Жалпыадамзаттық құндылықтар –тұлғаны рухани –адамгершілік тәрбиелеудің негізі «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат - оның негізі, дұрыс әрекет - оның шынайы – өмірі» сынып сағаты Құндылықтар –қоғамдық маңызды материалдық, әлеуметтік нысандар. Құндылықтар жалпыадамзаттық және ұлттық болып екіге бөлінеді.
Осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.
Рухани- адамгершілік
білімнің негізі болып
табылатын
«Өзін- өзі тану»
жобасының авторы
С. А. Назарбаева
«Өмір әдебі» деген
кітабында:
«Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті.
Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндеттер:
біріншіден, рухани-адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық,
кешірімділік, тәуелсіздік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы;
екіншіден, жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып,
әлемдік рухани ынтымақтастық рухта басқа ұлттармен бейбітшілікті сақтау;
үшіншіден, оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, жан дүниесін адами
құндылықтар арқылы рухани-адамгершілік пен руханилықты берік орнықтыру.
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алады. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!», «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген қағидаларының негізгі мазмұны да осы құндылықтар.
Сократ (б.д.д. 469 - 399)
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы дүниеге келіп өзінің 73 жылдық ғұмырында артына сарқылмастай мол қазына қалдырды. Ш.Құдайбердіұлының философиялық еңбектерінің негізгі обьектісі – адам болса, байлықтың ең үлкені – ғылым дей келе, «Өзіңді өзің танысаң істің басы...» деп жырлайды. Мысалы, «Үш –ақ түрлі өмір бар» өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі, яғни, осы кезде уақытыңды босқа өткізбей, ғылымға үңілсең – өмірлік мұратыңа жеткенің - дейді.
АҚИҚАТ
Сүйіспеншілік
Дұрыс әрекет
Ішкі тыныштық
Қиянат жасамау
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |