Тапсырма ЖЖ.
1. Мәтінді мұқият тыңдап, жалпы мазмұнына қатысты жұбыңызға 1 жіңішке, 1жуан сұрақ дайындаңыз.Сұрақтарыңызбен алмасып, жауап беріңіз.
Жіңішке сұрақ: __________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жуан сұрақ: __________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қиял
Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған арман-мақсатына байланысты. Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, үнемі дамып отырады. Талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский космосқа ұшуды армандаған еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Юрий Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.
Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін «көреді», олардың мінез-құлықтарын «елес етеді», сөзін «естиді». Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз кейіпкерлерімен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін «сезіп», қоян-қолтық араласып жүргендей болады.
Қиял адамның өскен ортасына, табиғат, қоршауына да байланысты көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында,– деп жазады М.Жұмабаев,– меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». (143 сөз)
(https://kk.wikipedia.org/)
2. Мәтіннен қандай ой түйдіңіз? Автордың «Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады» деген ойына өз пікіріңізді «ПОПС формуласы» арқылы білдіріңіз.
«Менің ойымша, ...»
«Мен оны былай түсінемін ...»
«Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...»
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналық түрлерін ажыратыңыз.