінділер.Ампуладағы дәрілік қалыптарға рецепт жазғанда «Rp.:» сөзінен соң дәрілік қалыпты көрсетеді,дәрлік заттың аты,керек жағдайда ерітінді сипатын,ары қарай ерітінді концентрациясын % пен немесе мл-мен,содан соң D.t.d. N… in ampulis келесі жолда-S.
Аэрозельдер-Aerosola-дисперісті ортасы ауа,газ немесе газдардың қоспасы,ал дисперісті фазасы қатты немесе сұйық заттардың бөлшектері болатын аэродисперісті жүйелер.Аэрозельдер қысқартылған түрде рецепте жазылады.Rp.: сөзінен соң дәрілік қалыптың аты табыс септігінде «Aerosolum»,аэрозольдің аты тырнақшада атау септігінде,баллондар саны,содан кейін D.S.