Рəбиға Сыздық
қабыл дау міндеті де сезіліп тұрады. Оның үстіне көрсетілгендей
термин дер мен атаулар стихиялы, автоматты түрде жасалған деп те
есептеуге болмайды. Бұл арада мамандардың қатысуы, ұсынылатын
əрбір сөзге олардың жауапкершілікпен қарауы, əрбір сөздің талқы -
дан өтуі сияқты жайттар бар. Демек, бұлайша жазылуына да бірқатар
əсер етуші факторлар бар.
Жинақталған тілдік фактілер мыналарды көрсетеді:
- екінші компоненті өсімдіктің, жан-жануардың, аң-құстың нақты
атаулары болған жағдайда олардың алдыңғы сыңарымен біріктіріліп,
бір терминдік атау ретінде таңбаланатыны «Анықтағышта» сан
түрлі мысалдармен дəлелденген; мектеп оқулықтарында арышқұлақ,
ақұнтақ, ойысқұлақ, қозықұйрық, көңілкеш, арамқұлақ, көңқұлақ,
түлкіжем, орамжапырақ, қарғакөз, жолжелкен, жүзбеқанат, жүз-
бежарғақ, жұмақторғай сияқты фактілер, əсіресе биология саласы-
на қатысты емле нормаларының орныға бастағанын көрсетеді жəне
бұл ретте мектеп оқулықтарында əдеби норма мен сауаттылықтың
сақталуына «Анықтағышпен» қатар профессор Б.Қалиевтің өсімдік-
тану терминологиясына қатысты зерттеулері [7] үлес қосқандығын,
көбіне-көп этномəдени мазмұнға ие атаулардың бірге немесе бо-
саралықпен жазылуы ғана сөз болатын Қ.Күдеринованың еңбегі [8]
бар екендігін атап өткен жөн.
- тəріздестер, аяқтылар, денелілер тұқымдастар, сабақтылар,
гүлділер, жарнақтылар типтес, бір ұғымның бөлшектерінің термин-
дік атаулары болып табылатын сөздер бірге жазылған, бұл ретте
тіпті үш тілдік бірліктің бірге жазылуы да кездеседі (тауқалақайгүл-
ділер; құлқайыргүлділер немесе теңтүпнұсқа мəтін, аудиобейне -
жазу); сондай-ақ кіріккенкүлтелі тəрізді тұлғаны да кездестіруге
болады, бұған назар аудартылуының себебі бірінші компоненттің
түбір сөз емес, туынды тұлғада екендігінде болып отыр.
- екі түбірден құралған, біріктірілу тəжірибесі бұрыннан бар бір-
қатар сөздердің жазылуы сақталған (аралық, тану, таным, ішілік,
бейне, теле-, авто-, фото-, макро- жəне т.б.).
- қазақ емлесінің қазіргі қалпында бірінші компонент болатын,
сыртқы құрамы ықшам (көп дегенде үш-төрт фонемадан тұратын
жəне бір, екі, үш, бес, он сан есімдері) сөздердің лексикалық-синтак-
систік шекарасының сақталуына соншалықты талап қойылмайды,
сөйтіп, көпұлтты, көпнекелік, көптектілік, көпорталықтық, қос-
отаншылдық, жалпымемлекеттілік, қосмəнді, қосаймақтық, қосаза-
маттылық, қосақиқат, қосұдайылық, қостерістеу, үналғы, үнтаспа,
үнжазба, үнжария, бірнекелілік, бірмəнді, екімəнді, екіұдайылық,
екіқұрамды, екіеселенген, қаржинағыш, сушашқыш, мөртабан,
303
Тіл-ғұмыр
мөрқалып, түрөзгеріс, теңтөраға, төлқұжат, тікұшақ , тұсқағаз,
жарқағаз, басқосу түрінде таңбалау 31 томдық сөздікте бекітілген
жəне осылайша жазуды мерзімді басылымдардан, заңнамалық құжат-
тардың мəтіндерінен кездестіреміз. Ал жай, хат, қап, ақы сияқты
тағы да сыртқы формасы ықшам сөздерге қатысты мыналарды
айтуға болады: осы сөздер екінші компонент болған жағдайда
алдыңғы сөзге біріктіріле жазылатындығының алғашқы үлгілері
1988–1990 жылдары (кейбірі тіпті одан да əріректе) жаңа қолданыс
ретінде пайда болған еді ( саяжай, құлаққап, саябақ типтестер), осы
үлгілер арқылы тəлімбақ, тынымбақ, өсімдікжай (оранжерея),
көшетжай, жылыжай, жемісқап, тозаңқап, қаламқап (пенал),
Достарыңызбен бөлісу: |