Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі



бет65/65
Дата13.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#101077
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
5- сынып қазақ тілі Абишева К

Балл қою кестесі
Тыңдалым мен айтылым

Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзіреттілік

5

Тірек сөздердің бәрі мәтіннің негізгі ойымен сәйкес келеді. Жұбының тірек сөздері арқылы мәтін мазмұнына дұрыс болжамын білдіреді. Жұбының болжамына баға беріп, дәлелдер арқылы түсіндіреді.

Ойын толық жеткізеді. Толымды сөйлемдер арқылы жүйелі сөйлейді. Сөздік қоры мол. Сөздік қайталаулар жоқ.

4

Тірек сөздердің жартысынан көбі мәтіннің негізгі ойымен сәйкес келеді. Жұбының тірек сөздері арқылы мәтін мазмұнына болжамын білдіреді. Жұбының болжамына баға беріп, себебін түсіндіреді.

Ойын жақсы жеткізеді. Аяқталған сөйлемдер арқылы жүйелі сөйлейді. Сөздік қоры жеткілікті. Сөздік қайталаулар жоқ.

3

Тірек сөздерінің жартысы мәтіннің негізгі ойымен сәйкес келеді. Жұбының кейбір тірек сөздері арқылы ғана мәтін мазмұнына болжамын білдіреді. Жұбының болжамына баға береді, себебін түсіндіруі жеткіліксіз.

Ойын кейде аяқталған, кейде синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Сөздік қоры орта деңгейде. Сөздік қайталаулар кездеседі.

2

Тірек сөздерінің аз бөлігі мәтіннің негізгі ойымен сәйкес келеді. Мәтін мазмұнына болжамын жасағанда жұбының тірек сөздерін қолданбайды.
Жұбының болжамына сипаттама береді, себебін түсіндірмейді.

Ойын толық жеткізе алмайды. Толымсыз сөйлемдерді жиі қолданады. Сөздік қоры ауызекі лексикадан тұрады. Сөздік қайталаулар жиі кездеседі.

1

Тірек сөздері мәтіннің негізгі ойымен сәйкес емес. Мәтін мазмұнына болжамы нақты емес жұбының болжамына сипаттама бере алмайды.

Ойын жүйелі жеткізе алмайды, аяқтамайды. Сөйлемдері байланыспайды. Сөздік қоры төмен деңгейде.

Оқылым
1-2 тапсырмалардың жалпы балл қою кестесі

Балл

Мәтінді талдау

Сұрақ құрастыру

5

Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды.

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған ашық сұрақтарды өте жақсы құрастырады.

4

Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды.

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған ашық сұрақтарды жақсы құрастырады.

3

Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған ашық және жабық сұрақтар құрастырады.

2

Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталмаған жабық сұрақтар құрастырады.

1

Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді.

Мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысы жоқ жабық сұрақтар құрастырады.

0

Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін түсінбейді.

Сұрақтары жоқ

Жазылым

Балл

Сипаттамасы

9-10



Суретке сай тақырып мазмұнын толық ашады. Көркем тілдік құралдарды өте шебер қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан өзара байланысты, жүйелі. Сөздік қоры мол. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін толық сақтайды Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Суретке сай тақырып мазмұнын жақсы ашады. Көркем тілдік құралдарды қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан өзара байланысты, жүйелі. Сөздік қоры жеткілікті. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін сақтайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате жібереді.

5-6

Суретке сай тақырып мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Көркем тілдік құралдарды сирек қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан арагідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктерінен ауытқу бар. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер жібереді.

3-4

Суретке сай тақырып мазмұнын төмен деңгейде. Көркем тілдік құралдарды орынсыз қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері толық сақталмайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 3-4 ұсақ және ірі қателер жібереді.

1-2

Суретке сай тақырып мазмұнын ашпайды. Көркем тілдік құралдарды қолданбайды. Сюжеті логикалық тұрғыдан жүйесіз. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері сақталмайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алты, одан да көп ұсақ және ірі қателер жібереді.

ҚОРЫТЫНДЫ


"Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы" атты нұсқаулық білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім алушылардың білімді пайдалануды, өз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалауды, сұрақтар арқылы мәтін мазмұнын болжауды, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазуды және алынған білім мен дағдыларды шынайы өмірде пайдалануды үйретуге бағытталған.


Жаратылыстану, әдебиет, музыка пәндерімен тығыз пәнаралық байланысты көздейді және оқушылардың қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстыруды, дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалауды үйретуді негізге алады. Тапсырмаларды орындау барысында білім алушылардың орындаушылық және шығармашылық дағдылары қалыптасады.
Бағалау критерийлері қолжетімді, оқу мақсатына сәйкес, нақты берілген. Дескрипторлар білім алушының тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтап, кері байланыс беруіне қолжетімді түрде құрылған.
Жина0та5ы тапсырмалар сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары бойынша тапсырмалар оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттармен сәйкес жүйелі берілген. Білім алушының тілдік құзыреттілігін дамыту мақсатында әр түрлі мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оның стильдік ерекшелігін ажырату, ақпаратты іріктеу, сұрақтар құрастыру, мәселеге байланысты пікірлесе отырып өз пікірін білдіру, баға беруге машықтандыруға арналған тапсырмалар түрлендіріліп берілген. Ойлаудың жоғары деңгейіндегі тапсырмалар әртүрлі контекстегі мәтіндерді өздігінен түсініп оқып, өзіндік қорытынды жасап, тың идеялар айтуға дағдыландырады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. Жинақ «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына», «Оқу бағдарламасына», «Оқу жоспарына», «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулыққа», «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағына», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарға» негізделіп дайындалған.

  2. Республикасының «Білім туралы Заңы (24.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты». «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары.

  4. Т.Н.Ермекова, Ж.К.Отарбекова, Р.Н.Мұнасаева Қазақ тілі. – Астана: Арман ПВ баспасы, 2017.

  5. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Бас редакторы Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясы, 1998.

  6. Исаев С. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы: Өнер, 2007.

  7. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Ғылым, 1994.

  8. Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы: Мектеп, 1976.

  9. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. – Алматы, 2003.

  10. Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 1974.

  11. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. – Алматы, 1984.

  12. Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық сөздігі. - Алматы, 1998.

  13. Ж.Отарбекова, Б.Нұржанова, П.Байтымбетова Нормативті қазақ тілі. – Алматы, 2015.

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚОРЛАР



  1. https://massaget.kz/

  2. http://old.aikyn.kz/

  3. http://bilim-all.kz

  4. https://informburo.kz/

  5. https://kk.wikipedia.org/

  6. https://osken-onir.kz

  7. ttps://angimeler.wordpress.com/

  8. https://aruna.kz/

  9. http://old.baq.kz

  10. https://ziatker.kz/

  11. https://qazaqadebieti.kz/

  12. http://reactor.inform.kz/

  13. http://bilimdiler.kz/

  14. https://kitap.kz/book




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет