ІІ нұсқа Тыңдалым мен айтылым Тапсырма 1. Мәтінді тыңдап (оқып), оның көтерген басты мәселесін өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. Жұбыңыздың айтқан негізгі және қосымша ақпараттарға келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз.
2. Жұбыңыздың айтқандарын тыңдап, онымен келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз және мәтін бойынша анықтаған негізгі және қосымша ақпараттарды айтыңыз.
[10]
1-мәтін
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті қала тұрғындары!
Қаламызға жылжымалы хайуанаттар көрмесі келді. Мамыр айының 5-25 күндері аралығында балаларыңызды ерекше түз тағыларымен жақын таныстыруға мүмкіндігіңіз бар. Көрмеде сирек кездесетін жабайы жануарлар мен түрлі жәндіктер көпшілік назарына ұсынылатын болады. Экзотикалық жануарлар әлемімен танысып, құстардың әсем үнін тыңдап, оларды өз қолдарыңызбен тамақтандыру мүмкіндігіне ие бола аласыз.
Билет құны 500 теңге. Көрменің жұмыс уақыты сағат 10:00-19:00
Байланыс нөмірі: 87471124556
Зоосаябақ әкімшілігі
2-мәтін
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Ата-аналар назарына!
2020 жылдың 10-шы шілдесінен бастап «Шахтер» стадионының базасында балаларға арналған спорт лагері жұмыс істей бастайды. Ол бір маусымда 40 балаға шақталған. Балалар сүйікті спорт түрімен еркін айналыса алады. Маусымдық бағдарламада:
Егер сіз салауатты өмір салтын қолдасаңыз, балаңызды біздің лагерьге жаздыруға асығыңыз!
Байланыс нөмірі: 8776 356 7554
ФК «Шахтер»
Оқылым Тапсырма 1. Екі мәтінді салыстырып, олардың стильдеріндегі ерекшеліктерді көрсетіңіз.
А мәтіні
Айшат Орынбекова №125 мектеп-гимназиясының тәлімгерімен сұхбат.
Бос уақыт ұғымын қалай түсіндірер едіңіз?
Бос уақыт – жұмыстан, қызметтен, еңбектен, оқудан тыс демалатын кез. Бос уақыттың басты қасиеті сырттан нұсқау тілемейтін, әр адамның жеке байлығы. Бос уақытты барынша тиімді пайдалану керек.
Сіздер оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру үшін қандай іс-шаралар өткізесіздер?
Балалардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру үшін «Кітаппен дос бол!» атты фестиваль, салауатты өмір салтын насихаттау үшін спорт, шахмат турнирлері, қоғам қайраткерлерімен кездесулер мен мерекелік кештер өткіземіз.
Осы шараларға оқушылардың қызығушылығы қандай деңгейде?
Мектебімізде музыкаға, әдебиетке, спортқа тағы басқаларға ықыласты оқушыларымыз көп, сондықтан балалардың қызығушылығы жоғары деп айта аламын.