33
Келтірілген мәліметтер тірі ағзалар негізінен үш
элементтен (оттегі,
көміртегі, сутегі) тұратынын көрсетеді,
олардың қосындысы бүкіл тірі ағзалардың құрамының 98,5%-
ын құрады. Азот мөлшері - 0,3%, ал
бактериялар құрамында
олардың
мөлшері
бірнеше
процентке
жетеді.
Тірі
организмдерде оларды өртегеннен кейін немесе ыдырағаннан
қалатын күлде де элементтер бар.
Олардың орташа көлемі -
1,5%, алайда ол тірі ағзалардың қай алқаптарға орналасуына
байланысты. Күлдік элементтердің мөлшері 5 -7%, ал кейбір сор
топырақта өсетін өсімдіктер құрамында - 20-25%-ға жетеді.
Өсімдіктер мен жануарлар
химиялық элементтерді
өздерінің биологиялық қажеттілігіне байланысты таңдап
сіңіреді. Сондықтан күлдік пішіндегі
элементтер құрамы жер
қыртысындағы элементтерге қарағанда тіпті өзгеше. Тау
жынысынан
немесе
топырақтан
тірі
организмдердің
элементтерді биологиялық сіңіру белсенділігі Б.П.Полынов пен
А.И.Перельманның
енгізген
сіңірудің
биологиялық
коэффициенті арқылы анықталады. Бұл коэффициент өсімдік
күліндегі элемент топырақтағы
немесе тау жынысындағы
элементке қатынасынан алынады. Осы арқылы организмдердің
химиялық элементтерді сіңіруінің
биологиялық белсенділігі
анықталады.
10>
Достарыңызбен бөлісу: