АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ.
А.К.Кабанова
«Балқаш қаласы, №2 Абай атындағы мектеп-лицейі» КММ ағылшын тілі
пәні мұғалімі.
Аңдатпа: Оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан жақты,
мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның коммуникативті
құзыреттілігін дамытуы туралы.
Аннотация:
В
статье
рассматриваются
вопросы
развития
коммуникативных способностей учащихся для формирования всесторонне
развитой личности.
Білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына
енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану,
сонымен қатар тіл үйренушінің іскерлігі, коммуникативтік құзіреттілігін
дамыту жағы да ескерілген. Біз жаңа технологиялық тасқынның куәгері болып
отырмыз. Қазір ғылыми-техниканың, өркениеттің даму заманы. Компьютер мен
интернет, жаңа байланыс құралдары, ғылыми жаңалықтар, осының бәрі
оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізеді. Ал білім сапасын жоғарылату,
құзыретті маман тәрбиелеу– барлық оқытушыларды толғандыратын маңызды
мәселе. Мына заманда білім алушылардың да алдына қойылатын талаптар да
күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде.
Қазіргі өскелең талап бойынша әрбір оқу
пәні бойынша білім, білік және дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін
жеткіліксіз болып табылады.[1]
Құзыреттілік-оқу нәтижесінде меңгерген білім мен дағдыны тәжірибеде
қолдана алу, проблеманы шеше алу, яғни оқушы дайындығының сапасын
сипаттайтын жаңа сапалық белгісі. Білім берудің негізгі нәтижесі ретінде
оқушыда, яғни жеке тұлғада төмендегі құзыреттіліктер болуы тиіс:
• Құндылықтарды бағалау құзыреттілігі
• Коммуникативті құзыреттілігі
• Мәдениеттану құзыреттілігі
• Оқу-танымдық құзыреттілігі
• Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі
96
• Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі
• Ақпараттық -технологиялық құзыреттілігі
1. Құндылықтарды бағалау құзыреттілігі- жаңа қоғам өмірінде өз ролін
таба білу, біліктілігі, азаматтық белсенділігі, саяси жүйені түсіну, ең алдымен-
өз жерінің, Отанының патриоты болу.
2. Мәдениеттану құзыреттілігі-өз халқының және әлем елдерінің
мәдениетін түсіну, білу, бағалау, жалпы адамзаттық мәдениеттің жетістіктері
мен этномәдени құбылыстарды тану.
3. Оқу-танымдық құзыреттілігі-оқушының әрекеті мен өзіндік оқу-
танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Әлемдік
ғылымның бағытын ізденушілік-зерттеушілік әрекет арқылы игеру.
4. Коммуникативті құзыреттілігі- адамдар мен өзара іс-әрекет және қарым-
қатынас жасау тәсілдерін білу, түрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеу.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілігі-өз бетінше іздей білу, талдау,
таңдап алып өзгерте білу, ақпараттық технологияны игеру.
6. Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі- жанұяда, еңбекте, экономикада, саяси,
қоғамдық азаматтық тәжірибе мен білімге ие болу. Әлеуметтік - қоғамдық
жағдайларға нақты талдау жасап, шешім қабылдай білу.
7. Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі-өзіндік қадір-қасиет сезімін
ұйымдастыра білу, өз мүмкіндігін нақты даму жоспарларымен салыстыра білу.
Қазіргі уақытта халықтардың, тілдер мен мәдениеттердің ығысуы шеріктеу
шағына жетті десе де болар. Өз кезегінде бұл мәдениет аралық қатынасты
күнделікті қарым- қатынастың құрамдас бөлігіне айналдырып, шет тілді
игеруді жаңа басым деңгейге көтерді.
Бұл факторлар шет тілі сабағы мен оқушылардың шетел тілін игеруге
деген талаптардың өзгеруіне әсер етті. Қазіргі таңда шет тілін оқытудың негізгі
мақсаты оқушылардың бойында мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілікті
қалыптастыру және оны әрі қарай дамыту болып табылады. Яғни оқушылар
қарым – қатынас моделдерін, мәдениеттік стереотиптерді, мәдениет образдары
мен символдарын білулері керек. Бұл оқушылардың өзге мәдениет өкілдерімен
емін еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады.[2]
Осыған орай заманауи шет тілі сабағы оқушылардың бойында
мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыруға және дамытуға
бағытталған болуы қажет.
Ең алдымен оқушылардың тілдік құзіреттілігін дамытуға көңіл бөліну
керек, атап айтқанда берілген тақырып көлемінде оқу, сөйлеу, жазу және
тыңдап түсінуде мәдениетаралық қарым қатынас құруға жаттықтыру.
Сабақ барысында тілдік құзіреттілікті дамыту оқушылардың лексико-
грамматикалық білімдерін тақырып бойынша ұсынылған жағдаяттарда қолдану
арқылы іске асады.
Сабақта ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің мәдениеті мен өз
елінің мәдениетін қатар қарастыру оқушылардың әлеуметті мәдениеттілік
құзіреттілігін дамытуға ықпал етеді.
97
Мысалы: жоғарғы сыныпта оқитын оқушылар Ұлыбритания мен
Қазақстанның мерекелері жайлы өтеді. Осы тақырыптарды өту барысында
ағылшын тілінде мерекелерге байланысты бейне фильмдер көрсетіп, оларды
талдау, біздің мемлекетімізде тойланатын мерекелермен салыстыру. Венн
диаграммасы
арқылы
ұқсастықтары
мен
айырмашылықтарын
анықтау.Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың бойында коммуникативті
құзіреттілікті қалыптастырып, дамыту үшін тақырыпқа байланысты диалог,
койылымдар әзірлеу, рөлдік ойындар ойнау т.с.с. тапсырмаларды орындатуға
болады.
Жалпы коммуникатиті құзіреттілікті дамытуда рөлдік ойындардың орны
ерекше. Себебі ойын оқушылардың бір бірімен, мұғаліммен әрекеттесуге деген
талпынысын жандандырады және әңгімелесу барысында теңдік шартын тудыру
арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы дәстүрлі кедергіні жояды.
Ойын өз өзіне сенімсіз, ұялшақ балаларға сөйлеу арқылы сенімсіздік
кедергісін жоюға көмектеседі. Ойын арқылы оқушылар әңгімені бастау, оған
ілесу, қолдау, әңгімелесушінің сөзін бөлу, оның ойымен келісу немесе келіспеу,
сұрақтар қою сияқты қарым- қатынас элементтерін меңгереді.
Жалпы ойын оқушылардың танымдық мүддесінің қалыптасуына жағымды
әсер етіп, шетел тілін жақсы игеруіне әсерін тигізеді. Және олар оқушының
бойындағы
дербестік,
талапшылдық
сияқты
қасиеттерді
дамытып,
ұжымшылдық сезімін тәрбиелейді. Оқушылар белсене жұмыс істеп, бір біріне
көмектесіп, жолдастарын мұқият тыңдайды; ал мұғалім тек бақылаушы, оқу
қызметін басқарушы болады.
Рөлдік ойынға қойылатын негізгі талаптарды атап көрсетуге болады.
• Ойын оқушыларды ынталандырып, тапсырманы дұрыс орындауға деген
ниеті мен қызығушылығын тудыруы керек, және оны адекваттық шынайы
қарым- қатынастық жағдаяттар негізінде құрастыру керек.
• Рөлдік ойынды мазмұны жығынан да, формасы жағынан да жақсылап
ойластырып, нақты ұйымдастыру қажет. Оқушылардың берілген рөлді жақсы
сомдаудың қажеттілігіне сенімді болуы керек. Сонда ғана олардың сөздері
шынайы және сенімді болады.
• Рөлдік ойын бүкіл топпен қабылдануы керек.
• Ол міндетті түрде мейірбандық, шығармашылық атмосферасында өтіп,
оқушылардың бойында қуаныш және қанағаттану сезімін тудыруы керек.
Оқушы рөлдік ойын барысында өзін неғұрлым еркін сезінсе, әңгіме барысында
ол соғұрлым белсенді және бастамашыл болады. Уақыт өте оның кез келген
рөлді сомдай алатынына деген сенімділігі арта түседі.
• Ойын оқушылар бедсенді тілдік қатынаста өтіп жатқан тілдік материалды
анағұрлым тиімді қолдана алатындай етіп ұйымдастырылуы керек.
• Мұғалімнің өзі міндетті түрде рөлдік ойынға және оның тиімділігіне
сенімді болуы қажет. Тек сонда ғана ол жақсы нәтижеге қол жеткізе
алады.Ойынға дайындық кезеңінде және ойынның өту барысында мұғалімнің
рөлі үнемі ауысып отырады. Бастапқы кезеңде ол оқушылардың әрекетін
белсенді түрде бақылап отырса, кейін ол тек сырттан бақылайтын болады.
98
• Сабақта жанға жайлы жағдай жасап, мейірбандық атмосферасын
тудырудың маңызы өте зор.
Рөлдік ойындарды бастапқы кезеңде де, ілгерімді кезеңде де қолдануға
болады.Онда вербельды және вербальды емес әдістер арқылы жасалған
жағдаяттар қолданылады.(Мысалы:суреттер, графика, монологотік немесе
диалогтік мәтіндер т.б.).[2]
Мысалы: 10-11 сыныптарда біз шетелдік серіктестермен медицина
саласындағы ортақ жұмыс жоспарын талқылау жағдаятын қарастырдық.
Әңгімелесушілер өздерінің әңгімеге қызығушылығын білдіру, шетелдік
серіктестердің көзқарасын қолдап, өз көзқарастарын дәлелдеу, шетелдіктердің
позициясмен келіспей компромис іздеу сияқты тілдік интенциялар ұсынылды.
Ал орта буында алмасу бағдарламасы негізінде шетелдік отбасында өмір сүру
жағдаятын қарастыруға болады. Бұл жерде жылы қарсы алғандарына
ризашылық білдіру,қоршаған орта мен үйдің әсемдігіне таңдану, тілде еркін
сөйлей алмағаны үшін кешірім өтіну, өз елі және қаласы жайлы әңгімелеп,
қызығушылық тудыру т.с.с. тілдік инвенциялар ұсынылды.
Ағылшын тілі сабақтарында рөлдік ойындарды жиі қолдану практикалық
міндеттермен қоса білімділік және тәрбиелік міндеттерді де шешуге ықпал
етеді. Оқушылар өздерін еркін ұстап кез келген тапсырмаларды орындауда
белсенділік танытады. Тіпті нашар оқитын, өз- өзіне сенімділігі төмен
балалардың да белсенділігі, өзіне деген сенімділігі артады.Оқушылар тіл
тасушылармен қарым- қатынас жасауға қорықпай, тіпті бастамашылдық пен
белсенділік танытады. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай
білімді, жан жақты, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның
бойында жоғарыда аталып кеткен жеті құзыреттілікті дамыту мұғалімнің
қолында.
Достарыңызбен бөлісу: |