«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет43/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   188
Байланысты:
материал пед

«Танграм»
қытайдан аударғанда «шеберліктің жеті тақтайшасы»-
ойжұмбақ дегенді білдіреді.Ол жеті жазық пішіннен тұрады.Оны белгілі бір 
әдіс бойынша бүктеу арқылы әлдеқайда күрделі пішін (адам,жануар кейпін 
бейнелейтін,үй тұрмысы заты,әріп, немесе сан және т.с.с.( алу үшін қолданады. 
«Атауын тап» әдісі 
Сөздік көрнекілік және практикалық әдістерді 
қолдану,жағдаят тудыру,сахналық қойылымдар қою.Олар қабылдау мен есте 
сақтауға,өмірге жақын дүниені қабылдауға негізделеді. 
«Суреттер сөйлейді» 
Топтық,жұптық,ұжымдық ойын,жеке ойын 
барысында суретті сөйлету,ертегі кейіпкерлерін ата,қонаққа шақыру 
стратегиялары өте сәтті өтеді. 
«Тізбектер» әдісі 
Балалар тізбектеле тұрады.Мұғалім не оқушы тақырыпқа 
қатысты сөз айтады.Келесі оқушы оны жалғастырады,яғни тақырыпқа сай сөз 
айтады.Осылайша жалғаса береді.Кезегінде айта алмаған оқушыны 
шығармай,қолдау көрсету,көмектесу қажет. 


92 
 
2-түрі:Қол ұстасып тұрған оқушының бірі тақырып бойынша бір сөз 
айтады немесе сұрақ қояды,екінші оқушы оның мағынасын түсіндіреді (не 
екенін айтады) 
Ауызша тексеру,жазбаша тексеру,оқу жылдамдығын байқау,,көру 
диктанттары, сөздікті жұппен жұмыс арқылы тексеру әдістері енеді. 
 «Әріптік диктант» әдісі 
Естілуі бойынша жазу,берілген әріптің бас әрпін 
жазу,кіші әрпін жазу,дауыстыны жазу,дауыссызды жазу,әріпті қой,жоғын 
тауып жаз.Мысалы:Жеміс,ғалым,ғарышкер,шырша,сағат,жасыл,торғай,тоғыз. 
«Ғ» дыбысы бар сөздердің астын сыз. 
 «3 таяқша» әдісі
Берілген тақырыпқа байланысты 1 сұрақ,1 жауап,1 ой.
 
Түзету сабақтарында Отан,ұлттық дүниетаным,туған қала,облысымыздың 
көрнекі жері,тарихы,атаулы оқиғаларды білгізудің мәні зор.Себебі өмірмен 
байланысты тақырыптарға қызығушылықтары болады. «Қазақстан»,» «Менің 
қалам», «Менің көшем» , «Менің отбасым» «Дүкенде», «Дәрігерде», Жыл 
мезгілдері» 
т.б 
Диалог,викторина,карточкамен 
жұмыс, 
«Домино» 
әдісі,экскурсия,саяхат.Оқушыларды 
шығармашылыққа 
баулу:сурет 
салу,көрмелер,байқаулар,жарыстар ұйымдастыру. 
Әр оқушыға арналған жеке даму жоспары олардың өзіндік дарындылығын 
ашып,өмірдегі өз орнын,өз мамандығын табуға көп көмек болар еді.Сабақты 
жоспарлау барысында ерекше білімді қажет ететін бала өзге балалардан кем 
білім алмауына әрекет жасап,қолдау көрсету, дұрыс әдістерді таңдай білу 
қажет. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы (1989 ж.) 
Барлығына арналған дүниежүзілік білім беру декларациясы (1990 ж.) 
Мүгедектерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты
ережелері (1993) 
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру 
мектебінде 
психологиялық-педагогикалық 
қолдау 
көрсету.Әдістемелік 
нұсқаулық. Алматы 2019ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет