Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі


Жұлдыздар адам өміріне әсер ете ме?



бет59/65
Дата13.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#101077
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65
Байланысты:
5- сынып қазақ тілі Абишева К

Жұлдыздар адам өміріне әсер ете ме?

Соңғы жылдары жұлдыздар мен аспан денелерінің Жерге және адам өміріне тікелей әсер етуі туралы жиі айтылып жүр. Бұл жайында фильмдер түсіріліп, жазылып та жүр. «Планеталар шеруі» немесе «Метеориттік соқтығысу» сияқты ақпараттармен қоғамда қорқынышты тудырып та жүргендер бар. Бүгінде адам санасын қорқынышпен ұстағысы келетіндердің қатары көбеюде.


Бұл тақырыпта зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген ғалымдарымыздың еңбектері де жетерлік. Алайда, өздерінің ғылыми жұмыстарына қоғамды баса назар аударту мақсатында еңбегінің маңыздылығына тым әсер беруі жиі кездесетін құбылысқа айналғаны әлдеқашан. Нәтижесінде адамзатқа төніп келе жатқан астероид, озондық тесіктерден өткен күн сәулесі, геомагнитті борандар, күн сәулесінің белсенділігі сияқты ғаламдық ауытқулар жер тұрғындарын қорқыныштың уысында ұстауы әсте мүмкін. Шын мәнінде осы табиғи ауытқулардың кесірі жаһанда болып жатқан жамандық пен ауру атаулының бәріне себепші деуіміз артық емес пе екен? Әрине, жер өзімен-өзі ғаламнан бөлек өмір сүріп жатпағаны мәлім. Жұлдыздар, ғаламшарлар, күн, басқа да аспан денелерінің жерге әсерін ғалымдар зерттеу барысында. (141 сөз)
(http://www.psu.kz/)

Ә мәтіні


Адамның тұлғалық қалыптасуына саяхаттың пайдасы зор

Ең бастысы, жиі саяхаттайтын адам жолсапар барысында әртүрлі жағдайларға тап болады, өзі үшін жаңалық ашады. Соның нәтижесінде оның тез шешім қыбылдап, әрекет ету қабілеті арта бастайды.


Шетелде жүріп, сол елдің тілін білсеңіз жақсы, білмеген жағдайда іздеген жеріңізді табу үшін жол сұрағанда ымдап болса да түсіндіру керек болады. Бұл
да сіздің коммуникациялық, адаммен қарым-қатынас орнату, тез тілтабысу қасиетіңізді дамытады.
Жаңа ортаға оңай бейімделу әр саяхатшыға тән. Сонымен қатар, дүниетанымы, жалпы таным көкжиегі үнемі дамып отырады. Бұрын біржақты ойлап келген адам әртүрлі ортаны, мәдениетті, тәрбиені, өмірге көзқарасты көріп, өзгеріп, қай мәселеге болмасын жан-жақты қарап үйренеді.
Саяхат кезінде табиғаттың түрлі ғажайыптары кездеседі: биік таулар, терең мұхиттар, ұшы-қиыры жоқ дала. Осының бәрі адамзаттың табиғаттың бір бөлігі ғана екендігін еріксіз еске салып, Тәңірдің құдіреттілігін сездіреді, тәубаңа түсіреді.
Қозғалу, тыныс алу, қалықтау, жүзу, сыйлық беру-алу, зерттеу, саяхаттау – міне, өмірдің мәні осы. (135 сөз)
(https://bilim-all.kz)






А мәтіні

Ә мәтіні

Қысқаша мазмұны







Нақты ақпараттар











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет