Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек


Е. Домбаев жазушы «ҚОСЫЛҒАН ҚОС ӨЗЕН СЕКІЛДЕНІП...»



Pdf көрінісі
бет137/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   170
Е. Домбаев
жазушы
«ҚОСЫЛҒАН ҚОС ӨЗЕН СЕКІЛДЕНІП...»
Осы очеркті жазу үстінде мен бір əңгіме жазғаннан кем толғанға -
ным  жоқ.  Бірақ  қанша  ойлансам  да,  осы  очеркке  атақты  ақын  аға-


286
Рəбиға Сыздық
мыздың  осы  бір  əйгілі  өлең  жолдарынан  артық  ат  таба  алмадым. 
Арқандаулы аттай осы бір тіркеске келе берем, келе берем.
...Қосылған қос өзен секілденіп... 
 Қандай дəл айтылған!
...Өмірде не сарқылмайды. Ой сарқылмайды. Ал менің қадірлейтін 
осы екі адамым – ой еңбегінің адамдары...
...Өмірде  не  сарқылмайды?  Басын  асқар  таудан  алып  жатқан  қай -
нар бұлақ сарқылмайды.
Ал  мен  əңгіме  еткелі  отырған  бұл  екі  адам  да,  сол  қайнар  бұлақ 
тəрізді,  өз  бастауларын  халық  деген  алып  таудан  алып  жатыр.  Өйт -
кені  бұл  кісілер  де  сол  бəлен  бұлақтан  тұратын  арналы  өзен  тəрізді 
дара көрінетін дарындылықтарымен, халық деген таусылмас қазына-
дан өмір бойы жинаған ілім-білімнен бүкіл елді сусындатып келеді.
Тіпті мен əңгіме еткелі отырған бұл жандармен өздеріңіз де кітап-
тардан,  газет-журналдардан,  өздерінің  шығармаларынан  талай  рет 
жүздестіңіздер. Болмаса, экрандар мен театр сахналарынан көрдіңіздер.
Өйткені,  оның  бірі – əйгілі  халық  əртісі,  əрі  ақын  Шахан  Мусин 
де, екіншісі – атақты ғалым Рəбиға Сыздықова.
Шахаң – сахнагер  болғанда,  еңбегі  бағаланған,  Қазақстанның  ха -
лық əртісі. Алайда, бұл – оның еңбегінің бір ғана қыры.
Ал, екінші қыры – ақындық. Иə, иə, кəдімгі өлең жазатын шайыр. 
Жəне оқушы қауым мойындаған ақын. Ең сұмдығы – сол үшін жаза 
тартқан  ақын.  Колыма  атты,  жыл  он  екі  айдың  тоғызында  қыс  бола-
тын,  жер  тамұғында  артық-кемі  жоқ  он  сегіз  жыл  отырып  келген 
адам. Не үшін айдалды дейсіз ғой. Ақиқатты айтқаны үшін айдалды. 
Сол  ақиқатты  өлең  сөзбен  өрнектегені  үшін.  Өйткені  шындықтың 
маңдайы  қасқа  болады.  Ал,  Шахан  Мусин,  өнерін  көрсетуге  сахнаға 
шықсын, өмірде жай, қарапайым адам есебінде жүрсін, сол шындық -
тан  бір  адым  кейін  аттаған  жан  емес.  Біреу  түсінген  болар,  біреу 
түсінбеген  болар,  онда  оның  шаруасы  болған  емес.  Өнерін  көріп, 
сүйсінгендер  мақтап  жатты.  Жазықты  жандай  сыналған  кездері  де 
болды.  Сондай  сыншылардың  бірі – осы  жолдарды  жазып  отырған 
менің өзім.
Бірақ  сол  сынаулардан  Шахаң  əрқашанда  биік  тұра  білді.  Күйіп- 
піспеді.  Күйінгеннен,  кейбір  дарындыларымыз  тəрізді  ішіп  те  кет -
педі. Ұнжырғасы түсіп те кетпеді. Өз биігінде қала білді. Бір жолы сол 
кездегі «Қазақ əдебиеті» газетінің бас редакторы Қапан Сатыбалдин-
нің  маған: «Ай,  балалар-ай!  Ішіп  алған  мас  шопыр  тəріздісіңдер.  Ор 
бар, құз бар демейсіңдер. Тартасыңдар да кетесіңдер! Мен де аңдамай 
қалыппын.  Кеше,  сенің  мақалаң  жарияланғасын,  осында  Шахан  Му-
син  келді.  Қолтығында  жұп-жуан  папкасы  бар  екен. «Қапеке,  мен 


287
Тіл-ғұмыр
өнерімді  сахнада  көрсеткеннен  басқа  не  жаздым?  Өнер  болғасын, 
бірде  ойдағыдай  шығады,  бірде  ойдағыдай  шықпайды.  Сол  үшін 
мен  айыптымын  ба?  Сіз  осы  жерде  мүмкіндігінше  тізгінді  тең  ұстау 
үшін  отырған  жоқсыз  ба?» – деді.  Не  дерімді  білмедім,  дегені  əлі 
күнге есімде». Ол кезде өнер адамының жаны нəзік болатынын, сəл-
пəл  қиянатқа  қатты  қиналатынын,  ал  оның  бəрі  жүрекке  ұратынын 
біз  білсек  ше?  Кейін  Шахан  аға  ойнаған  бейнелерді  талай  мақтадық 
та ғой. Əсіресе əлі күнге көз алдымнан кетпейтін, үні əлі күнге құла -
ғымда  жүрген  Зейнолла  Қабдоловтың  «Жалын»  драмасындағы  про-
фессор бейнесін қалай ұмытуға болады.
Соны  жабыла  мақтадық.  Бірақ  ол  сонау  нақақ  сынның  жарасын 
жаза  алды  ма  екен?  Əй,  қайдам...  Онан  кейін  де  Шахаң  қазақтың 
қара  шаңырақ  театрында  талай-талай  ұмытылмас  бейнелер  жасады, 
қиын-қиын  күрделі  рөлдерде  ойнады.  Соның  бəрінде  ол  сахнагер -
лікті ақындықпен қатар ұстанып келеді.
Шахаңның  талай  өлеңдері  жарық  көрді  де.  Оны  қалың  оқырман 
қауым жылы қабылдады да.
Бірақ соның бірде біріне Шахаң көкірек қаққан емес.
Шахаң 1913 жылы  желтоқсанның 27-ісінде  сонау  Керекудің  Май 
ауданында  Ақжар  деген  ауылда  өмірге  келді.  Рулары  найман  екен. 
Оның ішінде Тортуылы көрінеді. Əкесі Əлмұқан мен анасы Биғайша-
ның  отбасына  қосылған  ұлды  бүкіл  ауыл  болып  тойлайды.  Көршісі 
анасына  қой  сойып,  қалжа  береді,  балаға  ұзақ  өмір  тілейді.  Əрине, 
сексен  жас  шек  емес,  бірақ  сексен  жасқа  келген  де  бар,  келмеген  де 
бар.  Осы  тұрғыдан  қарағанда  қалжаға  сойылған  сол  қойдың  еті  мен 
өз  міндетін  атқарған  тəрізді.  Бертін  келе  ақын  жанды  бала  өлең  де 
жазған.  Өлеңі  газетке  бірден  басылған.  Сол  түскір  бірден  жетекке 
алып Алматыға келген. «Қазақстан пионері» газетінің бірінші санын 
шығарысқан.  Бұл  тұрғыдан  ол  қазір  көзі  тірі  жалғыз  адам.  Бірден-
бір куə.
Адал  пионер  бала  ақ  жүрек  комсомол  болған.  Оны  жырына  да 
қосқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет