ШАЛЕКЕНОВ
Уахит Хамзаұлы
Тарих ғылымдарының докторы,
профессор
1924 жылы Астрахан облысы, Қарабалин ауданы, Серікті ау-
ылында дүниеге келген.
1942 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1942 жылдың
қарашасынан 1943 жылдың ақпанына дейін Харьков әскери
училищесінде оқыды. Көптеген училище бітірушілері Харьков
қаласына бағыт алған фашистерден Украиннаны азат етті. 19
жастағы У.Х. Шалекенов Ескі Оскол, Жаңа Оскол, Белград, Харь-
ков қалаларын фашистерден азат етуге өз үлесін қосты.
1948 жылы Қарақалпақ мемлекеттік педагогикалық инсти-
ту тының тарих факультетін, 1956 жылы Н.Н. Миклухо-Маклай
атындағы КССР ғылым Академия жанындағы этнография инсти-
ту тының аспирантурасын бітірді.
1953 жылы кандидаттық, ал 1967 жылы докторлық диссер-
тациясын сәтті қорғап шықты. Қазақ мемлекеттік университетінде
археология және этнография кафедрасының меңгеруші (1973-
1977 жж.), тарих факультетінің декан (1977-1985 жж.) қыз мет-
терін атқарды. Қазіргі уақытта археология және этнология кафе-
драсының профессоры.
ҚазҰУ-нің тарих факультетінде археологиялық экспедиция
ұйымдастырып, ірі ғалым, академик А.Х. Марғұлан басқарған Орта-
лық-қазақстандық археологиялық экспедиция құрамында болды.
1984 жылы этнография және археология аумағында еңбегі
үшін «Қарақалпақстан ғылым қайраткері», «ҚР еңбек қайраткері»
атақтары берілді. 2004 жылы «ҚР ғылым өркендеуіндегі еңбегі
үшін» медальмен марапатталды.
Аманат
229
ҰСТАЗДАРЫМДЫ ЕСКЕ АЛАМЫН
А
дам баласының өміріндегі білім мен
тәрбиенің бірлестігінен тұратын қасиет-
ті ұғым-ұстаз. Алдыңғы буынға қарай,
кейінгі буын өседі және оның орнын басады.
Бұл диалектикалық қасиет барлық адам ба-
ласына тән. Алдыңғы буынның өмірден алған
тәжірибесінен, білімінен үлгі алып, оның өмірге
қажетті жақтарын үйреніп, оны инновациялық
жағдайда байытып, кейінгі жеткіншектер еліне
елеулі, халқына қалаулы ұрпақтар өсіп отырады.
Адам баласының осындай эволюциялық даму жо-
лын қазақтар мақалға айналдырған: «Жақсыдан
үйрен, жаманнан жирен» деген. Әлемде жа-
ман халық жоқ. Солардың күнделікті қажырлы
еңбектері арқылы адам баласының қоғамы дамып
келеді. Алдыңғы буын ұстаз. Ол кейінгі ұрпаққа
білім, тәжірибе береді. «Жақсының сөзі жария,
Жақсының сөзі шамдай жарық, Айдай анық»-деген
мақал текке айтылмаған. Осындай асыл, ақылды
азаматтар халқымыздың арасында аз болмаған.
Соларға негізделіп жас ұрпақтар тәрбиеленген.
Ондай дана ел азаматтарын кейінгі әулеттер
ұстаз тұтып, өмір бойынша құрметтеп өткен.
Бізде сол жолмен өрлеп келе жатырмыз. Адам
баласының эволюциялық дамуындағы құнды
мұралар, Егеменді Қазақстан Республикасын алға
өрлетуде үлкен күш екенін түсінуіміз қажет.
Сондай ұрпақтардың қатарына өзімді жатқызамын. Өйткені,
менің азамат болып өсуіме, жемісті еңбек етуіме қол үшін берген
адал, кемеңгер азаматтар аз болған жоқ. Олардың бәрін дізбектеп
жазу оңай шаруа емес. Тек, ғылым жолына түсудегі аттары әйгілі
ғұламалар-ғалымдарда баршылық. Міне, сол ұстаздарымды аса
құрметпен еске алмақшымын. Менің ғылым жолына түсуімді
еске түсірейін.
Аманат
230
Ұлы Отан соғысынан қайта оралып, 1944-1948 жылдары Бердақ
атындағы Қарақалпақ мемлекеттік педагогикалық институтінің
тарих факультетінде оқып оны үздік бітіріп, Қаракалпақ
облыстық партия комитетінде лекторлық жұмысқа орналастым.
Сол жұмыстан шығып, 1950 жылдың соңында КСРО Ғылым
Академиясының Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнография
институтының аспирантурасына түстім. Бұл Кеңес Одағындағы
этнографтардан ғылыми жұмыстарды жүргізетін және мамандар
дайындайтын бірден-бір институт болатын. Сондықтанда осы
ғылыми зерттеу институтінде Кеңес Одағындағы атақтары әлемге
белгілі этнологтардың, антропологтардың, археологтардың
жиналған ордасы екен: С.П. Толстов, М.О. Косвен, С.А. Токарев,
М.Г. Левин, Г.Ф. Девец, Рогинский, Кушнер, Т.А. Жданко және т.б.
көптеген ұлы ғалымдар.Этнография институтының директоры
әйгілі ғалым, этнолог, археолог С.П. Толстов басқарып, этнология,
археология және антропология бойынша ғылыми мамандар
дайындап, әлем және КСРО халықтарының этнографиясын
зерттейді екен. Міне, осы ғылыми орталыққа келіп, Орталық
Азия секторының аспиранты болдым. Сол кезде этнография
мамандығы бойынша Орталық Азия Республикаларынан
аспиранттар оқып жатқан екен. Қазақстаннан алғашқы этнография
мамандығы бойынша аспирантурада Ғ. Уалиханов екінші курста
оқиды екен. Оған ғылыми жетекшілікті Т.А. Жданко жүргізген.
Менінде, ұстазым Т.А. Жданко болды. Сол кездерге қарасам, XIX
ғасырдың орталарында Орталық Азия Республикаларындағы
халықтарды этнологиялық жақтан зерттеу басталып, оны кең
көлемде зерттейтін мамандардың қажеттілігі күн тәртібіне
қойылған кезеңі болып көрінеді. Оны мамандық бойынша
институттің аспирантурасында Өзбекистаннан, Тәжікистаннан,
Туркименстаннан, Азербайжаннан және т.б. Республикалардан
келіп оқып жатқан жас мамандар баршылық болатын. Асіресе,
Институттің директоры С.П. Толстов көп жылдар бойынша
«СССР Ғылым Академиясының Хорезм кешенді археологиялық
экспедициянан» басқарып, Орталық Азияда күрделі ғылыми
жұмыс атқаруының, сол аймақтағы халықтардан кадрлерді
дайындауда үлкен ыңталы болғанын айырқша айтуымақ керек.
Тек, Қазақстанға осы институт бірқанша этнографтарды дайындай
Аманат
231
берді: Ғ. Уалиханов, У.Х. Шәлекенов, Э. Масанов, О. Смагулов
(антрополог), М. Мүканов, А. Толеубаев, Серік Ажигали және т.б.
Олар қазақ халқының этнологиясы бойынша жемісті еңбек етті
және оны жалғастыруда.
Осы институттың аспирантурасында оқып жүргенде, жоға-
ры дағы құрметпен аттары аталған ғалымдардың ұстаздық
маған тигізген әсерін еш уақытта ұмытпаймын. Олардың
жүріс-түрыстары, шәкірттерімен пікір алысулары, оларды
тәрбиелеу тәсілдері, ғылымға баулауды, біздер сияқты ғылымның
есігін жаңа ашып жатқан жастарға үлгі болатын. Олардың
кейбіреулерінен дәріс алмасамда, олардың жағымды істері біздер
сабақ ретінде қабылдайтынбыз. Сондықтан, ол ғұламалардың
бәріне ұстазым десем артық болмас. Әсіресе, С.П. Толстовтың,
С.А. Токареевтың Ломоносов атындағы Москва университетінде
оқыған лекцияларына қатысып, әлем этнологиясы бойынша
құнды мәліметтер алатынбыз.
1953 жылдың желтоқсанында этнография мамандығы
бойынша кандидаттық диссертацияны қорғап, 1953-1970
жыл дарда Өзбекстан ғылым Академиясының Қарақалпақ
филиалында «Археология және этнография» секторын басқа рып,
Қарақалпақстандағы қарақалпақтардың, қазақтардың, өзбек-
тер дің, түрікмендердің этнографиясымен және археологиялық
зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Соның ішінде «Амударияның
төме ніндегі қазақтар» атты тақырыпты алғашқы рет зерттеп, оны
1966 жылы монография ретінде баспадан шығардым. Бұл бұрын-
соңды зерттелмеген тақырып болатын. Осы туындының өзекті-
лігін еске алып, докторлық диссертация ретінде қорғауға жібер-
генде, оның ресми оппоненттеріне Қазақстан Республикасының
Академиясының толық мүшесі Ә.Х. Марғұланды, Өзбекстан
Республикасының академигі Я.Г. Гулямовты, т.ғ.д. А. Садыковты
ұсынды. Бұрын Ә.Х. Марғұланды жарияланған ғылыми еңбектері
арқылы білетінмін. 1964 жылы «VII антропологиялық және
этнографиялық дүниежүзілік конгресте» Москвада бірінші рет
Ә.Х. Марғұланмен кездестім. 1967 жылы ресми оппонентім
Ә.Х. Марғұланға келдім. Ол ғұлама Ш.Ш. Уалиханов атындағы
Қазақ ғылым академиясының «Тарих, археология және
этнография» институтының «Этнография» бөлімінің меңгерушісі
Аманат
232
жұмысын басқарады екен. Институттың директоры академик А.Н.
Нусупбеков пен Ә.Х. Марғұлан екеуі директордың кабинетінде
мені жылы жүзбен қабылдап, сол жерде Әлекеңнің маған ресми
оппонент болатынын білдірді. Екі ұстаздың осындай берген
ризашылығын еш уақытта естен шығару мүмкін емес. Сол жерде
оларға риза болғаным сонша, өзімді диссертацияны қорғағандай
сездім.
Жоғардағы аттары аталған ғұламалар менің диссертациялық
жұмысыммен танысып, оны жоғары бағалап, оның ғылыми құн-
дылығын егжей-тегжей баяндады және ғылыми өзектілігі бо-
йын ша докторлық ғылыми дәрежені беруге ризашылықтарын
білдірді.
Міне, осындай ғылыми жұмыстардың барысында, қазақ
халқының ардақты асыл ғұламаларының бірі, ғылым докторы,
профессор, академик, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, әлемге аты
жайылған ұстаз- Әлкей Хақанұлы Маргуланмен таныстым және
менің әйгілі ұстазым екенін мақтаныш етемін. Әлкей Хақанұлы
ең жақын менің ұстазым деп, тілге тиек ететін себептер жеткілікті.
Олардың кейбір есте қалғанынан мәліметтер келтірейін.
1967 жылдың ортасында Әлекең маған араб әрпімен жазылған
шағын хат жіберіп, өзінің Хорезм жеріндегі ескерткіштерді
көргісі келетінін жазған. Ташкентте кездескенде де, «Хорезм
толған тарихтың мекені ғой»-деген лебізін естігенмін. Ғұламаның
хатын алып, Қаракалпақстанның астанасы Нөкіс қаласындағы
ғалым достарымызбен кеңесіп, Әлкей Хақанұлына шақыру ха-
барымызды жібердік. Одан кейін, көп ұзамай Нөкіске ұшақпен
келді. Біздер қарсы алдық. Нөкісте бір тәулік болғаннан кейін,
Өзбек Академиясының Қарақалпақ филиалының басшысы, кейін
тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Сабыр Ка-
малов екеуміз Әлекеңді Хоезмдегі ірі-ірі тарихи ескерткіштерді
аралатуға алып шықтық. Алдымен Қожелі қаласының қасындағы
Миздахан, Назымхансұлу ескерткіштеріне тоқтадық. Оның ба-
тыс жағында 60 шақырымдай жерде орналасқан Көне-Үргеніш
қаласына барып, ертеңгісіне қаладағы өте бай ескерткіштерді
көрдік: Төребекханым сарайын, Қарақапы әулиені, Атсыздың
мавзолейі, биік Мұнара, Керуен сарай және көптеген ескерт-
кіштерді бір күн көрдік. Бұл қала әйгілі Хорезмшахтың астанасын
Аманат
233
Әлекең көріп, өте көңілденіп: «Бұл ескерткіштерді әдебиеттерден
оқысамда, көзбен көргендей болмайды»-деді. Аты аталған
Қарақапыда, Хорезмде дервештердің ордасын құрған Құбыраби
жерленген мовзелей. Керуен сарайды С.П. Толстов басқарған Хо-
резм археологиялық экспедициясы 1952 жылдары қазып, зертте-
ген.
Онан кейін, Хорезм мемлекетінің XIV ғасырдан бастап
астанасы болған Хиуа қаласына қарай бағыттай, жолда Қазараспа,
Турлен және ірі тарих қалаларға тоқталып, Хиуаға жеттік.
Хиуаның сәулеттік құрылысы тамаша ғой. (Суретті қараңыз).
Онан кейін, Әлкей Хақанұлы Хорезм археологиялық экспе ди-
циясының ашқан антикалық дәуірдің ескерткіштерін көргісі келді.
Ол үшін Амударияның оң жағындағы зерттеліп жатқан анти ка-
лық дәуірдің ірі-ірі орындарын араладық: Миздахан (б.з.б. IV ғ.
және IX-XI ғғ. б.э.), Жампық қала (б.з.б. II-IV ғ.), Қойқырылған
қала (б.з.б. IV-VIII ғғ.), Тойырақ қала (б.з. II-III ғғ.), Қырық қыз
қала (б.з. VII-VIII ғғ.), Шылпык (б.з. VII-VIII ғғ. ) және т.б.
Әлкей Хақанұлымен Хорезм жеріндегі антикалық, ортағасыр-
лардағы ескерткіштерді бір жол бойына толып шықты. Ол ес-
керткіштер сонша көп, оның бәрін аралау үшін айлап жүру керек.
Жазылған әдебиеттерде кең сәулеленген Хорезм ескерткіштері
көненің қалдықтары ретінде, ежелден өркениеттің ірі орталығы
Хорезм болғанын дәлелдейтін құны жоқ мұралар. Міне, осы
ескерткіштерді Әлекең көріп, өзінің бұл сапарға ризашылығын
білдірген болатын. Саяқат кезінде күнделікті жазып, бірқанша
көне жазба кітаптарды алып, Алматыға оралған.
Менің бала кезімде дәм айдап барып қалған Қарақалпақстан да
ер жетіп, Ұлы Отан соғысына қатысып, кейін білім алып, жұмыс
істеген жерімнен «Ер туған жеріне...», – деген мақал бойынша,
1970 жылы конкурс бойынша Шымкент қаласындағы «Мәдениет
институтына» профессор болып орналастым. Қарақалпақстан нан
мені ешкім қуған жоқ. Сол елдің белгілі ғылым саласында же місті
еңбек етіп жүрген азаматтарының бірі болдым. 1984 жылы маған
60 жыл толуына байланысты, «Қарақалпақ Республикасының
ғылымына еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын әкеліп
тапсырды. Бұл менің сол елде жемісті еңбек еткенімнің нәтижесі
шығар деймін. Шымкентте істеп жүргенде, 1973 жылы Әлкей
Аманат
234
Хақанұлы «Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясына»
қатысуға мені шақырды. Өзі басқарған экспедиция Шымкент
арқылы жүріп, бірнеше машинамен Сұзақ арқылы Бекбақдаланы
басып өтіп, жолда әйгілі «Таңбалы тас» естелігін көріп, сол
маңдағы жылқышының үйіне қонып, ертеңіне Жезқазғанға жол
тарттық. Осы жылдың маусым айында Жезқазған қаласына жеттік.
Онда аздап аялдап, археологиялық қазба жұмыстардың жүретін
жері Ұлытауға бардық. Міне, осы жерде кең көлемде жүріп
жатқан археологиялық қазба жұмыстарына қатыстым. Зерттеу
жұмыстарының барысында, Әлекеңнің археологиялық ғылыми
зерттеу жұмысының тәсілдерімен, ұйымдастыру қабілеті сияқты
ұнамды қимылдарының бәрі бізге сабақ болатын. Жұмыстың
барысында Ұлытаудың табиғатымен, оның алабындағы сансыз
көне заманның ескерткіштерін көрдім. Солардың ішінде
Ханордасы, Едігенің тауы, Алашахан, Жощы хан мовзалейлері,
обалар, көне дәуірдің тұрақты мекендері, өзендер мен бұлақтар
және т.б. бәрін бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Әлекең арқылы
осынша жаңалықты көргеніме әруақытта ризамын. Ұстазымның
жатқан жері жайлы болып, жаны жұмақта шығар.
1973 жылы тамызда С.М. Киров (қазіргі Әл-Фараби атындағы
Қазақ Мемлекеттік Университетіне конкурс бойынша жаңадан
ашылған «Археология және этнология» кафедрасына профес-
сор болып келдім. Кейін оның меңгерушісі болдым. Бұрын
ғылыми жұмыста істегендіктен, жаңа оқу процессінің өзіне тән
ерекшеліктерімен жұмыс істеуге тура келді. әсіресе жаңадан
ашылған кафедра, археология және этнология пәндері бұрын
соңды жөнді оқылмаған. Міне, осы қиындықтарды жеңуде Әлкей
Хақанұлымен жиі-жиі кеңесу қажеттілікке айналды. Ғұлама бұл
жұмысты жолға қоюда, өзінің ақыл-кеңесін аяған жоқ. Жамбыл
облысының Шу ауданының «Калинин» (қазіргі Баласағұн ауылы)
жерінде орналасқан «Ақтөбе» атты ортағасырлық қаланың
орнында КазГУ-дың «Археологиялық базасы» 1974 жылы
ашылды. Ол жерде археологиялық зерттеу мен студенттердің
археологиялық тәжірибе өтетін орнына айналды. Осы ескерт-
кіштегі археологиялық жұмыстарды көру үшін Әлекең үш рет
арнайы келді. Сол кездесу кезінде түсірілген суреттер бар. Қазба
кезінде Цитадель, Шахристан және Рабадтағы шығып жатқан
Аманат
235
артефактілерді көріп, бұл тұрған жері ұмтылған, тарихи сахнадан
түскен Баласағұн қаласы болу керек деген болжамын айтып,
археологтарға сәтті сапарын айтқан. 1974-2010 жылдары ҚазҰУ-
нің археологтары Ақтөбе ескерткішін зерттеп, жазба және өте бай
артефактілердің негізінде, бұл ескерткіштің тарихи Баласағұн
қаласы болғанын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Бұл тарихи
жаңалық. Ғұламаның осы айтқаны шындыққа айналып, «Ақтөбе»
бұрынғы тарихи Баласағұн болып шықты. Ұзақ жылдардан бері
Әлекең екеуміздің ғылыми қатынастарымыз отбастарымыздың
араласып, туысқан адамдай болып кетуімізге алып келгеніне
ризамын. Әлкей Хақанұлымен оның профессор зайыбы Раушан
Абекеевнамен талай той-думандарда болдық. Ұстаздың «бақытты
нұрға бөленің» деген сияқты айтқан баталарын талай естідім.
Шыңғыс Марғұланның дүниеге келгендегі Әлекеңнің қуанышын
баяндау қиын. Сол Шыңғыс қазір жігіт болып, атасының мұрасын
шығаруға қатынасып жүр. Үлкен ұлым Болатқа операция істе-
генде Раушан Абекеевна қасында тұрғанын қалай естен шығара
аламын. Осы сияқты қамқорлықты Әлкей ағада, Раушан апайда
аямайтын азаматтар еді.
Әртүрлі ғылыми формдарда бірге жүріп, ғұламаның жасаған
баяндамалары мен сөйлеген сөздерін тыңдап, ұстаздан рухани
нәр алғандай сезетінмін. Бір ғылыми формда Әлекең ұзағырақ
көсіліп сөйлеген. Сол тыңдаушылардың біреуі жиын тарағаннан
кейін, Әлекеңе келіп, «Көп сөйледіңіз» дегенде, Әлекең кенет-
тен: «Көп білеміз, көп сөйлейміз»-дегені есімде. Шынындада
Әлкей Хақанұлының көп білетіндігінде дау жоқ. Ол азаматты
білетін ғалымдарда бұл пікірді қолдайтын шығар. Ол ұстазымыз
бір проблеманың, тақырыптың көлемінде шектеліп қалмаған,
ғылымның көп салаларынан хабары бар «сегіз қырлы, бір сыр-
лы» шынайы ғұлама болатын. Өткен ғасырдың 80-жылдарынан
бастап, Әлкей Хақанұлы археологиялық, этнологиялық және
қазақтың ауызекі әдебиеттері, сәулеттік ескетркіштер бойынша
көп жылдар бойына жинаған бай ғылыми қорындағы деректерді
жазуға қызыға кірісті. Әркүні сағат 17-де мен Әлекеңнің үйіне
барып, екеуміз Кіші Алматы өзенінің бойымен өрлеп, «Мостқа»
(көпірге) дейін әңгімелесіп, көбіне ғылыми сөздер айтылатын,
3-4 сағат жүріп қайтуды салтқа айналдырғанбыз. Мен барғанда
Аманат
236
Әлекең столында жазатта отырады. Қарасам жазғандарын
үлкен папкаларға салып, бірінің үстіне бірін қойыпты. Сол
жазғандарына қайран қалып, Әлекеңе қарап: «Келген сайын
көремін, Сіз жазасыз да отырасыз. Қолжазбаңыздың көлемі
биіктеп кетіпті. Сол қолжазбаларды кітап етіп шығармайсыз
ба?»-деп айтып едім, азғантай маған қарап тұрды да: «Уақа,
менің оларды басып шығаратын уақытым жоқ. Білгендерімді
қағаз жүзіне түсіруім керек. Кейін өздерің кітап етіп баспадан
шығарасыз ғой»-деді. Ғұламаның бұл айтқан сөзіне мен сол кезде
онша мән бермен сияқтымын. Кейіннен ойланып көрсем, Әлекең
алды болжап, кейінгі ұрпақтарға зор сеніммен қарайтынын баян
еткен. Әрбір саналы азамат біледі. Кітапты жазу, оны баспаға
дайындау қияметтің-қияметі екен. Жас келіп қалған соң, көп
жылдар бойынша жинаған рухани байлығын сүйікті халқына жа-
зып қалдыруды Әлекең мақсат тұтқан. Әлекеңнің жарық көрген
ғылыми мұраларымен бірқатарда, оның қалдырған қолжазбалары
өте көп.
Ұстаздың үмітін қазақ халқы, оның адал перзенттері іске
асырып жатыр. Әлекең дүние салғаннан кейін, оны халқы
дәріптеп, атын мәңгі қалдырды. Археология институтына
Ә.Х.Марғұланның атын берді. Көше мен мектептер аталып,
ескерткіш орнатылды, «Марғұлан қорын» ұйымдастырды.
Осының бәрі Әлкей Хақанұлы Марғұланның халқына сіңірген
ұшан-теңіз еңбегіне көрсетілген халқының сыйлығы деп білеміз.
Сөзіміздің соңында, Әлкей Хақанұлының ғылыми мұрасын
халқына жеткізуде, Данель Әлкейқызы Марғұланның атқарып
жатқан жемісті еңбегіне қысқаша тоқталайық. «Атадан перзент
тумайма, ата жолын қумайма»-деген қанатты сөз бар. Сондай
шынайы, анасының ақ сүтімен асыраған, дарынды перзенттердің
бірі осы Данель Әлкейқызындай болсын. Папасы дүние салғаннан
кейін, «Марғұлан қорының» жетекшісі болып, Әлекеңнің ғылыми
мұрасын көп томдық етіп шығаруда қажырлы еңбек етуде. Ол
еңбектерін оқып, талдап, жүйелеп, баспаға дайындаудың оңай
еместігін жоғарыда айттық. Сол қиындықтардың бәрін жеңіп,
Данель Әлкейқызы папасының 14 томдық шығармасын баспадан
шығарды. Осынша еңбекті баспаға шығаруда, оның аржағында
қанша жұмыстар атқарылғанын санап шығу оңай емес. Данельдің
Аманат
237
атқарып жатқан жұмысы, көптеген ұрпақтарға үлгі боларлықтай.
Сондай перзенттер көбейе берсін!
Менің сезуімше, «Марғұлан қорына» үкіметтен бөлінген
қаржы өте шектелген сияқты. Оның үстіне Марғұлан атындағы
Археология институтының ұжымы Әлекеңнің ғылыми мұраларын
жарыққа шығаруда берген жәрдемдері мардымсыз. Біздіңше,
осы институттың аты Ұстаздың атымен аталған соң, оның
еңбектерін кең көлемде жариялауда белсенділікті көрсетуі тиіс.
«Үмітсіз шайтан болсын» дегендей, институттың жаңадан болған
басшылары, бұл жұмысқа қызғынды кірісулері қажет. Тек, осындай
жағдайда, Әлкей Хақанұлы Марғұланның көп томдық ғылыми
мұраларын халқымызға толық бере аламыз. Менің жобалауымша,
Әлекеңнің қалемінен туындаған еңбектің көлемі мол, мазмұны
өзекті. Әлкей Хақанұлы Марғұланның ғылыми мұрасы, қазақ
халқына ұстаздың қалдырған мәңгі естелігі. Ол естеліктер
ғасырлар бойына ұрпақтарды тәрбиелеуге жәрдемдеседі. Әлкей
Хақанұлы Марғұландай даналар халқымыздан шыға берсін!
Осы ұстаздарымды аса құрметпен еске алып, солардан алған
тәлім-тәрбиенің көмегімен сүйікті Отаныма, халқыма адал
еңбек етуге тырысып келемін. Еліміз бейбітшілік жағдайында
жасап жатқан кезде ғылыми зерттеу жұмысымен, жоғарғы оқу
орындарынды дәріс берумен айналыстым, соның 40 жылы Әл-
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде профессор,
кафедра меңгерушісі, декан болып жұмыс атқардым. Осы
жұмыстарымды кең көлемдегі тарихшы болуға ұмтылдым, еңбек
еттім. Жарық көрген ғылыми, оқулық еңбегімнің ұзын саны 80-
100 жақын. Солардың ішінде 30 дан астам монографияларым
және ғылыми мақалаларым бар. Осы университетте ұзақ жылдар
студенттерге, магистрлерге дәріс оқып келемін және ғылым
кандидаттары мен докторларын дайындадым. Олардың алды
белгілі ғалым болып, өзіммен бірге жұмыс істеп, жастары 60 тан
асқандарыда бар.
Осындай еліңе, халқыңа істеген адал еңбектің елеусіз
қалмайтынына сенемін. Өзімнің өмірімнен мысал келтірсем:
тарих ғылымдарының кандидаты (1953), т.ғ.д. (1967), профес-
сор (1970), ҚР Гуманитарлық академиясының толық мүшесі
(1994), Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрметті про-
Аманат
238
фессоры, Әбу-Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Уни-
верситетінің құрметті кафедра меңгерушісі, ҚР мен Қарақалпақ
Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ұлы
Отан соғысының ардагері, полковник, Кеңес Одағының үздік
педагогикалық ұстазы, Жамбыл облысының Шу ауданының
құрметті азаматы (2011), «Қызыл жұлдыз ордені, І-ІІ дәрежелі Отан
соғысы ордені», 30-дан астам медальдармен марапаттталғанмын.
Еліміздің, халқымыздың менің азды-көпті еңбегімді еске
алып, өздерінің си-сипаттарын білдіргеніне ризашылығымды
білдіремін! Өзімнің ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұжымына
және тарих, археология және этнология факультетінің, архео-
логия, этнология және музеология кафедрасының азаматтары-
на шексіз ризашылығымды білдіремін. Олар шетінен тік тұрып
мені ақсақалдары ретінде құрметтеу сезімдері менің жүрегімнің
төрінен орын алады.
Сөзімнің соңында жастарға кейбір тілегімді білдіргім келеді.
Қазіргі жастар Еліміздің Егеменді жағдайында жачсайды.
Егемендіктің бағасы жоқ, асыл құрметті ұғым. Ол үшін ата-ба-
баларымыз ғасырлар бойы күрескен және сол жолда жандарын
құрбан еткен. Солардың қанды күресінің нәтижесі Егемендік.
Енді, аса асыл мұраны мықты ұстап, қазақ халқын алға ғарышты
сәтпен дамыту қазіргі халықтардың қасиетті міндеті екенін әрбір
азамат саналы мәнде білулері шарт. Ол үшін: 1) Саналы еңбек
табыстың жеңісінің тірегі. Еңбексіз өмір жок: рухани және
физикалық еңбек. Еңбектің жақсы, жаманы жоқ. Бәрі өмірге
қажет. Қолдан келетін жұмыстың бәрін істеуге бағыттану шарт.
2) Білім және ғылым еңбексіз келмейді. Қазіргі жастар білім мен
ғылымның кешенді өмірде кең орын алған заманда жасайды.
Сондықтан, Заманның талабына сай білім алуға, ғылыммен
айналысуға дағдылану керек. Бұл жол жеңіл болмаған соң,
ғұламалар «ғылым инемен құдық қазғандай» деп кеткен. Өмірде,
ғылымда даңғыл жол жоқ. Оның жолы бұрамалы соқпақ жол. Сол
жолмен өркен атыру – ғылымның, білімнің жолы. 3) Әр азамат
өзінің Отанын сүйетін патриот. Бұл барлық этностарға тән қасиет.
Әсіресе, түріктерде, соның бірі қазақтарда бұл сезім күшті болған.
Оны дамытып отыру қажет. Ол үшін, өзінің ана тіліңді, төл
Аманат
тарихынды жақсы білген жөн. Түрік әлемінің, қазақтың бабалары
ежелден өркениеттің негізін салған этностар. Халқымыздың осы
жетістіктерін тарихта көрсете білу басты мәселе.
4) Әрбір саналы жастар ата-бабаларының көне заманнан
бергі тарихынан хабарлары болуы тиіс. Ол үшін төл тарихын
инновациялық жағдайда қарап, ойдың елегінен өткерген жөн.
Өйткені, қазақ халқының тарихы бұрын бұрмаланып, евроцен-
трис тік көзқараспен жазылған. Әлдеде осы жағымсыз көзқарас
тарихшылардың арасына әлде де үстемдік етеді. Осындай ақау-
лықтардан тарихымызды тазартуымыз бүгінгі күннің басты
мәселелерінің бірі.
5) Қазіргі жастар, солардың арасындағы оқушылар, сту-
денттер күнделікті уақытты үнемдеп пайдалануға тырысу өте
қажет. Үлкенгеде, кішігеде тәулігіне 24 сағат берілген. Оны
үнемдеген адамдар әруақытта табысқа жетсе, көпшілік уақытын
босқа жіберген адамдар кейін оған өкініш білдіреді.
6) Менің пайымдауымша, білім алған адамдар, өзінің білімге,
ғылымға ұмтылуын тоқтатпау қажет, яғни алған білімін байытып
барған адам, ешуақытта қатарынан кем қалмайды, елдің елеулі,
халқының қалаулы адамы болаыд. Міне, жастарға айтарым,
сондай Егеменді еліміздің азаматтары болыңдар!
Аманат
240
Достарыңызбен бөлісу: |