Жамбыл облысы – менің ең жақсы көретін өңірім. Тарих туралы сөз бола қалса, көне Таразды айтпай кету мүмкін емес. Нұрсұлтан Назарбаев



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата12.03.2017
өлшемі8,12 Mb.
#8899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

уақыТ уыСыНдағы Тараз

 

„

алқаракөктен төнген айдың ақ  сәулесі мен 



қара түс астасып, дала төсі қараңғылыққа бой 

алдырып келеді. Жер бетінің қара түнге түндігін 

аша қоймаған шақта айналаны алабөтен күйге 

бөлеп, алабұртып тұрып алатыны рас. бірақ бұл 

қас-қағым сәт.  Сол көк пен қара аймаласа алмасқан 

тамылжыған Тараз кешінің қас-қағым сәті өңірімізге 

белгілі фотограф алтынбек қартабайдың қырағы көзіне ілігіпті. Сондай-ақ көздері 

қара түндей Тараз сұлуларының жақұт жүздері де суретші объектісінде. Тараз кеші 

мен көші алтынбектің алтын уақытының уысында тұрғандай...

туынды түсіргім келеді... Жалпы, ең басты идеям - халыққа Астана, 

Алматыдан Тараз қаласын кем көрсетпеу! Максим есімді фотограф 

үнемі Алматыны суретке түсіреді. Сол бір танысыма айтыпты: «Ал-

матыны мен барлық ракурста түсіріп қойдым» - деп. Бәлкім, солай да 

шығар. Мен де Алматыны, Шымкентті, Қарағандыны түсірдім. Бірақ өз 

Таразым бәрінен ыстық, әдемі.  Міне, сондықтан да  туған қалама деген 

ыстық ықыласымды фотоларым арқылы жеткізгім келеді. 



-Тәуелсіздіктің 25 жылында ел дамуына қоғамның сан саласынан 

өзіндік үлесін қосып жүрген абзал азаматтар, Отан анамыздың 

патриот перзенттері аз емес. Солардың қатарына сізді де 

жатқызуға болады. Көрерменді тарихпен тілдестіретін ісіңіздің 

бүгінгі нәтижесі қандай және өз тәжірибеңізді жастармен бөлісуге 

қалай қарайсыз?

- Былтырғы  жылы  Қазақ  хандығының  550  жылдық  мерейтой-

ында  қалада республикамыздың түкпір-түкпірінен келген білікті 

фотосуретшілер бас қосты. Қару-сайманымызды сайлап, Шу ауданына 

фотоэкскурсия ұйымдастырып, балбал тастарды суретке түсірдік. Әр 

суретте суретшінің мінезі бар. Сол арқылы тастарға жан бітіргіміз келді. 

Ал жалпы тәжірибе бөлісу  ісін  көптен бері ойланып жүрмін. Тіпті 

фотоклуб ашу ойымды жүзеге асырудамын. Құжаттары дайындалып 

жатыр. Оған  «Тараз фотоклубы» деген ат қойдым. Бұған қоса, «Кешкі 

Тараз» тақырыбында Қала күніне орай көрме ашу ойымда болған. Бірақ  

бұл  ойымды кейінге ысырдым. Себебі  жұмысым  әлі  бітпеді. Бір ғана 

күнде түсіріп тастауға болады суретті. Бірақ мен олай асығыс жасағым 

келмейді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Тараз бен Жамбыл 

облысының көне, тарихи жерлерін көрсетсем деп дайындалып жүрмін. 



- Сіз  түсірген  суреттерден Тараздың  күнделікті  өмірде  

байқалмайтын қырларына  қанығып, әсерленетіндер аз емес. Не 

себепті шаһарымыздың жанды бейнелерін кәдесый, күнтізбелерге 

енгізіп, жергілікті тұрғындар мен туристерге ұсынбасқа?

- Дәл осыны ойланып көрмеппін (күлді). Сосын біреу сурет сұраса 

бере салатын әдетім тағы бар. Өзіме керек деп сақтап қалмайды екенмін. 

Бұл суреттердің кейбірін кітапқа қолданып қойды. Әрине, жақсы 

идеялар бар. Бірақ оған менде уақыт жоқ. Себебі мен кешкі Тараздың 

сұлулығын түсіріп біткен жоқпын. Бұл жоба бүгін-ертең бітпейді. 

Бәлкім, мәңгілік бітпейтін де шығар...

-  Әңгімеңізге рахмет! 

Сұхбаттасқан Құралай СеЙСеНБеКҚЫЗЫ.


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №41 (1329), 12 қазан  2016 Жыл  //

айна


13

 

„

«көне Тараз» мәдени-тарихи орталығында 



облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер 

және құжаттама басқармасының 

ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – 

тұғырым, қазақ хандығы – ғұмырым» 

атты мәдени-көпшілік шара өтті. 

арайлым ШаБдеНова

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына 

және Қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихы 

мен өткенін, дәстүрі мен мәдениетін ұлықтауға 

бағытталған шараға облыс әкімінің орынбасары 

Ерқанат  Манжуов  қатысты.  Шараның  салта-

натты ашылуында облыстық филармонияның 

ұлттық  аспаптар  оркестрі,  мектептен  тыс 

жұмыс  және  балалар  шығармашылығы 

орталығы,  Нұрғиса  Тілендиев  атындағы  көп 

балалы  және  аз  қамтамасыз  етілген  отбасы 

балаларына  арналған мектеп-интернаты дом-

быра оркестрлерінің қатысуымен Құрманғазы 

күйлерін орындаудан «Күй шеруі» музыкалық 

флешмобы  ұйымдастырылды.  Оған  барлығы 

110 домбырашы қатысты. Жалпы «Көне Тараз» 

мәдени-тарихи  орталығында  алғаш  рет  өтіп 

жатқан шара барысында қала тұрғындары мен 

қонақтарына әр алаңда әртүрлі мәдени шара-

лар  ұсынылды.  Ең  алдымен    «Ғажайыптар» 

алаңында  облыстық  орыс  драма  театрының 

әртістері  фейс-арт  ұйымдастырып,  ертегі 

кейіпкерлері ғажайыптар әлеміне саяхат жасады. 

Кішкентай бүлдіршіндерді барынша қуантып, 

керемет  көңіл-күй  сыйлауға  тырысқан  театр 

ұжымы балаларға өз қалауларынша беттеріне 

түрлі суреттер салып, естелік фотоға түсті. Ал 

«Достық» алаңында татулық пен бірлікті ту ет-

кен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 

ұйымдастыруымен  облыстағы  этно-мәдени 

орталықтың мүшелері өз ұлттарының ұлттық 

киімдерін  киіп,  салт-дәстүрлерін  көпшілікке 

паш етті.  Облыстық халық шығармашылығы 

орталығы келушілер арасында «Ән – көңілдің 

ажары»  атты  караокеде  ән  айту  сайысын 

ұйымдастырды.  Репертуарында  халық  әндері 

мен  ретро,  қазіргі  заманның  «хит»  әндері 

табылған караокеде жастардың қарасы қалың 

болды.

–  Төл  т арихымызды  жандандырып, 



үлкендердің батасын алып «Ақындар ауылында» 

Алик Бекмұсаев, Дидар Апбасов пен Нұрлыбек 

Құрман, Дархан Әбдіманат пен Ернұр Бейсек 

сынды  ақындармен  үлкенді-кішілі  болып, 

еркін тақырыпта айтыстық. Тәуелсіздігіміздің 

торқалы тойында мұндай ауқымды шара алғаш 

рет ұйымдастырылып отыр. Дүйім жұртты бір 

дегенде мәдениеттің, өнердің төл туындылары-

мен қауыштырып, жас буын тарихтың тоғысқан 

көшін  көріп,  болашаққа  үлкен  бағыт-бағдар 

алды, – дейді айтыскер ақын Есет Досалы. 

Бүгінде  отандық  фильмдердің  кең  қанат 

жайып,  аяқ  алысы 

көңіл қуантады. Осы 

орайда облыстық кино 

орталығының  ұжымы 

да  мерейлі  мерекеге  өз 

үлестерін қосу мақсатында 

ашық аспан астындағы «Кино 

әлемінде»  Қазақфильмнің 

«Алтын  қорынан»  үздік  деректі, 

көркем  фильмдер  көрсетіп,  Елбасының 

өмірі  мен  еңбек  жолы  туралы  түсірілген 

қазіргі  кинематографтардың  туындыларын 

көрермендерге ұсынды. Ш.Уәлиханов атындағы 

облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасы  мен 

«Білімгерлер  мен  жастардың  «Қазақстанның 

болашағы үшін» Тараз бірлестігі» және «Елім-

ай достық» қоғамдық бірлестіктерінің өткізген 

жыр  кеші  жиылған  жұрттың  көңілін  ерекше 

аударды. Жастар флешмоб билеп, патриоттық 

әндер орындап, жас ақындар ел Тәуелсіздігіне 

өз шығармаларынан арнаулар оқып, қошеметке 

бөленді.  Шағын  ауылдың  бір  күндік  той-

думанын  жастарға  патриоттық  тұрғыда 

көрсеткен  ұйымдастырушылар  тұрғындарды 

кітап оқуға да шақырды. Арнайы кітап арба-

тында кітап инсталляциялары, ҚР Тәуелсіздігі, 

Қазақ  хандығы,  Жамбыл  облысы  мен  Тараз 

қаласы  туралы  биіктігі  1,2,  ені  0,8  метрді 

құрайтын 16 кітаптың макеті орналастырылды. 

Ал шолу мұнарасының дәл алдында облыстық 

балалар  және  жасөспірімдер  кітапханасы 

«Оқимыз, демаламыз» библиокеруенін өткізіп, 

онда  жаңа  дизайндағы  түрлі  кітаптардың 

көрмесі ұйымдастырылып, жас жеткіншектердің 

қолөнер туындыларынан байқаулар өтіп, соңы 

патриоттық әндердің концертіне жалғасты. 

Облыс  әкімдігінің  дене  шынықтыру  және 

спорт  басқармасы  спортты  серік  еткендерге 

«Ұлы  дала  ойындары»  алаңшасында  асық 

ату,  тоғызқұмалақ,  қазақша  күрес,  дойбы 

ойындарын  ұйымдастырды.  Жамбыл  ауда-

нынан  келген  құсбегі  Бауыржан  Ешіметов 

ұлттығымызды ұлықтайтын мерекелік шараға 

арнайы  келгендігін  айтады.  Ағамыз  жастар 

арасында ұмыт болып бара жатқан аңшылық, 

құсбегілік  өнерін  насихаттау  барысында 

көрмеге  бүркіт  пен  қаршығаны,  аңшылыққа 

таптырмас тазы иттерін алып келген. «Спорт 

мектебінде  жаттықтырушы  болып  қызмет 

еткеннен бөлек, құсбегілікпен айналысамын. 

Бүгінде  шәкірт  тәрбиелеп,  жолымды  қуатын 

жігіттерді байқауға дайындап жатырмын. Аң-

құстың,  қазақы  иттердің  тілін  табу  -  екінің 

бір СәТ НемеСе 

мәңгілік ғұмыр

Тарихқа тағзым.   Суреттерді түсірген Н.Тұрғынбек.

бірінің қолынан келмейтін дүние. Ата-бабадан 

қалған  асыл  өнерімізді  осындай  мерекелік 

шараларда барынша насихаттайтын болсақ, ол 

біздің болашаққа қосқан  үлесіміз деп білемін»-  

дейді  Бауыржан  ақсақал.    Облыстық  тарихи-

өлкетану музейі мен көрме залы қолөнершілері 

«Саусағынан өнер тамған шеберлер» алаңында 

суретшілер  көрмесін  ұйымдастырды.  Мұнда 

Қазақстан Суретшілер одағы мүшелерінің ту-

ындылары  қойылды.  Қолына  қаламын  алып, 

өткен-кеткен жандардың суретін қағазға түсіріп 

отырған суретші Олег Макеев көбінде портрет 

салғанды  ұнатады  екен.  Суретшінің  айтуын-

ша,  шығармашыл  жандардың  туындылары 

көпшілік арасында кеңінен танылып, туынды 

иесінің  өнерін  бағалаушылардың  қатарын 

арттыру мақсатында мұндай мәдени шараның 

берері  мол  көрінеді.  Қолөнердің  200-ден 

астам  туындылары қойылған көрмеде арнайы 

алдырылған балбал тастары да тарихтан сыр 

шертіп тұрды. Қазақтың қара домбырасының 

шегімен ортекені билеткен мүсінші, суретші, 

қолөнер  шебері  Қазым  Аманқосовтың  бұл 

кеште орны ерекше болды. Шебердің туынды-

сын қызықтаған жастар күйді ұйып тыңдады. 

Ал облыстық қазақ драма театрының ұжымы 

ашық  аспан  астында  «Қыз  Жібек»  саундтрек 

қойылымын көрсетсе, «Амфитеатрда» тарихи 

тұлғалар мен аңыз адамдардың қимылсыз мүсін 

бейнесі  ашық  алаңға  келушілердің  таңдайын 

қақтырды.  «Ежелгі  Тараз  ескерткіштері» 

мұражай-қорығы «Ежелгі Тараз қазыналары» 

атты көрме ұйымдастырды. Есігін көпшілікке 

айқара  ашқан  ашық  аспан  астындағы  музей-

де  археологиялық  қазба  жұмыстары  кезінде 

табылған құнды жәдігерлер мен керамикалық 

ыдыстар, сол дәуірдің тұрмыс-салт дәстүрінен 

хабар  беретін  заттарды  көріп,  тамашалауға 

мүмкіндік туды. 

– Қала тұрғындарына арнайы ашылған музейді 

көруге  мүмкіндік  алғаныма  қуаныштымын. 

Мұнда атадан балаға мұра болып қалған түрлі 

тарихи  дүниелерді  көріп,  сол  дәуірге,  сол 

заманға  бір  саяхат  жасадым.  Тұнып  тұрған 

тарихқа  қызығушылардың  саны  күн  санап 

артып  жатқандығын  көріп  қуандым.  Алдағы 

уақытта ресми түрде ашылатын музейдің қала 

тұрғындарына  тарихтан  сыр  шертіп,  келер 

ұрпаққа қажетті құндылықтарды насихаттайты-

нына сенім мол. Осындай мәдени шараға ұйытқы 

болған аға буын өкілдеріне алғысым шексіз, – 

дейді қала тұрғыны Аманқұл Мұратжан. 

Салтанаты  мен  сәні,  тарихы  мен  салт-

дәстүрі  үйлесім  тапқан  мәдени  іс-шара 

«Өнер»  алаңшасында  облыстық  филармония 

өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен 

жалғасты. 


14

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №41 (1329), 12 қазан  2016 Жыл  //

алуан

мүмкіндігі шектеулі азаматтар 

жұмыспен қамтылуда

мадина НарымбеТ

Тергеу судьясы – қылмыстық процестегі 

процессуалдық тұлға

2016 жылдың 15 қазанында 

бауыржан момышұлы атындағы  атшабарда қала күніне орай 

ұлттық ат спорты ойындарынан өткізілетін іс-шараларға  қала 

тұрғындарын  тасымалдайтын автобустардың  кестесі

ЖОба


Тараз қалаСыНың әкімдігі

қаулы

 Тараз қаласы                      №                    «__» _______ 2016 жыл

Мына өмірде мүгедектік тағдыр біреуге 

туабітті  жазылса,  енді  бір  адамдар  ауру- 

сырқаудың, жазатайым оқиғалардың салда-

рынан мүгедектікке ұшырап жатады. Қазіргі 

таңда мемлекет тарапынан өңірдегі мүмкіндігі 

шектеулі жандарға қолжетімді жағдай жа-

сау, олардың өмірін жақсарту мақсатында 

көптеген  бағдарламалар  қабылданып, 

атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: 

бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 

Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға 

қатысты орынды мәселелер көтеріп, олар-

ды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлу 

керектігін қадап тапсырған болатын. Соның 

ішінде кембағал жандарды жұмыспен қамту 

маңызды  мәселе  болып  табылады.Осы 

орайда, біздің қаламызда да тиісті шаралар 

қолға алынып жатыр. Жергілікті атқарушы 

органдар денсаулық жағдайы бойынша еңбек 

қызметімен айналысуға қарсы айғақтары 

жоқ  мүгедек  азаматтарды  «Жұмыспен 

қамту–2020 жол картасы» бағдарламасының 

шараларымен қамту бойынша жұмыстарды 

жалғастыруда.

Айта кетсек, «Жамбыл облысы Тараз 

қаласы  әкімдігінің  халықты  жұмыспен 

қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік 

мекемесіне  2016  жылдың  басынан 

қайырылған мүгедек азаматтар саны шамамен 

102 адам, оның ішінде 29 жасқа дейінгі 23 жас 

және 37 әйел, аталған  бағдарлама аясында 

тұрақты жұмыс орындарына орналасқандары 

49 адам, уақытша жұмыс орындарында 53 

адам, ақылы қоғамдық жұмыстар атқарып 

жатқандар саны - 32 адам. Жастар практикасы 

бойынша 5 адам, әлеуметтік жұмыс орында-

рына 4 адам және басқа да бағыттар бойынша 

шамамен 12 адам қамтылуда. Өкінішке орай, 

көп жағдайда жұмыс берушілер  мұндай жан-

дарды еңбекке тартуға құлықсыз. Дегенмен 

олар тағдырдың тәлкегіне түскен жандардың 

іскер, өз ісіне берілген, жауапты жандар бо-

лып келетіндігін біле бермейді. Сондықтан 

жұмыс берушілер де ондай жандардың бас-

ты мақсаты – тек табыс тауып, күнін көру 

емес, олар үшін ең маңыздысы, қоғаммен 

байланысын үзбей, көпшілік секілді еңбек 

ету екендігін түсінсе екен дейміз. Жоғарыда 

аталған бағдарлама аясында қазір мүгедек 

жандарды да жұмысқа орналастыру қолға 

алынып, нәтижесінде қаншама адам еңбекпен 

қамтылуда.  Бүгінде  бағдарлама  аясында 

мүмкіндігі шектеулі жандарды жүргізуші, 

сатушы,  қосалқы  шаруашылық  сияқты 

әлеуметтік жұмыстармен қамтып жатырмыз.

К.оМарБеКова,  

Тараз қаласы әкімдігінің халықты 

жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің 

әлеуметтік жұмыс орындары бөлімінің 

басшысы.

«Тараз қаласында  2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік 

білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу 

мөлшерін  бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы  №3  қаулысына 

толықтырулар  енгізу  туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан 

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және «Білім туралы» Қазақстан 

Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының  4-тармағының     8-1) тармақшасына 

сәйкес Тараз қаласының әкімдігі  ҚаулЫ еТедІ:

1. «Тараз қаласында  2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру 

тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін  бекіту туралы» 

Тараз қаласы әкімдігінің  2016 жылғы 11 қаңтардағы №3 қаулысының қосымшасына (нормативтік-құқықтық 

кесімдердің тіркеу тізілімінде №2908 болып тіркелген, 2016 жылдың  20 қаңтардағы №3 (1291) «Жамбыл-

Тараз» газетінде жарияланған) келесідей толықтырулар енгізілсін:

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Мамашбайұлы 

Олжабайға жүктелсін.

3.   Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның 

алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 



 

Қала әкімі                                                                    Н. КалеНдеров

Ақын Абдолла Бақбергенұлының келіні, алты баланың 

анасы Мадина Нарымбет 35 жасында өмірден озды.  Ма-

дина Камардинқызы 1981 жылдың 21 тамызында Оңтүстік 

Қазақстан  облысы,  Отырар  ауданы,  Шәуілдір  ауылында 

дүниеге келген. Мектеп табалдырығын 1987 жылы аттап,1998 

жылы тәмамдаған. Ал 2004 жылы Жамбыл гуманитарлық 

университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» 

мамандығы  бойынша  білім  алып  шығады.  2009  жылдан 

бастап жауқазын ғұмырының соңғы сәтіне дейін Мұқағали 

Мақатаев атындағы №14 орта мектебінің жанындағы шағын 

орталықта тәрбиеші болып жұмыс атқарды. Көзі тірісінде 

кәсібіне адал, ұрпақ тәрбиелеу жолындағы ғазиз ісіне үлкен 

жауапкершілікпен қарайтын жан еді. Отбасында ағайынға 

сыйлы, 3 ұл, 3 қызды мейірім шуағына бөлеген ардақты ана, инабатты келін, аяулы жар. Мек-

тепке дейінгі бала тәрбиелеу ісінде көпке үлгі боларлық еңбексүйгіштігінің арқасында бірнеше 

рет мектепішілік, қалалық деңгейдегі Алғыс хаттармен марапатталған. 

Мадина Камардинқызының жарқын бейнесі сөнбес сәуледей нұрланып, өзі тәрбиелеген 

ұрпақтың жадында, артында қалған алты бүлдіршіннің жүрегінде, жанұясының жаралы 

көңілінде және өзімен бірге жұмыс атқарған әріптестер ұжымының есінде мәңгі сақталады. 

М. Мақатаев атындағы №14 орта мектебінің кәсіподақ комитеті және ұжымы шағын 

орталықтың тәрбиешісі Нарымбет Мадина Камардинқызының мезгілсіз қайтыс бо-

луына орай, отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

2015  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  заңды 

күшіне  енген  Қылмыстық-процестік  кодекстің 

жаңалықтарының бірі тергеу судьясы институтының 

енгізілуі болып табылады. 

ҚР ҚПК-нің 7-бабының 47-тармағына сай, тергеу 

судьясы – сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы 

Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыратын 

бірінші сатыдағы сот судьясы.

ҚР ҚПК-нің 54-бабының 3-бөлігіне сай, тер-

геу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, 

оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде 

адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды 

мүдделерінің сақталуына сот бақылауын осы Кодекс-

те көзделген тәртіппен жүзеге асыру жатады. Тергеу 

судьясын (судьяларын) осы сот төрағасы судьялардың 

қатарынан тағайындайды. Тергеу судьясын алмастыру 

қажет болған кезде ол қайта тағайындалуы мүмкін. 

Тергеу судьясы соттың төрағасының өкімімен осы 

соттың судьяларының ішінен тағайындалады. 

 Істі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның 

адамға қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттігіне бай-

ланысты адамды медициналық ұйымға орналастыру 

туралы прокурормен келісілген өтініш хатын шешім 

қабылдайтын тергеу судьясы қарайды. Тергеу судьясы 

ауру сипатын, адамның өзі немесе айналасындағы 

адамдар үшін қауіптілігін, сарапшы-психиатрдың 

ұсынымдарын ескере отырып шешім қабылдайды 

және өтініш хатты қанағаттандырған кезде қаулыда 

өзіне қатысты осы қауіпсіздік шарасы қолданылған 

адам  орналастырылатын,  психиатриялық  көмек 

көрсететін медициналық ұйымның түрін, сондай-ақ 

бұрын қолданылған бұлтартпау шарасының күшін 

жою туралы көрсетеді.

Медициналық ұйымға орналастыру түріндегі 

қауіпсіздік шарасы бүкіл сотқа дейінгі іс жүргізу бой-

ында, бірақ бір айдан аспай сақталады, содан соң оны 

қолдану мерзімін тергеу судьясы прокурордың өтініш 

хаты бойынша бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуы 

не оның күшін жоюы мүмкін. Сот талқылауы бары-

сында осы қауіпсіздік шарасы соттың қылмыстық істі 

қарау бойынша шығарылған, медициналық сипаттағы 

мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулысы заңды 

күшіне енгенге дейін сақталады.

Күдіктіге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау ша-

расы қолданылған жағдайда және сотқа дейінгі тергеп-

тексеру барысында өткізілген сот-психиатриялық са-

раптамасы қорытындысымен  іс-әрекеттi жасаған және 

психикалық аурулардан зардап шегетіні анықталған 

жағдайда, оған қатысты қолданылған күзетпен ұстау 

түріндегі  бұлтартпау  шарасының  күшін  жойып, 

қауіпсіздік шаралары ретінде оны психиатриялық 

көмек көрсететiн арнаулы медициналық ұйымға ор-

наластыру қажет. 

Қаулының күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі 

бұлтартпау шарасының күшін жою және қауіпсіздік 

шараларын  қолдану  туралы  бөлігі  тез  арада 

орындалуға жатады. Себебі Қазақстан Республикасы 

ҚПК-нің 511-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық 

заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасаған және 

психикалық аурулардан зардап шегетін адамдарға 

бұлтартпау шаралары қолданылмайды.  Қазақстан 

Республикасы ҚПК-нің 56-бабының талабына сай, 

тергеу судьясы күзетпен ұстау қолданылған адамның 

психикалық  ауру  фактісі  анықталған  кезде,  оны 

ауруларды  қатаң  оқшаулау  жағдайында  ұстауға 

лайықталған,  психиатриялық  көмек  көрсететін 

арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру және бас 

шарасын өзгерту мәселесін сот отырысын өткізбей, 

жеке-дара қарайды.

Күші жойылған ҚІЖК-де де психикалық аурулар-

дан зардап шегетін адамдарға бұлтартпау шаралары 

қолданылмайтыны, оларға қолданылатын қауіпсіздік 

шаралары және бұлтартпау шарасы ретiнде бұдан 

бұрын қамауға алынған адамның психикалық сырқатқа 

шалдығу фактiсi анықталған кезде прокурордың 

қаулысы бойынша ол қатаң оқшаулау жағдайында 

ауруларды ұстауға лайықталған психиатриялық көмек 

көрсететiн арнаулы медициналық ұйымға ауыстыры-

латыны көрсетілген. Алайда бұлтартпау шарасының 

күшінің  жойылуының  тәртібі  көрсетілмеген. 

Сондықтан ессіз күйдегі адамдарға медициналық 

сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы 

кейбір істер бойынша алдын ала тергеу органдары-

мен осы мәселелер шешілмей, істер сотқа түсетін. 

Істі  соттың  өндірісіне  қабылдаған  кезде,  соттар 

ессіз күйдегі адамдарға қолданылған «қамауға алу» 

бұлтартпау шарасының күшін жойып, қауіпсіздік 

шарасын қолданатын.  

Бұл мәселе қолданыстағы ҚПК-тің қабылдануымен 

өз шешімін тапты деп есептеймін. 

Тергеу судьясының сотқа дейінгі қылмыстық 

сот  ісін  жүргізуде  адамдардың  құқықтарының, 

бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына 

сот бақылауын жүзеге асыру бойынша өкілеттілігі 

бірте-бірте  кеңейтілмек.  Н.Назарбаевтың  бес 

институционалдық реформаны жүзеге асырудың 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында адамның және 

азаматтардың  конституциялық  құқын  шектейтін 

барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу 

судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сот-

та айыптаушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді 

қамтамасыз ету көзделген. Бұл дегеніміз сотқа дейінгі 

қылмыстық сот ісін жүргізу барысында айыптаушы 

және  қорғаушы  тараптарының  жарыспалылығы 

мен тең құқылығы қағидатын толыққанды жүзеге 

асыруға мүмкіндік береді. Азаматтардың бостандығын 

шектейтін  барлық  процессуалдық  шешімдерді, 

сонымен қатар санкциялау мәселелері тек тергеу 

судьяларының құзыретіне беріледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет