Жамбыл облысы – менің ең жақсы көретін өңірім. Тарих туралы сөз бола қалса, көне Таразды айтпай кету мүмкін емес. Нұрсұлтан Назарбаев



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата12.03.2017
өлшемі8,12 Mb.
#8899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

медициналық сақтандыру 

тиімділігі қандай?

 

„

биыл елімізде тұмау дерті жылдағыдан ерекше белсенділік танытып отыр. 



дерттің  алдын алу мәселесіне  жамбылдықтар да алаңдаулы. 

департаментінде  жиын өтті. 

- 1 қазаннан бастап жедел респираторлы вирусты 

жұқпалар мен тұмаудың жаңа эпидемиологиялық 

маусымы басталды. Бұл келесі жылдың сәуір 

айына дейін жалғасады. Жыл сайын облыста 

эпидемиологиялық маусымда жедел респира-

торлы вирусты жұқпалармен 20 мыңнан аса, 

ал тұмаумен 130-дан аса адам ауырады. Апта 

сайынғы жүргізілетін мониторинг мәліметтері 

бойынша,  облыста  жедел  респираторлы                                                                   

вирусты жұқпамен 30 пайыз жүкті әйелдер және 60                                                  

пайыздан аса 1 жасқа дейінгі балалар ауырып, ем 

алады. Бүгінгі күні өңірдегі медициналық меке-

мелер жұқпамен ауырғандарды қабылдауға және 

ауруханаға жатқызуға, ем жасауға толық дайын. 

Өңірдегі дәріханалар жүйелері дәрі-дәрмектермен, 

оның  ішінде  вирусқа  қарсы  препараттармен, 

бірреттік бетперделермен толық қамтылған. 1 

қазаннан бастап облыстағы медициналық меке-

мелер қатаңдатылған жұмыс режиміне көшті, 

науқастарға қатынау шектелді.  Ұйымдастырылған 

балалар ұйымында фильтр, санитарлық пост, 

залалсыздандыру  режимі  және  санитарлық-

түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Бірінші кезекте 

қауіп-қатер тобындағы балалар, 2-3 жүктілік 

мерзіміндегі жүкті әйелдер, егде жастағылар үшін 

маусымдық тұмаудың алдын алудың ең тиімді 

құралы тұмауға қарсы екпе алу болып табылады. 

Вакцинаның тиімділігі - 97,98 пайыз.  Тіпті екпе 

аурудан толық қорғамағанның өзінде, ем алған 

тұлға ауруды асқынусыз, жеңіл қабылдайды. Жыл 

сайын облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа 

халықтың ең әлсіз тобын, жетім балалар, жиі                    

ауыратын балалар, қарттар мен мүгедектер үйіндегі 

тұлғалар, жүкті әйелдерге егу үшін тұмауға қарсы 

вакцина сатып алынады. Биылғы жылы жергілікті 

бюджеттен қауіп-қатер тобындағы тұлғалар үшін 

99 мың доза тұмауға қарсы екпе алынды және 

тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталды, - деді 

облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау 

департаменті басшысының орынбасары Гуля 

Мирзабекова. Басқосу соңында БАҚ өкілдері 

тарапынан ресейлік екпенің сапасына, доңыз 

тұмауы  мен  әлеуметтік  жеңілдіктерге  байла-

нысты сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар 

айтылды. Бұдан әрі жиынға қатысқан мамандар 

қалалық  №1  емхананың  балалар  бөліміне  ат 

басын бұрып, екпе жұмыстарын іс жүзінде көріп 

қайтты. Емхананың балалар бөлімінің меңгерушісі 

Карима Сабденованың айтуынша, емханада дәрі 

жеткілікті мөлшерде жеткізіліпті. Дейтұрғанмен, 

аурудың алдын аламын деушілердің әлі қарасы 

аз, қатары сирек. 

Жаңа жүйенің басты ерекшелігі осында. Яғни, бұрын мемлекет есебінен жүзеге асырылған 

тегін медициналық қызмет түрлері аталмыш сақтандыру жүйесі арқылы орындалмақ. Әрине, 

жоғарыда аталған кейбір медициналық қызмет түрлері бұрынғыдай мемлекет есебінен жүзеге 

асады. Зейнеткерлердің ем-домы да Үкіметтің мойнында. Жалпы, тегін медициналық көмек үшін 

бюджеттен жыл сайын 824 миллиард теңге бөлінеді екен. 

Ерекше санаттағы, яғни әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін мемлекет орташа айлық 

көлемінің 7 пайыз мөлшерінде төлемақы аударады. Ал Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігінің деректеріне сүйенсек, бұл мөлшерлеме көлемі 2017 жылы 4 пайыз, 2018 жылдан 5, 

2023 жылдан 6, 2024 жылдан 7 пайызға сатылай көтерілмек. Жұмыс берушілердің жұмысшылары 

үшін төлейтін жарнасы кірістің 5 пайызын құрайды. Мұндай аударымдар да 2017 жылы 2                           

пайыздан бастап, жыл сайын 1 пайызға арттыру арқылы 2024 жылы 5 пайызға жеткізу көзделген. 

Қызметкерлер жарнасының  көлемі  2 пайызға тең,  2019 жылы  1 пайыз, ал  2020  жылдан  бастап 

2 пайызға теңестірілмек. Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған азаматтар (жеке кәсіпкерлер, 

жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық 

негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) жарнасы кірістерінің 7 пайызына тең. Ал  

аударым 2017 жылы 2, 2018 жылы 3, 2019 жылы 5, 2020 жылдан бастап 7 пайыз болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылатын азаматтар да бар. 

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мұндай азаматтардың 15 са-

натын белгілеп отыр. Олардың қатарында балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр 

ана» атағын алғандар, І, ІІ дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар, 

соғыс ардагерлері мен мүгедектері, мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, интернатта 

тәрбиеленіп жатқан тұлғалар бар. Сонымен бірге, бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейін бала 

күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар, жұмыс істемейтін аяғы ауыр әйелдер, іс жүзінде 3 

жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар, зейнеткерлер, әскери қызметкерлер, 

арнаулы мемлекеттік қызмет жұмыскерлері, құқық қорғау органдарының жұмыскерлері, ең төменгі 

деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде, сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын 

өтеушілер, уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар да жарна 

төлеуден босатылады.

Сонымен қатар, сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған дәрігеріне барып, 

емделуге мүмкіндік алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ақшасы бар азаматтардың 

емдеу ақысы дәрігерлерге сол қордан төленеді. Министрліктің мәлімдемесіне сенсек, жеке меншік 

клиникалар да қазір жаңа жүйеге кіруге ниет білдіруде. Себебі медициналық сақтандыру жүйесі өз 

жұмысын бастаса, қалтасынан қаржы шығарып ем-дом алатын азаматтардың қатары күрт азаяды. 

Ал медициналық қызмет үшін жасалатын төлемдер қордағы ақшадан алынатын болғандықтан, 

енді емдеу мекемелері арасында бәсекелестіктің басталатыны сөзсіз. Өз кезегінде бәсекелестік 

медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырады. Көбірек пайда табуға тырысқан ақ халатты-

лар емделушілерге барынша сапалы қызмет көрсетуі қажет. Өйткені емделушілер қай дәрігерге 

баратынын өзі шешеді.

Бүгінге дейін еліміздің  денсаулық сақтау саласында түрлі бағдарламалар қолға алынып, мемле-

кет тарапынан жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінуде. Солардың бірі  «Саламатты Қазақстан» 

бағдарламасы биыл өз жұмысын аяқтап, келер жылдан бастап 2016-2020 жылдарға арналған 

«Денсаулық» бағдарламасы жүзеге асырылмақ. Мамандардың айтуынша, жаңа бағдарламаның 

жаңа мүмкіндіктері мен жаңалықтары мол екен. Сонда да қарапайым халықтың ақ халаттыларға 

деген реніші тарқаған емес. Алдағы жылдары жүзеге асатын жаңа жүйе халықтың сұранысын 

қанағаттандырады деп сенейік. Әйтпесе, еліміздің медицина саласы сыннан да, күдіктен де көз 

ашпай келе жатқалы қашан?!



Гүлмира КульМаГаНБеТова,

Тараз қалалық №4 емхананың бас дәрігері.

Тұмауға тұсау сал!     Суретті түсірген Н.Тұрғынбек



 

„

мемлекет басшысының «100 нақты қадам» ұлт жоспары - жаңа 



тарихи заманда дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосатын нақты 

жоспар. бұл құжат елімізге «қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге 

асыруға мүмкіндік береді және күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай 

жасайды. бағдарламада айтылғандай, бұл жоспар аурулардың 

сыртқы белгілерін «сылап-сипап» қоя салмай, оларды «жүйелі 

емдеу» нәтижесінде қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге 

негізделген.

Сәтті қадам

Денсаулық сақтау саласында оң өзгерістерді енгізетін 

қадамдар Ұлт жоспарында айқындалған. Атап айтқанда, 

80-қадамда – «Міндетті медициналық сақтандыруды 

енгізу», 81-қадамда – «Жеке меншік медицинаны дамы-

ту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды 

енгізу», 82-қадамда – «Денсаулық сақтау және әлеуметтік 

даму министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы 

бойынша бірлескен комиссияны құру». 

Бүгінгі  таңда  «Міндетті  медициналық  әлеуметтік 

сақтандыру жүйесін енгізу туралы» жобасын жүзеге 

асырудың Жол картасы жасалып, бекітілді. Аталған құжат 

Қазақстанда енгізіліп отырған Әлеуметтік медициналық 

сақтандыру жүйесі үздік халықаралық тәжірибені есепке 

ала отырып, мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның 

ынтымақты жауапкершілігінің негізінде жасалған. Со-

нымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен 

халық үшін, жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшыларға 

төлейді, ал қызметкерлер мен салық органдарында 

тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өз денсаулықтарын 

өздері  сақтандырады.  Ерекше  санаттағы  азаматтар 

(халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы) үшін мем-

лекет төлейтін жарнаның  мөлшерлемесі орташа  айлық 

еңбекақысының 7 пайызын құрайды. Сонымен қатар, 

мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы – 4, 2018 жылдан бастап 

– 5, 2023 жылдан – 6, 2024 жылдан 7 пайызға сатылай өсетін 

болады. Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің 

жалпы көлемі кірістің 5 пайызын  құрайтын болады. Келесі 

жылдан бастап аударым – 2, 2018 жылы – 3, 2019 жылы – 4, 

2020 жылы 5 пайыз көлемінде болмақ.

Қызметкерлер жарнасының мөлшерлемесі – кірістің 

2 көлемінде. Олардың аударымы 2019 жылы – 1, 2020 

жылдан бастап – 2, өзін-өзі жұмыспен қамтыған аза-

маттар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, 

жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокат-

тар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі 

келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) 2020 жылға 

қарай олардың кірісінің 7 пайызын құрайтын болады. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын 

төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады. Оның 12-

сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен 

қатар, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және 

құқық қорғау органдарының жұмыскерлері.

Медициналық  сақтандыруын тексеру  үшін  медициналық 

ұйым қызметкері емделушінің ЖСН нөмірін бірегей 

Электрондық дерекқорға енгізу арқылы біле алады. 

Егер жарналары төленіп отырса, онда ол сақтандыру 

ұсынатын барлық қызметтерді қолдана алады. Жарнасы 

болмаса, ол адамға медициналық көмектің кепілдендірілген 

көлемі аясында көмек көрсетіліп, басқа шығындарды өз 

қаражатынан төлейді.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тура-

лы» Заңға сәйкес, азаматтарға медициналық қызметтің 

2 түрлі пакеті ұсынылады. Біріншісі – республикалық 

бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің 

мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет. 

Ол Қазақстанның барша азаматтары үшін қолжетімді. 

Пакеттің құрамына жедел жәрдем қызметі, санитарлық 

авиация, әлеуметтік мәні бар аурулар, сондай-ақ төтенше 

жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін 

медициналық көмек түрлері кіреді. Екіншісі – жаңадан 

құрылатын Медициналық сақтандыру қоры ұсынатын 

сақтандыру пакеті. Оған амбулаторлық-емханалық көмек, 

стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар ауруларды есеп-

темегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек 

(әлеуметтік мәні бар ауруларды есептемегенде), қалпына 

келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, 

паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғары 

технологиялық көмек кіреді.

Сарапшылардың болжамы бойынша, міндетті Әлеуметтік 

медициналық сақтандыру жүйесін енгізгеннен соң, 

еліміздегі  медициналық  көмек  көрсетудің  деңгейі 

айтарлықтай өсетіні, сондай-ақ дәрігерлердің жалақысын 

арттыру мүмкіндігі пайда болады. Ауруханалар жоғарғы 

санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер  ала алатын 

болады. Сондай-ақ бұл жүйе адамға тексеруден өтуіне, 

қажет болған жағдайда, өз қаржысын жұмсамай ем алуына 

мүмкіндік бермек.



Шолпан ИМаНБеКова,

Тараз қалалық №5 емхананың бас дәрігері.

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №41 (1329), 12 қазан  2016 Жыл  //

ТеаТр


9

елу Жыл СахНа ТӨріНде

-  Ақылдос Тілеубайұлы, Жамбыл облыстық 



орыс  драма  театрының  іргетасы  Қазақ  

Кеңестік  Социалистік  республикалар  Одағы 

Министрлер Кеңесінің №141 Жарлығымен 1967 

жылы 2 наурызда қаланған екен. Сол жайында 

айтып өтсеңіз?

-    Аймақтағы  орыс  драма  театрының  да 

құрылғанына ширек ғасыр болыпты. Зырылдаған 

уақыт. Расында, сол кезеңде театрдың құрылуына 

атсалысқан азаматтар әр ұлттың өкілі болғанымен, 

олардың мақсаттары бір еді. Олардың қатарында 

біз  мақтанышпен  айтатын  Қазақстан  Кеңестік 

Социалистік  ре спубликалар  Одағының 

халық  әртістері  Е.Орел,  Е.Черноушенко  және 

П.Черемисин,  Латвия  Кеңестік  Социалистік                     

республикалар  Одағының Құрметті әртісі Вахтанг 

Турманидзелер (Туманов) бар. Театрдың құрылу 

тарихында жаңа кезеңнің бастау алуы театрдың 

әр  жылдары  келген  жаңа  директоры  және  бас 

режиссерімен жалғасып, ұжым толығып отырды. 

Бір айта кетерлігі, 1992 жылы театрдың басшылары 

мекеменің кадр саясатын жетілдіру мақсатында 

жергілікті азаматтарды жұмысқа қабылдап, жаңа 

серпін  жасады.  Сөйтіп,  театрда  қызмет  жасап 

жүрген 21 әртістің ішінде 17 әртіс  Жамбыл жерінің 

тумалары  болды.  Соның  ішінде  8  қызметкер 

Жамбыл  мәдени-тынығу  училищесінің    театр 

бөлімінен білім нәрімен сусындаған түлектер еді. 

Олар: А.Назин, Н.Гааль, О.Гурская, Н.Новикова, 

И.Яковлева, И.Избасарова, Е.Дубовик, Е.Козаченко. 

Ал бүгінде театр ұжымы толықсыған. Жаңа леп 

театрдың бағытын айқындап отыр.

- Өнер адамдарының ортасында «Жетістіктер 

шығармашылыққа жетелейді» деген қағида бар. 

Ширек ғасыр аралығындағы театр ұжымының 

жеткен жетістіктері де баршылық шығар...

-  Әрине.  Тоқсаныншы  жылдардың  алғашқы 

жартысындағы өтпелі кезеңнің алғашқы он жылы 

тәуелсіздіктің ең қиын қылкөпір кезеңі болды. 

Халық қиналды. Халық театр тұрмақ, өнердің не 

екенін ұмытқан кезеңдер туды. Осындай қиын-

қыстау  заманға  мойымай,  орыс  театры  түрлі 

кезеңдерде республикада ғана емес, тіпті шет ел-

дерде өткен театр фестивальдері мен байқауларына 

белсенді қатысып, талай рет жеңіске қол жеткізді. 

Яғни, шеберлікті шыңдауда тәжірибелі ортадан 

қол үзген жоқпыз. Айталық, 1998 жылы Қазақстан 

Республикасының  ҮІ  театр  өнеріне  арналған 

байқауында М.Каримнің «В ночь лунного затме-

ния»  атты  қойылымында  өнер  көрсеткен  әртіс 

Е.Дубовик «За лучшую роль второго плана» атты 

диплом иеленді. Бұл жеңіс театр үшін тәуелсіздіктің 

алғашқы жылдарындағы қол жеткізген жетістік 

еді. Ал 1999 жылы әртіс А.Файзулина Қазақстан 

Республикасының Құрмет грамотасымен наград-

талды. Театр өнерін дамыту мен тарату мақсатында 

Жамбыл  облысында    тәуелсіздіктің  соңғы  бес 

жыл  аралығында  ұйымдастырылған  іс-шарада 

Ә.Әмзеевтің «Мать солдата» атты қойылымында 

басты рөлді сомдаған Г.Соколова «Ерен еңбегі 

үшін»  медалімен  марапатталды.  2010  жылы 

қыркүйек айында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына 

орай  және қазақ қаһарманы Б.Момышұлының 

100 жылдығына арналған ХҮІІ республикалық 

театр  драматургиясының  байқауында  театр 

әртісі  Бекназар  Ізбасаров  «Товарищь  комбат» 

атты қойылымда ең тартымды сахналық бейнені 

сомдағаны үшін қаржылай сыйақыға ие болды. 

Сондай-ақ театр ұжымы Қазақстан қалаларына 

және  ТМД  елдеріне  гастрольдік  іссапармен 

шығып  отырады.  Атап  айтқанда,  Қостанай, 

Атырау, Шымкент, Рудный қалалары мен ТМД 

мемлекеттерінің  Новокузнецск,  Орск,  Между-

реченск, Ферғана, Коканд, Душанбе қалаларында 

қойылымдар қойып, жұртшылықтың құрметіне 

бөлендік. 2010 жылы шілде айында театр ұжымы 

Ақтау қаласы Н.Жантурин атындағы қазақ драма 

театрында,  2012  жылдың  сәуірінде  Қарағанды 

қаласында  және  маусым  айында  Шымкент 

қаласында гастрольдік іссапарлар ұйымдастырдық. 

Қазақстан мен Қырғызстан мемлекетінің мәдениет 

күндеріне  орай,  театр  әртістері  2012  жылы 

қыркүйек айында  Қырғызстанның Мемлекеттік 

Ұлттық  Ш.Айтматов  атындағы  орыс  драма 

театрының сахнасында А.Камюдің «Калигула» 

арт-хаос,  А.Лоуренстің  «Вестсайдың  тарихы» 

социалды  драмасын  сахналап,  өнер  көрсетті. 

2012 жылы қараша айында Қазақстанның Театр 

қайраткерлер одағының ұйымдастыруымен өткен  

республикалық «Дебют» талантты жас режиссер-

лер байқауында жас режиссер Дина Жұмабаеваға 

автор С.Бекеттің шағармашылығының желісімен 

сахналаған «Годоны күте, күте...» атты қойылымы 

үшін  1-орын  иеленді.  Бұл  байқауға  Астана 

қаласынан  А.Шамшиев    А.Камюдің  «Кали-

гула»  арт-хаос,  Қарағанды  қаласынан  Дина 

Жұмабаева  С.Бекеттің «В ожидании годо» траги-

комедиясы, Петропавл қаласынан А.Абдильдинов 

С.Морожектің «Эмигранты», «Разговор по душам» 

сынды қойылымдарын сахналап, өз дәрежесіне сай 

халықтың ықыласына бөленіп, қазылар алқасы 

тарапынан да, көрермендер тарапынан да жақсы 

көрсеткішке қол жеткізді. 2013 жылы Халықаралық 

мәдениет күні мерекесіне Алматы қаласынан бас 

суретші Владимир Сизинцев «Лучший художник-

сценограф» атты құрмет атағы мен «Еңлікгүл» 

медалі  және  Қазақстан  Театр  қайраткерлері 

одағының  қаржылай  сыйлығын  иеленді.  Осы 

жылы  театр  Керчь  (Украина)  қаласында  өткен 

Халықаралық  театрландырылған  «Беспорские 

огоны» фестивалінде «Антика тақырыбындағы 

ең үздік сахна» аталымы бойынша Жанна Ануйя 

«Антигона» трагедиясымен лауреат атағын алды. 

2013 жылы қараша айында Тараз қаласында өткен 

«Тұңғышбай  Әл-Тарази  Таразға  шақырады» 

атты  фестивалінде  режиссер  Дина  Жұмабаева 

М.Булгаковтың «Мертвые души» («Өлі жандар») 

атты  қойылымын  сахналауда  жақсы  нәтиже 

көрсетіп, «Ең үздік әртістік  ансамбль» номина-

циясы бойынша жүлделі орынды иеленіп, театр 

ұжымының 10 әртісіне қаржылай сыйлық берілді. 

2013  жылдың  қарашасында  Бішкек  қаласында 

өткен  Шыңғыс  Айтматовтың  85  жылдығына 

арналған    Халықаралық  «Бішкек  Арт-Ордо» 

фестивалінде Түркия, Новосибирск, Алматы және 

Қырғызстаннан келген білікті театр ұжымдарымен 

қатарласа  өнер  көрсетіп,  алдыңғы  қатардан 

көріндік.  2014  жылы  Алматы,  Талдықорған 

қалаларында өткен Жамбыл облысының мәдениет 

күндері аясында И.Вовнянконың «Тұран Кентаврла-

ры» символикалық драмасы мен Ш.Айтматовтың 

повесінің  желісімен  сахналанған  «Пегий  пес, 

бегущий краем моря» («Теңіз жағалай  жүгірген 

тарғыл  төбет»)  атты  қойылымдарын  сахналау 

арқылы  көптеген  жетістіктерге  қол  жеткіздік. 

Биылғы жылы ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат 

министрлігі тарапынан  театр әртісі және режиссері 

Виктор Сукоповқа «Мәдениет саласының үздігі» 

атағы берілді. Сонымен қатар бұл атақты театр 

әртістері Эльмира Аккулиева және театр әртісі әрі 

режиссері Бекназар Ізбасаров та иеленді. Соңғы 7 

жыл аралығында театрдың техникалық базасында 

және шеберханаларында көптеген оң нәтижелі 

өзгерістер  жасалды,  режиссура  мен  әртістер 

труппасының  тізімі  жаңартылды.  Өткен  жылы 

Қазақстанның қалаларында Қазақ хандығының 

550 жылдығы және Ассамблеяның 20 жылдығына 

орай,    сәуір  айында  Орал,  Ақтөбе,  Байқоңыр 

қалаларында  гастрольдер  ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ осы жылы орыс театры Қазақстанаралық 

қарым-қатынасты  нығайту  мен  өнер  алмасу 

мақсатындағы  Байқоңыр  қаласына,  Алматы 

қалаларына гастрольдер ұйымдастырып, театрдың 

жетістігін  насихаттап  қайтты.  ҚР  Үкіметінің 

қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігінің 25 жылд

ығын өткізу жөніндегі іс-

шаралар жоспарына сәйкес, Астана қаласындағы 

Жамбыл облысының мәдениет күндері аясын-

да  өңіраралық  мәдени  байланысты  нығайту 

мақсатында М.Горький атындағы Мемлекеттік 

Академиялық  драма  театры  мен    Жамбыл 

облыстық  орыс  драма  театрының  айырбас 

гастрольдері өткізілді. Астана қаласының сах-

насында  өнер  көрсету  театр  ұжымына  үлкен 

жауапкершілік артты десем де болады. 

-   О р ы с   д р а м а   теа т р ы н д а     қ а з а қ  

жазушыларының шығармалары қойылады ма? 

Жергілікті драматургтермен байланыстарыңыз 

қалай?

- Бір мақтанып айтатын дүние, соңғы жылдары 

қазақ драматургтерімен тығыз байланыс жасап 

отырмыз. Драматургтердің шығармалары орыс 

тілінде сахналанғанмен қазақи мінезді сақтап, 

қазақ елінің болмысын көрсете алған өнер туынды-

лары. Бүгінге дейін Қ.Мұхамеджановтың  «Жаркое 

готово» («Қуырдақ дайын»), В.Мукаевтың «Тайна, 

унесенная Чингисханом» («Шыңғысханмен бірге 

кеткен  сыр»),  С.Жүнісовтің  «Раненые  цветы» 

(«Жаралы гүлдер»), Е.Әлімжанның «Каждому ка-

заху по одной жене» («Әр қазаққа бір қатын») дра-

маларын сахналадық. Сонымен қатар, жергілікті 

жазушылардың  да  беделін  көтеріп,  заманауи 

әдебиеттің өркендеуіне үлес қосу мақсатында 

тараздық жазушылардың шығармашылығынан 

театр  бірнеше  қойылымдарды  сахналады. 

Бұл  қойылымдар  арқылы  өңірде  талантты 

әдебиетшілердің  бар  екендігін  және  қалың 

бұқараға танымал екендігін дәлелдедік. Қазір 

сахнада жиі сахналанбаса да, тарих бетінен ойып 

тұрып орын алған қойылымдар бар. Мысалы, 

Е.Әлімжанның  «Кресло»  («Тақ»)  /1997  жылы 

сахналанған/,  Ә.Әмзеевтің  «Мать  солдата» 

(«Жауынгердің анасы») /2000 жылы сахналанған/, 

Ж.Бодаубаеваның «Приказано быть первыми» 

/2013 жылы сахналанған/. 

-  Театрдың 50-ші маусымында көрермендерге 

қандай  (премьера) қойылымдар ұсынылады?

-  Қазір театр репертуарында 45 қойылым бар. 

Соның  ішінде  18  кішкентай  бүлдіршіндерге 

арналған  ертегілер,  2  театрландырылған 

қойылымдар.  Енді  көрермендер  жаңа  маусым 

ашылатын 15 қазан күні сағат 17:00-де Эдвард 

Родзинскийдің    пьесасының  желісі  бойынша 

сахналанған  «НЕРОН  и  Я»  атты  қойылымын 

тамашалайды.  Қоюшы-режиссері  Қуандық 

Қасымов. Сондай-ақ 14-15 қазан күндері сағат 

11:00, 12:00-де А.Н.Толстойдың «Театр театрға 

шақырады» ертегісінің желісі бойынша жазылған 

Ю.Жигульскийдің  «Золотой  ключик»  атты 

ертегісінің  тұсаукесері  өтеді.  Орыс  драма  те-

атры  көрермендерін  алдағы  уақытта  тағы  бір 

комедиялық жанрда сахналанған А.Коломийцаның 

«Фараоны» атты комедиясымен қуантады.

- Әңгімеңізге рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет