«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


АҚЫН ЖӘНЕ ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН



Pdf көрінісі
бет53/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   188
Байланысты:
материал пед

 
АҚЫН ЖӘНЕ ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛАЙ ЗЕРТТЕУГЕ БОЛАДЫ 
 
Карасартова Нурсауле Мязовна 
 
«№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Шахтинск қаласы 
 
Аннотация.
 
Бұл мақалада мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу 
жұмысымен айналысуының жолдары мен бағыттары көрсетілген. Сол үшін 
мұғалім өзі оқытатын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің негізінде жекелеген ақын 
мен жазушылардың өмірі мен шығармашылығын қалай зерттеу керектігі 
әдістерін ұсынады. Соған негіз етіп ақын Олжас Сүлейменовті мысалға алады. 
Ол әдісі жас зерттеушілер үшін темірқазық іспетті. Мақала сонысымен де 
құнды және маңызды. 


116 
В данной статье представлены пути и направления, по которым школьники 
могут заниматься научно-исследовательской работой. Для этого учитель 
предлагает методы, как на основе преподаваемого им предмета русского языка 
и литературы исследовать жизнь и творчество отдельных поэтов и писателей. 
Пример для исследования- творчество Олжаса Сулейменова. Этот метод 
является фундаментом для дальнейшей работы юных исследователей. 
Важность и ценность данной статьи заключается в этом.
«Адам туғанда есті болып тумайды» дейді Ұлы Абай. Ол өзін қоршаған 
ортаның сан алуан сыры мен табиғатын танып біліп, ащы мен тұщының дәмін 
татып көргенде ғана саналы жан иесі болмақ. Демек, зерттеу дегеніміздің өзі 
осы балаң дәуірден бастау алып, есейе келе ол талмай ізденіске, бара бара 
үлкен ғылыми деңгейге көтеріледі. Бірақ әр баланың қабілет-қарымы, ой өрісі 
мен дарыны бірдей емес. «Бұлақ көрсен, көзін аш» демекші, оны үлкендер, 
әсіресе, мұғалімдер қауымы дер кезінде байқап, дұрыс бағыт беріп, жолға 
салса, түбінде нәтижесін берері сөзсіз. 
Міне, 27 жылдай бергі ұстаздық еңбегімде де менің алдымнан жүздеген 
шәкірттер өтті. Солардың арасынан ғылымға бейімі бар балалар бірден 
байқалады. Мұндай оқушылар мектептің пән сабақтары бағдарламасының 
аясындағы тақырыптармен қанағаттанып қалмайды, өзіңмен сөз жарыстырып, 
пікір таластырып, білмегенді білуге құштар болып тұрады. Бүгінгідей ақпарат 
тасқыны мен компьютер заманында теледидардан, бұқаралық ақпарат 
құралдарынан, интернеттен оқып-көргендері аздық етіп, одан сайын білген 
үстіне біле түскісі келеді. Бұл сияқты ұмтылыс сыныптар сатылап жоғарылаған 
сайын көріне бастайды. Ол мектепте оқитын әдебиет және тілді оқып-үйрену 
сабақтарында да айқын көрініс береді. Мәселен, жоғары сыныптарда әр 
дәуірдегі ақын-жазушылардың өмірі мен шығармалары оқытылады. Онда 
кейбірінің өмірбаяны мен шығармалары туралы қысқаша аннотация мен екі-үш 
өлеңі немесе әңгімесі, повесі болмаса романынан үзінді ұсынылады. Ал, бұл 
жаңағы ізденгіш, бәрін бүге-шігесіне дейін білгісі келетін оқушының рухани 
сұранысына жауап бере ала ма? Міне, мәселе қайда жатыр. Ол үшін мұғалім не 
істеуі керек. 
Мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінен мектеп оқушыларына 27 жылдан бергі 
сабақ берген мезгілімде осы сұраққа жауап іздеумен келемін. Айталық, 8, 10, 11 
сыныптарында қазақтың атақты ақыны Олжас Сулеменовтің қысқаша өмірі 
және шығармашылығын, «Адамға табын, жер енді» поэмасынан үзінді, бірді-
екілі шығармалары ғана оқытылады. Ал шығармашылығы толық көлемде 
қамтылып, әдеби зерттеу тұрғысынан талданбайды. Бұл орайда менің өте 
әуесқой оқушыма не деп, нендей жөн көрсетпекпін. Оған ақыл-кеңесімді айтып, 
оны ғылыми зерттеу арнасына түсірер сәтте осы. 
Бірінші 
кезекте, 
әрине, 
«Олжас 
Сүлейменовтың 
өмірі 
мен 
шығармашылығы» тақырыбына жоспар жасалуы тиіс. Әдетте зерттеліп отырған 
тақырыптың мақсаты мен міндеті, маңыздылығы кіріспе бөлімде айтылып 
өтеді. Негізгі бөлімнің өзін бірнеше тараудан тұратын етіп жоспарлаған жөн. 
Оның алғашқы тарауында ақын өмір сүрген дәуірдің тарихи-саяси оқиғаларына 


117 
қысқаша сипаттама жасалады. Оқушының тарихтан да хабары мол болып, саяси 
оқиғаларға баға бере алатын дәрежеде болғаны абзал бұл орайда. Онсыз 
ақынның азаматтық болмысы мен бейнесі бар қырынан ашылмайды. Өйткені ол 
да өз дәуірінің перзенті, өз заманының суреткері. 
Келесі кезекте, бүгінде Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекет және қоғам 
қайраткері Олжас ағамыздың туып-өскен ортасы, балалық-жастық шағы, өмір 
және еңбек жолы, қоғамдық-саяси қызметі жөнінде жан-жақты баяндалуы 
керек. 
Екінші 
тарауда 
ақын 
ағамыздың 
поэзиядағы, 
жалпы 
шығармашылығындағы алғашқы адымынан бастап күні бүгінге дейінгі 
туындыларына 
қысқаша 
шолу 
жасалынып, 
жанр-жанрға 
жіктеліп, 
ерекшеліктері сөз етіледі. 
Үшінші тарауда Олжас Сүлейменов шығармаларындағы тақырып, идеясы, 
стилі, сюжет пен композициясы, тілі, көркемдігі, жаңашылдығы сөз етіліп, 
қамтылғаны дұрыс. 
Қорытынды 
бөлімінде 
айтулы 
ақын 
Олжас 
Сүлейменовтің 
шығармаларының қазақ, орыс, жалпы әлем әдебиетіндегі орны мен маңызы, 
Олжас қалыптастырған поэзия мектебі, ақындық дәстүрі егжей-тегжейлі 
тарқатылып, түйінделуі тиіс. 
Оқушының бүл зерттеу еңбегі баяндама немесе реферат түрінде бола ма, 
онда келтірілген дәйексөз бен айтылған пікірлерге міндетті түрде сілтеме 
жасалынып, не нөмірленіп, беттің астына немесе жақшаның ішінде көрсетілгені 
лайық. 
Зерттеу еңбегінің соңында пайдалынылған әдебиеттердің, газет және 
журнал мақалаларының, басқа да материалдардың тізімі беріліп, авторлары, 
шыққан баспасы, қаласы, жылы, беттері көрсетіледі. 
Міне, 
осылайша 
басқа 
да 
ақын-жазушылардың 
өмірі 
мен 
шығармашылығын зерттеуге болады. Бірақ кей кезде оның шығармашылық 
ерекшеліктеріне қарай зерттеу жоспарына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Ең 
бастысы, оқушының алдағы үлкен ғылыми ізденісіне жол ашылса, мұғалімнің 
мақсаты орындалғаны деп білемін. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
Кириллова Д.А., Белова О.Н. Математика сабақтарында зерттеу 
қызметінің элементтерін оқытудың әдістемелік аспектілері // Ғылым әлемі. 
Педагогика және психология. 2019. №4. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет