Жалпы түсініктер


АЦТ екітактілі интеграциялауы



бет8/9
Дата31.03.2023
өлшемі0,85 Mb.
#77883
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8.3.2 АЦТ екітактілі интеграциялауы.

Мұндай түрлендіргіштің ең кең тараған нұсқасы болып АЦТ екітактілі түрлендіргіш саналады (3.27-а сурет). Оның жұмыс істеу толық циклі екі тактіден тұрады. Біріншісінде іске қосылу импулсі Т1 триггеріне әсер етіп, Кл1 кілтін ашады, одан соң түрленген uвх сигнал интегратор кірісіне беріледі. К компаратордың бір кірісіне интегратордың Uинт шығыстық кернеуі беріледі, ал келесіне – көлдік кернеу. Себебі t1 бастапқы момент уақытында (3.27, б сурет) интегратор кернеуі нөлге тең, компаратор іске қосылады және Т3 триггерді «1» күйіне лақтырады, соның салдарынан И элементі ашылады және G генератор импульстері Сч есепшотқа келе бастайды. uвх кернеуін интегрирлеу бекітілген уақыт интервалында жүзеге асады



[t1, t2] уақыт интервалында шығыстық кернеу мына заң бойынша өзгереді




Т интервал аяғы есепшотпен бекітіледі, ол t2 уақыт моментінде T1 және Т2 триггерлерге келіп түсетін қайта толу импульсын шығарады. Бұл кезде Кл1 кілті жабылады, Кл2 кілті ашылады және түрлендіргіштің екінші жұмыс тактісі басталады. Интегратор кірісіне енді uвх қатынасы бойынша кері полярлыққа ие Uоп тіректі кернеу келеді. t2 уақытынан бастап есепшот G импульстер генераторынан импульстармен қайтадан толады, ал интегратор шығысындағы кернеу мына заң бойынша кемиді (3.27 б сурет)

Мұнда t3 уақытта Uинт нөлге теңболады. Компаратор бастапқы күйге оралады және инверсті шығыс бойынша Т2 және T3 триггерлерді нөлдік күйге қайта лақтырады. Бұл кезде Uoп кернеуі интегратор кірісінен өшеді, ал Т3 шығысынан келген сигнал G генератор импульстерін есепшотқа беруді тоқтатады.Нәтижесінде есепшотта сандық код бекітіледі

мұнда Tx=t3 – t2.
9 САНДЫҚ ВОЛЬТМЕТРЛЕР

Өлшеу аспаптарының арасында сандық вольтметрлер ерекше орынға ие, олар өлшенетін кернеулердің шегі мен полярлығын автоматты таңдауды; қателіктерді автоматты түзетуді; өлшенетін кернеулердің кең диапазонында (0,1 мкВ-тан 1000 В дейін) өлшеудің аса жоғары дәлдігін (0,01 - 0,001)%; сандық басып шығару қондырғыларының көмегімен құжаттық тіркеуді; өлшеу ақпаратын компьютерге және күрделі ақпараттық-өлшеу жүйелеріне енгізуді қамтамасыз етеді.


Өлшенетін шамалардың саны мен түріне қарай сериялық аспаптардың төрт негізгі тобын бөліп алуға болады:
U тұрақты токтың кернеуін өлшеуге ғана арналған СВ;
U тұрақты токтың кернеуінен басқа қандай да бір үйлесімде келесі шамаларды: модулі бойынша (UCP) синусоидты кернеудің орташа мәні; (UCP.KB) периодтық кернеудің орташа квадраттық мәні; (R) тұрақты токтың кедергілері; (С) сыйымдылығы; (I) тұрақты және (ICP немесе IСР.KB) айнымалы токтарды; екі кернеудің және екі токтың қатынастары сияқты шамаларды өлшеуге мүмкіндік беретін әмбебап аспаптар (мультиметрлер). Жоғарыда аталған шамалардың U тұрақты токтың кернеуіне кіретін түрлендірушілері кейде конструктивті түрде ауыстырмалы блоктар түрінде орындалады;
тек қана UCP немесе тек қана UCP.KB өлшеуге арналған аспаптар. Олардың құрамында өлшенетін шаманы U тұрақты токтың кернеуіне кіргізетін тиісті түрлендірушілері бар. Оған сонымен қатар U–ға түрленетін (мысалы, температураға) қандай да бір электрлі емес шаманы өлшеуге арналған аспаптар да жатады;
импульстік СВ. Олардың құрамында импульсті кернеудің амплитудалық мәнін U тұрақты токтың кернеуіне кіргізетін түрлендіруші бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет