2. Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады.
Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады.
Бұл мәселеге адамдар өте ертеден назар аударған болатын. Ежелгі грек философтары барлық адам дүниеге келгенде тең болып туады.Сондықтан олардың бәрінің де тең табиғи құқығы бар деген ойды өрістетті. Аристотель болса саяси құқықты табиғи және шартты құқық етіп екіге бөлді.
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдарға Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн, және т.б. жатады.Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Олардың ішіндегі ең құндылары АҚШ-ң Тәуелсіз Декларациясына (ол 1776 жылдың 4 шілдесінде бекітілді) енді.
Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Оларға табиғи-тарихи, заңдық –позитивтік жәнемарксистік түсініктер жатады.
Табиғи – тарихи бағытты жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Бұл құқықтарға адам дүниеге келгеннен-ақ, жаратылысынан ие болып туады, оларға адамға туғанынан тән.
Заңдылық – позитивтікқолдаушылар, керісінше азаматтардың құқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады.
Марксизм де адам құқығын мемлекеттік құқыққа бағындырып, тәуелді етеді. Бірақ заңдық – позитивтік бағытпен салыстырғанда, ол құқықтың әлеуметтік-экономикалық, әсіресе таптық мәні бар деп сипаттайды. Марксизм коммунистік қоғамда мемлекет те, саясат та, құқық та болмайды деп уағыздайды.
3.Қазіргі саяси ғылымдарда жеке адамның құқықтарын жіктеудің бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде кең тарағаны – барлық құқықтарды негативтік және позитивтік етіп бөлу.