Тіл-ғұмыр
шығармаларын оқытуға – 2 сағат, Бұқар жырау толғауларына – 2 са-
ғат берілген. Ал 10-сыныпта Махамбет өлеңдерін оқытуға – 3 сағат,
Абайдың табиғат лирикасына – 3 сағат, азаматтық лирикасына – 2 са -
ғат, «Ескендір» дастанына – 2 сағат, 6, 19, 25, 33, 37-қарасөздеріне –
3 сағат, барлығы 10 сағат берілген. Бұл телегей-теңіз ой кешіп, өзі
өмір сүрген заманның бұлтарыс-қалтарыстарын ашып айта білген
ақындар үшін аздық етеді. Ал 10-сыныптағы «Қазақ тілі» курсы бо-
йынша оқытылатын тіл мəдениетін меңгертуге берілген апталық
1 сағаттық жүктеме де мардымсыз. Оқушыларымызға тіл нормасын,
сөз мəдениетін терең меңгертуді мақсат етсек, ақын шығармала -
рымен жан-жақты таныстыруға жол ашамыз десек, əр сөздің қат-
парына терең үңілтетін Рəбиға Сыздықова еңбектерін зерделеуіміз
керек. Осындай мəселелерді шешудің бір жолы ретінде 8-9-10 сынып-
тарда арнайы «Сыздықоватану» курсын енгізуді қажет деп таптық.
«Сыздықоватану» курсының мазмұны Р.Сыздықованың тіл ғылы-
мында өзіндік мектеп қалыптастырған, көшбасшылық сипатын,
ғалымдық əлемін, ғылым əлеміндегі қайталанбас өзгешелігі мен
шеберлігін, түркітану мен қазақ филологиясының дамуына қосқан
үлесін, жыраулар тіліндегі сөздерді ғылыми-теориялық тұрғыдан
зерттеп, тіл ғылымында теңдессіз дүниелер тудырғанын, Қадырғали
бидің «Жами-ат тауарих» атты еңбегінің дүниежүзі халықтары
əдебиетінің алтын қорына қосылатын жəдігер туынды екендігін
ұғындырумен қатар, ғалым еңбегінің тіліміздің қазынасын молай -
туға қосқан үлесінсараптап, маңызы мен мəнін оқушының ғылыми
негізде ұғынуына жəне ғылыми құнды нəтижелерін терең танып,
білуіне бағытталған. Курстың мақсаты – «ғалым еңбектерін терең
де жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың əдебиетін,
мəдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық
талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ой -
ларын іс жүзінде өз кəдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі
қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлай-
тын дара тұлға қалыптастыру». Соған сəйкес оқытуміндеттері:
- тіл ғылымындағы Р.Сыздықованың орны мен болмысын тану;
- ғалым еңбектерін оқып, білудің өзектілігін ұғындыру;
- ғалымның тіл туралы зерттеулерін, тілдік норманың маңыздылы-
ғын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру;
- шығармашылық қиялын дамыту;
- көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мəнін тал-
дауға, пікір алмасуға үйрету;
- жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;
- ғалым еңбектеріне сүйене отырып, ақын-жыраулардың көркем-
338
Рəбиға Сыздық
əдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мəдени құнды-
лықтарды оқушылардың бойына дарыту;
- қазақ əдеби тілі тарихының жүйесін білу;
- ғалым еңбектеріне сүйене отырып, Абайдың жаңа бағыттағы
жазба əдеби тілді дамытудағы орнын, ұлттық көркем дəстүрге қосқан
жаңалықтарын түсіну;
- тілдік-стильдік амал-тəсілдердің ерекше эстетикалық мəнін са-
ралау;
- теория мен практиканы ұштастыру;
- оқушының тіл мəдениетін арттыру;
- сөз мағыналарын терең меңгерту;
- оқушы бойына төл тіліміздің нəрін сіңіру;
- əдеби тілдің тарихи кезеңдерін саралап, өзекті мəселелерді ай-
қындау;
- тіліміздегі ескіліктер мен жаңалықтардың қолданысын зерделеу;
- ғалымның қазіргі қазақ əдебиетімен рухани байланысын ғылыми
негізде пайымдау;
- Қазіргі таңдағы ғалым шəкірттерінің еңбектерімен танысу, зерт-
теу.
Күтілетін нəтиже: ғалымның ғылыми-зерттеу еңбектерінен азық
ала отырып, қазақ əдеби тілінің тарихын жүйелей алатын, ақын-
жыраулар тіліне теориялық тұрғыда талдау жасай алатын, шығар-
машылықпен жұмыс жасай алатын тұлғаны қалыптастыру, ғылыми
ізденіске баулу.
Бақылау формасы мен бағалау критерийлері: Əр сабақтың бары-
сында оқушының теория мен практиканы байланыстыру шеберлігі
бағаланады. Оқушылардың білімі курстың əрбір тарауы аяқталған
соң тест, сынақ сабақтары, шығарма жұмыстары арқылы бағаланып,
тексеріледі.
Сонымен, «Сыздықоватану» курсы əдістемесі мұғалімдерді оқу-
шылардың тіліне деген сезімдері мен бағдарларын ғалым еңбектерін
талдау арқылы дамыту жұмыстарын жүзеге асыру кілттерін, тетік-
терін табуға бағыттайды. Ол жас ұрпақты ана тілін сүйетін, елжанды,
азаматтық рухта тəрбиелеу құралы болары сөзсіз.
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы:
ғылыми мұра жəне ғалым феномені.
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
материалдары. – Алматы, 2014.
339
Тіл-ғұмыр
Достарыңызбен бөлісу: |