КӘСШБИ БАҒДАР БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА
МАҢЫЗДЫ.
Мұқаш Ж.Қ.
«ЖББМ№12» КММ, Қарағанды қ.
352
Аңдатпа. Кәсіби бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі кәсіптік
ақпарат. Мақалада оқушыларға мамандық таңдауда ерекшелігі, оның қоғамда
алатынорны туралы түсініктер берілді. Дұрыс таңдалмаған кәсіптің
жасөспірімнің өзіне ғана емес, қоғамға да тигізетін әсері туралы мәліметтер
қарастырылды. Мақалада кәсіби бағдар беру жұмысы мектептегі жүргізілген
жұмыс нәтижесі, ғалымдардың зерттеу есебі, жасөспірімдерге мамандық
таңдауда ескерілетін кеңестер жазылды. Кәсіби бағдар беру жұмысын жүйелі,
мақсатты орындай білген кезде мол жетістікке жететіндігі анықталды.
Аннотация. Одной из самых основных форм профессиональной
ориентации является профессиональная информация. В статье ученикам даны
представления об особенностях выбора профессии, ее месте в обществе.
Рассмотрена информация о влиянии неправильно выбранной профессии не
только на подростка, но и на общество. В статье написан результат работы
профориентационной работы в школе, исследовательский отчет ученых, советы
подросткам, которые необходимо учитывать при выборе профессии.
Выяснилось, что больших успехов можно добиться, если уметь систематически
и целенаправленно вести профориентационную работу.
Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әр бір оқушының
қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын
қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға
көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар жұмысы жас
ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандағын қателеспей таңдауға мүмкіндік
жасайды. Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс тағдауға бағыт
беру – маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның
болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс мақсат алған
оқушы бойындағы қарым-қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе, сапалы
маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Көптеген жасөспірімдер амалсыздан
кездесоқ ситуацияларға тәуелді мамандық таңдайды. Өз жолын таңдауда негізгі
жауапкершілікті жасөспірімнің өзі алу керек. Кейбір жасөспірімдер дайын
болмағандықтан, оған отбасы, жақын адамдары, ортасы әсер етіп,
жауапкершілікті басқалары алады. Кәсіби өзіндік анықталу жеке адам үшін
маңызды оқиға, барлық өміріне негіз болады. Мамандық таңдауда ата-ананың
атқаратын рөлі өте зор, яғни бұл істе ата-аналар бірінші болып көмектесе
алады. Мамандықтың жаманы жоқ, барлық мамандық жақсы, баланың икеміне,
қабілетіне қарай таңдауға жөн сілтей алу керек. Ата-аналар кейде өз
балаларының тілектеріне қарамастан, олардың қандай оқу орнына бару
керектігін өздері таңдап қояды.
Мектебімізде кәсіби бағдар беру мақсатында жүргізілетін психологиялық
зерттеулерден байқалып жүргендей, 47 пайыз оқушылар мектепте жақсы
оқитын пәнін пір тұтып, сол пәнді мамандық ретінде таңдаса, 86 пайыз
таңдаған мамандығым өзіме ұнайды, ал 55 пайыз сол мамандық несімен ұнайды
дегенде жауап беруге қиналатындары байқалады, яғни әлі де болса мамандық
туралы толық ақпарат қоры жетіспейтіндігі байқалып отыр. Әрине, өздерінің
353
қай мамандыққа бейім екендігін алдын ала анықтау оқушылардың көбіне оңай
емес. Жасыратын жоқ көптеген мамандықтар туралы білімдері көп болса да,
кәсіби анықталу оған альтернатива бола бермейді. Жоғарғы сынып
оқушыларына тек өмірлік жолына байланысты белгілі бір мағына алған таңдау
ғана оған альтернатива бола алады. Кәсіби өзіндік анықталу ситуациясында
дұрыс таңдау үшін ойдағы бейнелерді өмірмен байланыстырып, оның
болашағын алдын ала болжай алатындай дағдыларды меңгеруге ата-аналар
тарапынан көмек керек, яғни баласының қызығушылығын дамытуына және бос
уақытын дұрыс пайдалануға ықпал жасау.
Дұрыс таңдалмаған мамандықтың жағымсыз тұстары тек адамның өзіне
ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсерін тигізеді. Ғалымдардың есебі бойынша
мамандықты дұрыс таңдау кадрлар тұрақсыздығын екі-үш есе азайтса, еңбек
өнімділігін 10-15 пайызға арттырады да, кадрларды оқытуға жұмсалатын
қаржыны 1,5-2 есеге азайтады екен. Статистиктердің зерттеуі бойынша әлемде
40 мыңға жуық мамандық түрлері бар екен, ал жыл сайн 25 миллион адам
өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 пайызы қайтадан өз орнына қайтып
оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесті деуге болады
ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан-жақты
дайындалу керек пе? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды
қалай таңдауға болады? Олай болса туындаған сауалдарға жауап ретінде өз
болашағын анықтауда, дұрыс мамандық таңдау үшін, жасөспірімдердің
жадында мына ережелерді ұстануды қалыптастыру қажет.
Өмірлік жоспарын қандай болмасын, өз тілінді жете біл және шет тілін
үйреніп, компьютерді игергені аса пайдалы. Бұлардың кез-келген мамандыққа
қажеті болары сөзсіз;
Мамандық таңдауға байланысты сенің қалаған мамандығынды толық
білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті жоқ; Жасөспірінің
қолынан келетін істі мамандық етіп таңдағаны пайда әкеледі;
Мүмкіндігінше заман ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп,
оның орнына жаңа мамандықтар басып жатыр, сондықтан кез –келген жағдайда
қосалқы таңдаған мамандығы болуы қажет;
Жалпы адам баласы өз мамандығына қаншалықты риза болса, өмірге де
риза болады. Сонда кәсіп таңдау – бір жағынан болашаққа үңілу болса, екінші
жағынан ол өзінің ішкі жан дүниесіне үңілу, яғни менің мықты және әлсіз
жақтарым мен не істей аламын, табысқа жету үшін маған не қажет деген
сауалға жауап бере алады екен.
Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту
үлкен маңызға ие. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті күрделі кешенді
мәселе. Кәсіби бағдар беру қоғамның жұмыс күшін қайта өндірудің құралы
саналады. Білім саласындағы кәсіби бағыттың ауқымы кең және алуан түрлі.
Бұл істің жүргізілуі мамандық даярлауды жоспарлармен, білім беру
жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Қазіргі заман
талабына сай мамандықтарды игерген жастарға ұсыныс өте жоғары. Нарықтағы
бәсекелестік күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім
354
беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған
мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі.
Мамандық әлемі туралы білім мен түсінік жүйесін қалыптастыруда кәсіби
бағдар берудің атқаратын қызметі орасан зор.
Пайданылған әдебиеттер
:
1.М.К.Мамбетбаева «Жеке тұлғаның кәсіби бағыттылығына бағыт бағдар
беруде ата-аналарға психологиялық қолдау жасау», [215-216 бет ]
2.Д.А.Досболова, Білім айнасы» сайты, «Мектептегі кәсіби бағдар беру
жұмыстары: мазмұны мен ынталандыру әдістері»
Достарыңызбен бөлісу: |