37
Силикаттар - көп таралған минералдар тобы. Мұнда да
кремний оттегі қосылыстары SіO
4
,
берік төртбұрышты қаңқалы
құрылым құрап, басқа иондар арқылы жалғасады.
Қаңқалы силикаттар тобына көп тараған дала шпаттар
минералдары жатады. Олардың қаңқаларының ортасында
кремний және алюминий иондары орналасқан. Ал төртбұрышты
қаңқалар кальций, натрий және калий иондарымен жалғасқан.
Дала шпаттары SіO
2
:Al
2
O
3
қатынастары 5-6-ға тең болған
жағдайда қышқылды, ал ол қатынас 2-3-ке азайған кезде негізді
болып саналады. Қышқылды дала
шпаттары құрамында калий
мен натрий бар. Олардың қатарына кең тараған калийлі дала
шпаты - ортаклаз немесе микроклин - K(AlSі
3
O
8
) және натрийлі
дала шпаты - альбит - Na(AlSі
3
O
8
). Ал негізгі дала шпаты
қатарына - анортит Ca(Al
2
Sі
2
O
8
) жатады.
Қышқылды
дала
шпаттары
мен
негізгі
дала
шпаттарының қосылыстарынан плагиоклаздар тобы құралады.
Қышқылды дала шпаттары ашық, ал негізгі дала шпаттары
күңгірт түсті келеді. Сонымен қатар
қышқылды дала шпаттары
үгілу құбылыстарына беріктігі күшті. Ең берігі калийлі дала
шпаты - микроклин. Бос шөгінді жыныстар мен топырақтар
құрамында әр түрлі үгілуге ұшырайтыны дала шпаттарының
жартысына жуығы.
Силикаттар тобына слюдалар да жатады. Олар табиғатта
күрделі кристалл-химиялық құрылымды болып кездеседі.
Алюмосиликаттардың
ерекшелігі
-
олардың
құрамында
калиймен қоса магний, темір иондары мен ОН ионының болуы.
Калийлі слюда - мускавит K(AlSі
3
O
10
)-(OH)
2
ақшыл, ал
магнийлі-темірлі слюда - биотит K(MgFe)
3
.(AlSіO
10
).(OH)
2
күңгірт түсті. Слюдалардың тау
жыныстары мен топыр ақтағы
үлесі - 4-5%.
Силикаттардың
келесі
тобын
пироксендер
мен
амфиболдар түзейді. Олар негізінен күңгірт, жасыл түсті
минералдар.
Пироксендерден
көп
тарағаны
-
авгит,
ал
амфиболдардан көп тараған минералдар - роговая обманка.
Пироксендердің кристалл-химиялық формуласы: R
2
(Sі
2
O
6
), ал
амфиболдардікі: R
7
(Sі
4
O
1 1
)(OH)
2
. Олардың топырақтағы жалпы
мөлшері - 5-15%.
Силикаттарға жататын тағы бір кең тараған минерал
оливин: (Mg, Fe)(SіO
4
). Олардың көлемі бос жыныстар мен
топырақта 0,5-1%-дан аспайды.
38
Алғашқы жыныстар түзуші минералдар - фосфаттар.
Олардан көп тарағаны - апатит - Ca
5
(ClF)(PO
4
)
3
.
Бос жыныстар
мен топырақтарда 0,3-0,5%- кездеседі. Апатит - фосфордың
көзі, оған қоса мұнда хлор мен фтор да кездеседі.
Оттегінсіз, алғашқы минералдар қатарына сульфидтер
жатады. Олардан көбірек тарағаны - темір сульфиді: FeS
2
-
пирит. Олар шашыраңқы түрде кездеседі, мөлшері 0,3 -0,5%
аспайды. Бұлардан басқа топырақта бос жыныстар мен кейбір
алғашқы минералдар кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: