334
Рəбиға Сыздық
факт, біздіңше, Абай өзгеше мағына арқалатқан тіл бірлігі болса,
об-
раз сол сөздердің өзара əсерінен көрінеді, ғалым сөзімен келтірсек:
...ерекше мағына немесе «мағыналық обертондар» сөздердің бір-
бірімен арақатынасынан біріне-бірінің тигізетін əсерінен пайда
болады да, жазушының (
ақынның)
айтпақ ойының үдесінен шыға -
ды [5, 23]. Үн – Абай шығармаларындағы ақын өмір сүрген дəуірдегі
замана дауысы мен оны сөз етуші ғалымның зерттеу жүргізіп
отырған тұстағы қоғам мен ондағы идеологияға сай үні, сонымен
бірге əр оқырман үні.
Енді жоғарыда айтылған пікірлерді тұжырымдайық:
1) «Абайдың сөз өрнегі» – ғылыми дискурстың нəтижесінде
туған мəтін, оның түзілуі көркем туынды мəтін мағынасының
арнайы кəсіби маман санасында қабылданып, белгілі бір мақсатқа сай
талдау нысанына айналып, қайта түзілген түрі деуге болады.
2) «Абайдың сөз өрнегі» зерттеуі – Абайдың дискурстық тəжі-
рибесін де, ғалым Р.Сыздықтың ғылыми дискурстық тəжірибесін де
бейнелейтін мəтін. Сондықтан да ол өткенді келешекке тасымалдай-
тын, келесі айналымда дискурс түзуге мүмкіндік беретін материал.
3) «Абайдың сөз өрнегі» зерттеуінде ғалымның өзіндік ой-топ-
шылаулары ақын шығармаларындағы тіл бірліктері арқылы немесе
Абайдың дискурстық тəжірибесі арқылы оның сөз өрнегін тоқудағы
креативтік нұсқасын анықтауға қол жеткізіп, соның барысында сол
мəтіннің рецептивтік нұсқасын түзген.
4) Р.Сыздық зерттеу мəтініндегі дискурстық тəжірибе Абайдың
дискурстық тəжірибесімен өріле отырып, Абайдың сөз қолданысын
түсінуге ғана емес, оны бағалауға да мүмкіндік береді, дискурстық
талдау жасауға үлгі немесе із бола алады. Оған нысанаға алынған
мəтіндегі мəтін талдау үлгілері, автордың, ғалым-зерттеушінің, оқыр-
манның ойларының осы мəтінде бір сəтте өзектелуі жағдай жасайды.
Əдебиеттер:
1.
Уəли Н. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері: Филология ғылым. докт.
дисс. автореф. Алматы, 2007. 49-б.
2
. Кибрик А.А. Анализ дискурса в когнитивной перспективе: Дисс. докт.филол.
наук. М.: ИЯ РАН, 2003.
3.
Залевская А.А. Введение в психолингвистику. М., 1999. С. 73.
4.
Ерназарова З.Ш. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. –
Алматы, 2001. – 215-б.
5.
Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы, 2004. – 208-б.