«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ӘЛ-АУҚАТЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН



Pdf көрінісі
бет140/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   188
Байланысты:
материал пед

ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ӘЛ-АУҚАТЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН 
ЗЕРДЕЛЕУ 
 
Мухсинова Гулжан Аманханкызы 
 
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,Сауле ауылы 
«Қ.Нұржанов атындағы тірек мектебі (РО)» КММ 
 
Аңдатпа.
 
Аталған мақалада білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагог 
жұмысындағы тәрбиеленушілердің қоғамдағы өмірге бейімделуін, баланың 
жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске 
асыруда тәрбиеленушілердің білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік 
қорғалуы бойынша көмек және қолдау көрсетілетіні жөнінде қарастырылған. 
Аннотация.
 
В данной статье рассматривается работа социальных педагогов 
образовательных учереждений в адаптаций учащихся к общественной жизни, 


338 
способы решения прав и защиты, интересы ребенка, личных проблем, помощь в 
получении образований, воспитания, развитии и получении социальной защиты 
и поддержки обучающихся.
 
Ел ертеңі – білімді жастар қолында! Қазіргі таңда біздің елімізде тұлғаны 
тәрбиелеу мәселесіне ерекше жағдайда көңіл бөлінуде. Яғни , мектеп 
оқушыларының бойында шығармашылық қабілетін, бағыт - бағдарын, өмірлік 
ұстанымын, өзіндік сенімін, қызығушылығын, қауіпсіздігін, психологиялық 
қасиеттерін дамытатын мүмкіндіктерді жасауды қажет етіп отыр. Қоғамдағы әр 
түрлі жаңғырулар мен өзгерістердің ықпалы қатты әсер ететін ең бір нәзік тұсы 
- бала. Сондықтан әлеуметтік педагог балалардың әлеуметтену мәселеріне 
тоқталып, оған заман талабына сай көмек, қолдау көрсету, өмір сүру 
мүмкіндігіне, әлеуметтік бейімделуіне, рухани жан дүниесін танып білуіне, 
өздігінен жол табуына көмектесу, отбасы мен мектеп арасындағы 
ынтымақтастығын нығайтады. Мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігі 
мәселесінің маңызы зор.Тәрбиеленушілердің бос уақытын ұйымдастыруда 
отбасындағы қолайсыз жағдайлар, өмір сүру қабілетінің жоқтығы немесе өз 
қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауы, отбасы мен мектептің 
байланысы, ата-ананың баласының жеке тұлға ретінде қалыптасуына тиімді 
бағыт-бағдар беруіне ықпал етуге ұйымдасқан жұмыс қажеттілігі. 
Тәрбиеленушінің дамуы үшін жағымды жағдайлар жасаудағы әлеуметтік 
педагогтың рөліне тоқталсам, қазіргі таңда өскелең ұрпақтың дамуы үшін 
жағымды жағдайлар жасау күн тәртібінен түспеген маңызды мәселелердің бірі. 
Тәрбиеленушілерге, олардың әлеуметтік ортаға бейімделуі, қоғамда өз 
орындарын дұрыс бағыттай алуы, құқықтарының қорғалуы, үлкендер 
тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамауын бүгінде әлеуметтік тәрбие беретін 
мамандар ұйымдастыруы қажет. [1] 
Мектепте жасөспірімдерге, олардың әлеуметтік жағдайын көтеру, 
материалдық көмек көрсету, әлеуметтік қолдау, оқушылардың қоғамға, 
әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенудегі қиыншылықтар оның тұлғалық 
қасиеттерін зерттеуге, зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, 
өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал ету. Әлеуметтік педагог 
балалардың әлеуметтік тәрбиесін ұйымдастырушы және әлеуметтену 
процесінің жоспарлы және мақсатты түрде өтуіне жағдай жасайтын маман. 
Әлеуметтік педагог – социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында 
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, 
қызығушылығын зерттейді. Ресми емес ұйымдардың балалар мен 
жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтайды. Ол 
психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік-этикалық және басқа да 
сипаттағы проблемаларды шешуге көмектеседі. Қоғам мен отбасы, бала 
тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола отырып, тәрбиеленушінің 
шынайы өмірге қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, 
рухани-адамгершілік қарым - қатынастарға ықпал етеді. Әлеуметтік жұмыстың 
мамандық ретінде қалыптасуы және негізгі міндеті – бала мен жасөспірімдерге 


339 
құзырлы көмек көрсету, әлеуметтік мәдени ортаны ізгілендіру, тұлғаның 
әлеуметтік қалыптасуына ықпал ету болып табылады. 
Оны ұйымдастырудың негізгі міндеттері: 
- жанұядағы, мектептегі дағдарыс жағдайларында тұлғаға дара көмек 
көрсету;
- қоғамда дұрыс өмір сүруге, өзіндік кәсіпті таңдауға тұлғаның құқығын 
қорғауды ұйымдастыру;
- оның денсаулығын сақтауды ұйымдастыру;
- тұлғаның әлеуметтік, физикалық, танымдық және шығармашылық іс-
әрекетін ұйымдастыру; 
- тәрбиеленушілерге өз өмірлерін ұйымдастыруға өзіндік шешімдерге 
келуіне көмектесу.[2] 
Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың көптеген қызметінің бір 
саласы– отбасымен жұмыс болып табылады. Отбасымен жүргізілетін 
әлеуметтік 
педагогтың 
іс-әрекеті 
отбасындағы 
немесе 
тәлім-тәрбие 
мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. 
Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс істеу барысында «жеке тұлға-отбасы-
қоғам» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарды реттеп отырады. Осы қағидалар 
отбасы мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Әр баланың 
әлеуметтік тұрмыстық жағдайын терең зерттеу оларды келешекте қорғап, 
қамқорлыққа алуға септігін тигізеді. 
Мұғалім мен әлеуметтік педагогтың жалпы ұқсастығы – екеуінің де жұмыс 
нысаны баланың 18 жасқа дейінгі дамуы және әлеуметтік қалыптасуы. Біріккен 
Ұлттар Ұйымының Конвенциясында (1995 ж) көрсетілгендей, балалар 
қоғамның өзін қорғауға қауқарсыз ең әлсіз мүшелері болғандықтан, қоғам, 
әсіресе отбасы тарапынан ерекше қорғауды, қамқорлықты, қолдауды 
қажетсінеді. Сонымен бірге, Конвенцияда егер де бір себептермен бала 
күйзеліске душар болып, не бағушысынан айырылып қалса, бұл міндетті 
мемлекет өз мойнына алып, оның ата-анасының құқығына құрметпен қарап, әр 
отбасының баланы дамыту, тәрбиелеуіне мүмкіндік береді. Әр бала өмірге, 
оқуға, білім алуға, тәрбиеленуге, өз ата тегін, ұлтын білуге, өз пікірін, 
көзқарасын білдіруге құқылы деген және басқада мәселелерді дәріптеген. 
Мұғалім - оқытушы тәрбиеленушілерге білім беруші. Ал енді, әлеуметтік 
педагог-белгілі бір жағдайға душар болып, соның салдарынан күйзеліске 
ұшыраған балаға көмектеседі, сүйеу болады, қолдау көрсетеді, қатарға қосу 
немесе қайта тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді. Көмек ұйымдастыру , тек көмек 
күтуші емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына және рухани жан 
дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастырады. 
Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін зерделеу мақсатында кең қолданылатын 
әдістерінің бірі – алдын алу. Олар мыналар: 
- жеткіншектер мен жасөспірімдер, балалардың денсаулығын, психикасын, 
әлеуметтік, мәдени ахуалын әртүрлі қауіптен сақтауға арналған іс-шаралар;
- денсаулығын сақтауға, тұрмыс жағдайын жақсартуға, өмір сүруге 
қалыпты жағдай жасауға көмектесу;


340 
- жеке тұлғаның мақсатына жетуіне ішкі жан дүниесін түсініп, жеке 
қабілеттерін іс жүзіне пайдаанып, дамытуға қолдау көрсету. 
Балалар мен жастардың қылмысқа баруын болдырмау, алдын алу 
шараларын жүзеге асыру және ол нәтижелі болуы үшін мынадай жұмыс 
түрлерін ұйымдастырылады. 
- құқықтық сана-сезімін тәрбиелеу іс-шаралары; 
- жүріс-тұрыс ережелерін бойына сіңіріп, әдет ретінде қалыптастыру;
- балаға жақын микроортаның жағымды ықпалын ұйымдастыру.
Әлеуметтік педагогиканың «атасы» А.С.Макаренко мінезінде ауытқуы бар 
жеткіншек балалармен жұмыс жүргізудің негізгі бағыттары балалардың жас 
ерекшеліктерін ескеру, жеке қабілеттерін дамыту жолдарын іздестіру
қызығуын дамыту арқылы бос уақытын пайдалы өткізуге баулу, пайдалы 
қажеттіліктерін қанағаттандыру; еңбек, оқу және басқа да іс-әрекетін 
ұйымдастыру деп есептеген. Осыған орай алдын алу шараларының мынадай 
түрлерін атауға болады:
- балаларды қылмысқа тартатын ересек адамдарды анықтап, оларды 
жауапқа тарту; 
- кәмелетке толмаған балаларды қылмыстық істерден сақтау, қорғау және 
жас ерекшеліктері мен жеке мінез – құлқын ескере отырып түсіндіру 
жұмыстарын жүргізу; 
- балалармен жеке жұмыс жүргізу бағдарламасын түзіп, оған сәйкес 
келетін әдістер, тәсілдерді қолдана білу, қылмысқа бару себептері мен 
шарттарын жою; 
- балалардың бос уақытын ұйымдастыру және тиімді пайдалануын бірге 
жоспарлау, сабақтан тыс жұмыстарды қызықты, тартымды етіп өткізу; әртүрлі 
іс-шаралардың пайдалы болуын көздеу. Осылардың барлығын іске асырудағы 
әлеуметтік педагогтың міндеттерінің ең бастысы - баланың мүддесін қорғап, 
қалыбына келтіру, құрбыларымен қарым-қатынас орнатуға көмектесу, жаңа 
ортаға бейімдеу, әлеуметтік тәртіпті сақтауға және жауапкершілікті сезінуге 
үйрету болып табылады. [3] 
Жалпы 
қорыта 
келе, 
әлеуметтік 
педагог 
ретінде 
айтарым, 
тәрбиеленушілердің, яғни оқушылардың, жан-жақты қауіпсіз ортада өздерін 
еркін сезініп, ешқандай зорлық – зомбылық көрмей, өзіндік «мені» 
қалыптасқан, ой-пікірін еркін айта алатын дәрежеге жеткізу біздің басты 
парызымыз. «Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші келешек ұрпағымыздың 
саналы, тәрбиелі, білімді, парасатты болғаны біз үшін үлкен абырой екені 
даусыз. Бүгінгі жаһандану кезеңінде әлем ұмтылған жаңашылдыққа ілесе 
алатын ұрпақ – ол еліміздің ертеңгі болашағы. Әлеуметтік тұрғыда жан-жақты 
қорғалған ұрпақ тәрбиелеуге тамшыдай болса да үлес қосып жүргенімді мақтан 
етемін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет